Шымкент әкімдігі әйелдер кәсіпкерлігіне қолдау көрсетеді

Шымкент қаласының әкімдігі әлеуметтік жағдайы қиын әйелдерге қолдау көрсетпек. Шаһар әкімі Ғабидолла Әбдірахымов тұрақты табысы жоқ, балалары қолына қараған аналарға лайықты қолдау көрсетуді ұсынды. Аналардың белгілі бір кәсіби мамандықтар бойынша білімін жетілдіруіне және өз ісін ашу үшін жеңілдікпен несие алуына қолдау жасалмақ.

Түркістан облысы Бәйдібек ауданындағы кооперативтердің 90 пайызы электронды картаға енгізілген

Бәйдібек ауданында егіншілікпен айналысатын кооперативтердің 90 пайызы электронды картаға енгізіліп, мемлекеттік жеңілдіктерді алып жатыр. Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Күмісбек Ахметовтың айтуынша, бұл бастама "Цифрлы Қазақстан" бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылған.

Түркістанда салынатын көпқабатты үйлер Қ.А.Ясауи кесенесінен биік болмайды

Бұл туралы Түркістан облыстық өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Құрылыс басқармасының басшысы Құттыбек Жамашев айтып берді. Естеріңізге сала кетсек, Түркістан қаласының бас жоспарын қайта әзірлеу бойынша ағымдағы жылдың 12 шілдесінде халықаралық конкурс жарияланғаны болатын.

Түркістан облысында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстары жоспарға сай жүргізілуде

Түркістан облысында биыл 7 орман өрті тіркеліпті. Бүгінгі таңда төтенше жағдайлардан келтірілген жалпы материалдық шығыны анықталуда екен. Осы сияқты келеңсіз жағдайларды болдырмау мақсатында тиісті жұмыстар да атқарылып жатса керек. Бұл туралы облыстық ТЖД өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және профилактикалық қызмет басқармасының бастығы Бақытжан Запаров өңірлік коммуникациялық қызметіндегі баспасөз жиынында мәлімдеді.

Түркістанға қарасты 12 ауылдық округ Кентау қаласының аумағына өтетін болды

Мұндай шешім таяуда Түркістан облысында өткен облыстық мәслихаттың сессиясында қабылданды. Облыстық мәслихаттың кезектен тыс ХХVІІІ сессиясында мәлім болғандай, Түркістан қаласындағы 721745 га аумақ жер, яғни, 12 ауылдық округ Кентау қаласының аумағына өтетін болды.

Шымкент пен Астана қалаларының іскерлік байланысы дамиды

28 шілде күні Шымкенттегі Астана күндері басталды. Елорданың 20 жылдығына арналған іс-шара аясында қаламызда Астанадан іскерлік делегация келді. Шымкентте жүзеге асырылып жатқан жобалармен танысқан делегация мүшелері одан кейін «Астана – Шымкент өңіраралық байланысы» бизнес-форумына қатысты.