Күн тәртібіндегі 3 мәселе қаралды.
1.«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес АҚ басшылары (халыққа қызмет көрсету орталығы, зейнетақы төлеу мемлекеттік орталығы, жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру департаменті) Келес ауданы аумағындағы проблемалық мәселелер туралы.
2.Аудан аумағындағы санитарлық тазалық және абаттандыру жұмыстары, бюджеттік мекемелердің 2018-2019 жылдардағы қысқы маусымға дайындығы туралы.
3.Абай ауылы әкімінің аудан әкімінің хаттамалық тапсырмаларын орындау бойынша атқарып жатқан жұмыстарының есебі.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша Келес аудандық халыққа қызмет көрсету орталығы басшысы Н.Шаулиев, Зейнетақы төлеу мемлекеттік орталығы басшысы С.Бекішов, Жер кадастры және жылжымайтын мүлікті тексеру департаментінен Т.Жаңбырбаев аудандағы кемшіліктер және атқарылатын жұмыс жоспарлары туралы баяндама жасады. Күн тәртібінде қаралған келесі мәселе бойынша Тұрғын үй-комуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы А.Кенегесов баяндамасында аудан аумағындағы санитарлық тазалық және абаттандыру жұмыстарындағы кемшіліктеріне тоқталып, ауылдық округтер әкімдеріне бірлесе жұмыс жасауға ұсыныс жасады. Бюджеттік мекемелердің 2018-2019 жылдардағы қысқы маусымға дайындығы да пысықталды. Абай ауылы әкімі Е.Абдирахманов аудан әкімінің хаттамалық тапсырмасына сәйкес атқарып жатқан жұмыстарының нәтижесін баяндап, күн тәртібіндегі үшінші мәселеге түйін қойды.
Кеңес соңында А.Есбаев алда атқарылар жұмыстардың бағытына тоқталып, негізгі міндеттерді нақтылады. Аудан басшысының тапсырмасы бойынша жауапты тұлғаларға тапсырмалар жүктелді.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.