Дүйсенбі, 10 Қыркүйек 2018 16:40

Түркістан облысы: басқарма басшысы тағайындалды

Түркістан облысы әкімінің өкімімен облыстық Жер қатынастары басқармасының басшысы лауазымына Серік Ордабекұлы Тұрбеков тағайындалды. Басқарма ұжымына облыс әкімінің бірінші орынбасары Нукенов Қайрат Теміршотұлы таныстырды. Бұл туралы «AQ-QARA.KZ» хабарлайды «ontustik.gov.kz-ке» сілтеме жасап. 

С.Тұрбеков 1956 жылы туылған, білімі жоғары, мамандығы – ғалым агроном, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, К.А.Тимирязев атындағы Мәскеу ауыл шаруашылығы академиясының  түлегі.

Еңбек жолын 1980 жылы «Қаракөл» ғылыми-өндірістік бірлестігінің лаборанты болып бастаған.  Кейін Оңтүстік Қазақстан облысындағы ауыл шаруашылығы саласындағы ғылыми – зерттеу мекемелерінде ғылыми қызметкер ретінде және бірқатар басшылық лауазымдарда еңбек еткен. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіп кешені мемлекеттік инспекциясы комитетінің облыстық аумақтық инспекциясының бастығы, «Оңтүстік» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы Ұлттық компаниясы» АҚ басқарушы директоры, басқарма төрағасының орынбасары және бірінші орынбасары, Мақтаарал ауданы әкімі лауазымдарын атқарған. 2015 жылғы мамыр айынан бастап Оңтүстік Қазақстан облысы жер қатынастары және жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының басшысы, 2016 жылғы наурыз айынан бастап облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы қызметтерін атқарып келді.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Оқылды 947 рет