Түркістан облысы: республикалық насихаттық топ Отырар ауданында болды

Отырар ауданына ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 5 қазан 2018 жылғы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауын насихаттау мақсатында ҚР Білім және ғылым министрлігі Мемлекет тарихы институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы Бүркітбай Аяған бастаған республикалық ақпараттық-насихаттық топ өкілдері келді.

Отырар ауданына Сенат депутаты Әли Бектаев келді

Елбасы Жолдауын насихаттау мақсатында Отырар ауданына ҚР Парламенті Сенатының депутаты Әли Әбдікәрімұлы Бектаев келіп, тұрғындармен кездесті. Кездесуге аудандық мәслихат депутаттары, ауылдық округ, поселке әкімдері, дербес бөлім басшылары, шаруа қожалықтарының төрағалары, қоғамдық ұйымдардың жетекшілері, аудан тұрғындары және білім, денсаулық сақтау салаларының қызметкерлері, аудандық бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысы.

Түркістан облысы: ақпараттық-насихаттық топ Бәйдібек ауданында болды

Өткен аптаның соңында Бәйдібек ауданына Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауын насихаттау және түсіндіру бойынша облыстық ақпараттық-насихаттық топ келді. Насихаттық топты облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Отаршиев Мұхит Баймұханбетұлы бастап келгенін айта кетейік.

Отырар ауданының әкімдігінде Елбасының Жолдауын насихаттау мақсатында жиын өтті

Отырар ауданында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасының артуы» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауын насихаттау мақсатында идеологиялық активтің мәжілісі өтті. Аудан әкімі Ерлан Айтахановтың төрағалығымен өткен жиында Жолдауға байланысты баяндама оқылып, пікірлер тыңдалды.

Түркістан облысы: ақпараттық-насихаттық топ Сарыағаш ауданында болды

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауын насихаттау мақсатында облыстық ақпараттық-насихаттық топ келіп, аудан активімен кездесті.

Сарыағаш ауданында Елбасының Жолдауы кең көлемде насихатталуда

Қазақстан республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауын насихаттау мақсатында Сарыағаш ауданының әкімі Қайрат Абдуалиевтің бекіткен жоспарына сәйкес ақпараттық – насихаттық топтар өз жұмыстарын бастады.

Түркістан облысының әкімі шетелдік қоғам белсенділерімен кездесті

Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев «Мир через духовность» қоғамдық ұйымы кеңесінің Ресей мен Қазақстандағы өкілдерімен кездесті. Басқосуда тараптар таяуда Сайрам ауданында Англия мен Америкадан келген жоғары дәрежелі дәрігерлердің қатысуымен ұйымдастырылған халықаралық еріктілер лагері мен халықаралық медициналық конференцияның өткізілуіне байланысты сөз қозғап, медицина саласындағы әрмен қарайғы ынтымақтастық мәселесі туралы әңгімелесті.