Сенбі, 25 Тамыз 2018 19:22

Мәжіліс депутаттары Түркістанда болды

Мәжіліс депутаттары, «Нұр Отан» партиясының фракция мүшелері Оспанов Берік Серікұлы, Мыңбай Дархан Қамзабекұлы, Қайназаров Уалихан Анарбайұлы Түркістан қаласына арнайы іссапармен келіп, бірқатар кәсіпкерлік нысандарды аралады. 

Алдымен іссапарын индустриялық аймақтан бастаған депутаттар «Гранд микс» жиһаз фирмасының жұмысымен танысты. «Гранд микс» мекемесі – таңдаулы жиһаз өнімдерінің бірнеше түрін шығаратын, жылына 1,5-2 млрд. қаржының өнімін еліміздің 14 облысына таратып жатқан өркенді өндіріс орны. 

СоданкейінқалабасшысыӘ.ӨсербаевмәжілісдепутаттарынОранғайауылдықокругіндеорналасқан «Яссы» құсфермасыныңжұмысбарысыментаныстырды. Жұмыртқаөндірубағытындажұмысынжүргізіпжатқан «Яссы» құсфермасындагерманиялық «ЛоманЛСЛ» тұқымды 18 мыңданатауықөсіріліп, күндігіне 16 мыңданажұмыртқаөндірілсе, жылына 3-3,5 млн. жұмыртқанынарыққашығаруда. Құсфермасыныңжалпыжеркөлемі 15 гектардықұрайды. Алүстіміздегіжылықұсфермасының 2-кезеңініңқұрылысына 30 млн. теңгеқаржыжұмсалып, 76 млн. теңгегебельгиялық «Вали» фирмасыныңқұрал-жабдықтарыалынып, орнатылды. Бүгінде құс фермасының 2-кезеңі толығымен іске қосылды. Екінші кезеңіне 30 мың дана голландиялық «Декалб» тұқымды шөжек әкелініп, өсірілуде. Екі кезеңнің жылдық өнімі 6-7 млн. дана жұмыртқаны құрайтын болады.

Облыс орталығы мәртебесін алған Түркістан қаласының келешек келбеті кімді болса да қызықтыратыны сөзсіз. Сапар басырында халық қалаулылары да тарихи шаһардың осы заманғы жаңа тынысы мен келешек келбетінің жоспарларымен танысып, тамашалады.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Оқылды 888 рет