Жұма, 14 Қыркүйек 2018 10:21

Түркістан облысының жаңа гербіне байқау жарияланды

Түркістан облысының сәулет және қала құрылысы басқармасының ұйымдастыруымен өңірдің жаңа гербіне үздік эскиздік жобасына байқау жарияланды. Түркістан облысының гербіне үздік эскиздік ұсыныстар 2018 жылдың 3 қазан күні сағат 16:00-де қаралады.

Қатысу үшін байқау 2018 жылдың 1 қазанына дейін Түркістан облысының сәулет және қала құрылысы басқармасына тапсырылуы қажет (This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. , 53-95-56). Жеңімпаздар димломмен және қаржылай сыйлықтармен марапатталады. Жалпы жүлде қоры – 1 миллион теңге. Байқауға жеке және заңды тұлғалар қатысады. Байқауға талаптары: түсініктеме жазба, эскиздің мақсатын айқындайтын негізгі сызбалар, компьютерлік кескіндеме немесе түрлі-түсті бояумен салынған суреті, жобалар көлемі 90х60 см планшеттерге орналастырылуы қажет. Бауқауға қатысушалардың ұсыныстарын республикаға белгілі сәулетшілер мен сала мамандары қазылық ететін болады. 

Естеріңізге сала кетейік, үстіміздегі жылдың маусым айында Елбасы Түркістан облысын құру туралы жарлыққа қол қойғаны белгілі. Президент жарлыққа қол қою рәсімінде: «Бүгін «Қазақстан Республикасының Әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының тоғызыншы бабына сәйкес, Шымкент қаласына республикалық маңызы бар қала мәртебесін беру және облыс орталығын Түркістан қаласына көшіру туралы Жарлыққа қол қойғалы отырмын. Бұдан былай бұл өңір Түркістан облысы деп аталатын болады. Осы әкімшілік аумақтың құрылымына өзгеріс енгізу арқылы бұл өңірдің өркендеуіне тың серпін беруді көздеген тарихи құжат болып саналады», - деп атап өткен болатын.

«AQ-QARA.KZ» – ақпарат»

Оқылды 993 рет