Түркістан облысы: Нысанбек ауылында республикалық жастар саяси лагерінің жиыны өтті

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің спикері, «AMANAT» партиясының төрағасы Ерлан Жақанұлы Қошанов «Жастар Рухы» республикалық жастар саяси лагерінің жұмысына қатысты. Түркістан облысы Нысанбек ауылында Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген 420 делегаттың бас қосуымен өткен жиында сөз алған Ерлан Жақанұлы, жастар үнемі жаңа үрдістердің басы-қасында жүретінін және мемлекетіміздің қозғаушы күші бола отырып, Әділетті Қазақстанның болашағы саналатынын атап өтті.

Түркістан облыстық «Фараб» кітапханасында президент мақаласын насихаттау мақсатында босқосу өтті

Түркістан облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Орталық Азия ренессансы: орнықты даму және өркендеу жолы» тақырыбындағы мақаласын насихаттау мақсатында ғалымдар басқосуы өтті.

Түркістан облысында өңірлік кадрлық резервке іріктеудің қорытынды кезеңі өтті

Жаңашыл жастарға жол ашық. Өңірлік кадрлық резервіне қабілеті жеткен кез келген жастың ілігу мүмкіндігі бар. Елімізде алғаш өтіп жатқан байқауда басқару қабілеті бар дарынды жастар бос тұрған лауазымдардың тізгінін ұстап, өздерін көрсете алады. Түркістан облысында Өңірлік кадрлық резервке іріктеудің қорытынды кезеңі басталды.

Түркістанда облыс тұрғындарын жоғары жылдамдықты интернетпен қамту бағытында жиналыс өтті

Аталған бағытта «Қазақтелеком» байланыс операторының серіктесі «OK Telecom» ЖШС өкілдері мен Түркістан облысы цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы мамандары арасында келіссөздер жүргізілді.

АЭС – энергетикалық тәуелсіздіктің кепілі

Қазақстанда атом электр станциясын салу мәселесі туралы әркім әртүрлі пікірлер айтып жүр. Дегенмен соңғы уақытта қолдаушылардың қатары артып келеді. Сала мамандары, энергетиктер мен ғалымдар АЭС-ті салу елдегі экономиканың дамуы мен әлеуметтік жағдайдың жақсаруына әкелер еді деген пікірді қашаннан бері айтып жүр. Жасыратын несі бар, қалай айтсақ та қазіргі күні экономиканы алға қарай жылжыту үшін бар мәселе электр қуатына байланысты болып тұрғанына халықтың көзі жетіп келеді.

Түркістан: Облыс әкімі депутаттармен кездесіп, өңірді дамыту барысын талқылады

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары – Темір Қырықбаев пен Нұрсұлтан Байтілесов Түркістан облысының аудан, қалаларын аралап, халықпен кездесіп, сайлауалды бағдарламаның орындалу барысын қадағалаған болатын. Бүгін Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдыхалық қалаулыларын арнайы қабылдап, өңірдің дамуы жөнінде пікір алмасты.

Түркістан облысын дамыту жұмыстары жалғасады

Түркістан қаласында сегізінші шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихатының кезекті оныншы сессиясы өтті. Сессия жұмысының алдында мәслихат төрағасы облыстағы жаңа кадрлық тағайындауды таныстырды.

Түркістан облысы: Сауран ауданында «Ынтымақ, бірлік, келісім – ең асыл бақыт ел үшін» атты жиын өтті

Сауран ауданында қарасты Жүйнек ауылдық округінде «Ынтымақ, бірлік, келісім – ең асыл бақыт ел үшін» тақырыбында келелі жиын болып өтті. Жиналысқа Сауран ауданы әкімінің кеңесшісі Жұмадуллаев Мұхамеджан Ергешбайұлы, Сауран аудандық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Ахметов Сейлхан Ыбыханұлы, Сауран аудандық Өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасы Рысбеков Құрманбай Жолданбайұлы, «Қоғамдық келісім» КММ-нің Сауран аудандық филиалының басшысы Раматуллаев Арсылан Серікұлы және Жүйнек ауылдық округ әкімі Абдікарімов Төребай Асқарұлы қатысты.