Түркістан облысы: Арыс қаласындағы 1-сектордың құрылысына атсалысқан белсенділер марапатталды

Арыс қаласын қалпына келтіру жұмыстары 17 секторға бөлініп, облыс пен аудандарға тапсырылған болатын. Соның бірі – Атырау облысы мен Жетісай ауданына қарасты №1 сектор. 

Түркістан облысы: Арыс қаласындағы жөндеу жұмыстарын Павлодар облысы бірінші болып аяқтады

Өз жұмыстарын Премьер-министрдің алдында таныстарған оларға Асқар Мамин да оң бағасын беріп қайтты. Ал Нұр-Сұлтан қаласы мен Түркістан облысы қолға алған құрылыстар әлі де жүргізіліп жатыр. Мамандардың айтуынша, панасыз қалғандардың бір бөлігі енді қыркүйек пен қазанда ғана жаңа үйге кіруі мүмкін. 

Түркістан облысы: Арыс қаласына Мәдениет және спорт вице-министрі келді

Бүгін ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дауешов арнайы іссапармен Арыс қаласына келді. Арыс қаласында болған жарылыс салдарынан зардап шеккен «Арыс-1» теміржол вокзалының жөндеу жұмыстарымен танысқан Нұрғиса Мұратұлы жергілікті тарихи маңызға ие нысанның сыртқы келбеті мен ішкі әрлеу жұмыстарының тиісті талаптарға сай жүзеге асуын пысықтады. 

Түркістан облысы: Арыс қаласында 2680 үйдің құрылыс жұмыстары бітті

Арыс қаласында құрылыс жұмыстары тәулік бойына жалғасу үстінде. Бүгінгі таңда зақымданған және жарамсыз деп танылған 7611 үйдің 4641-інде жөндеу жұмыстары өз уақытымен жүріп жатыр. Оның орындалуы 60,05 пайызға жеткен. Ал біткен үйлер саны 2680, яғни 35,41 пайызды құрайды. Жалпы 17 сектордағы әр облыс өздеріне берілген мерзімде қолға алынған шаруаны аяқтауға жақындап қалған. 

Түркістан облысы: Арыс шаһарын жандандыруға белсенді азаматтар да атсалысады

Бүгін облыс әкімінің кеңесшісі Ұласбек Сәдібеков Арыс қаласының белсенді азаматтарымен кездесті. Жиынға мәслихат депутаттары, ақсақалдар, әйелдер кеңесінің төрайымы, үкіметтік емес ұйым жетекшілері, қала имамдары қатысты. 

Осы RSS каналға жазылу