Отырар ауданы әкімінің есепті кездесуі Көксарай, Аққұм ауылдарында жалғасын тапты

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес өңір әкімдерінің тұрғындармен тоқсан сайын кездесуі тапсырылған. Осы мақсатта бүгін аудан әкімі Сәкен Сұлтанханов Көксарай, Аққұм ауылының тұрғындарымен есепті кездесуін өткізді. Аудан басшысы 3- тоқсанды қорытындылап, ауылдың экономикалық даму көрсеткішін баяндап, елді мекендерді аралау кезінде көтерілген мәселелердің шешілуі бойынша есеп берді.

Отырар ауданының әкімі Балтакөл, Маяқұм ауыл округтерінің халқымен кездесті

Тәуелсіз еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес жыл көлемінде барлық деңгейдегі әкімдердің халықпен кездесулері тұрақты түрде өткізілетін болады. Халықты толғандыратын өзекті мәселелер қозғалып, оларды шешу жолдары қарастырылатын осындай келелі жиын Балтакөл және Маяқұм ауыл округтерінде өткізілді.

ШЫМКЕНТ: БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

ҚР Президентінің Жолдауын насихаттау мақсатында AMANAT партиясы Шымкент қалалық филиалының өкілдері «Ұлағат» бастауыш партия ұйымының мүшелерімен кездесті. Шымкенттегі №137 жалпы орта мектепте өткен жиынға AMANAT партиясы Шымкент қалалық филиалының Атқарушы хатшысы Ж.Бектаева, AMANAT партиясы Абай аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Е.Бертаев, Шымкент қалалық мәслихатының депутаты Ш.Қозыбақов қатысты.

Басқосу барысында Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауы насихатталып, ондағы саяси және еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму бағыттары жайында сөз қозғалды.

— Мемлекет басшысы биыл жыл басынан бері Қазақстан халқына екі Жолдау арнады. Наурыз айындағы Жолдау негізінде саяси реформа жүзеге асырылып, референдум өтті. Конституцияға бірқатар өзгерістер енгізілді. Жаңа Қазақстан құру мақсатында күрделі шаруалар атқарылды. Ал, қыркүйек айындағы кезекті Жолдауда еліміздің әлеуметтік-экономикалық тұрғыда дамуына ерекше назар аударылды. Сонымен қатар, еліміз үшін ең маңызды, әрі жауапты науқан кезектен тыс Прездент сайлауын өткізу жайы қозғалды. Мемлекет басшысы, сондай-ақ, әлеуметтік әлсіз топтарды қолдауды тапсырды. Жуырда арнайы құжат қабылданған соң, халықтың әлеуметтік осал топтарын қорғайтын жаңа омбудсмен тағайындалады. Яғни бұл көптеген проблеманың жедел шешілуіне септігін тигізбек, - деді Ж.Бектаева. 

Шымкент қалалық мәслихатының депутаты Ш.Қозыбақов кезектен тыс Президент сайлауының өтуі және Президенттің 7 жыл мерзімге сайлануы әлем саясаткерлерінің қолдауына ие болып отырғанын атап өтті. «Бұл елімізде демократиялық принциптің сақталып отырғанын көрсетеді. Биыл Президент сайлауы өтсе, келер жылы Парламент мәжілісі мен жергілікті мәслихат депутаттарының сайлауы өтпек», - деді ол.

Айта кетейік, «Ұлағат» бастауыш партия ұйымының №87, №137, №52, №51, №56 жалпы орта мектептердегі мүшелері жиын барысында еліміздегі саяси науқанға қатысты сауалдарын жолдап, өзара пікір алмасты.

Түркістан: «Халық қатысатын Бюджет» тақырыбындағы жиын өтті

БүгінТүркістанқалалықмәслихатхатшысыТаңғатаровМақсатАсылбекұлыҚ.РПрезидентіҚ.К. Тоқаевтың «ХалыққатысатынБюджет » тақырыбындағы « 1 қыркүйектегіЖолдауын » түсіндірумақсатындакездесушарасынөткізді.

МемлекетбасшысыҚасым-ЖомартТоқаевтыңҚазақстанхалқынажолдауындаеліміздегіжүргізіліпотырғанКонституцияреформаныңнегізгібағытыбойыншабюджетсаясатынареформажасалатыныайтылды. Ақырғынәтиженідөпбасуымызкерек. Бюджеткодексіндешектінормативтербекітіледі. Оныбюджеттіжоспарлаужәнеорындаукезіндеміндеттітүрдеұстануқажет. Бюджетүдерістерінбарыншажеңілдетуқажет. Мемлекеттікоргандардыңигерілмегенқаражаттыкелесіжылғақалдыруынамүмкіндікберукерек. Соларқылыоларақшаныбюджеткеқайтарудыңтиімсізтәртібіненқұтылады. Соныменбірге, бюджеткеқатыстытәуекелдердібасқаружүйесініскеқосукерек.Бұлжүйеквазимемлекеттіксектордыдақамтуғатиіс. «Халыққатысатынбюджет» жобасытиімдііскеасырылыпжатыр. Оныңауқымынкеңейтіп, жобағааудандықмаңызыбарқалаларменауылдардытартукерек. Тұрғын-үйкоммуналдықшаруашылығықаржысыныңкемінде 10 пайызықайдажұмсалатынынқоғамныңөзіайқындауғатиіс. ОсыайтылғанмәселелердітиімдіжүзегеасыруүшінжаңаБюджеткодексінқабылдауқажет.

Жиынсоңындажолдауғаасабасымбағыттарғаназараударып,өзойларынбілдіріп, бірауызданқолдапнасихаттауғаүлесқосатындарынжеткізді.

Түркістан: Қалалық мәслихаттың жиырма бірінші сессиясы өтті

Түркістан қалалық мәслихатының кезектен тыс жиырма бірінші сессиясының отырысы болып өтті. Жиынды Қалалық мәслихат хатшысы Мақсат Асылбекұлы жүргізіп, төрағалық етіп отырды. Депутаттар онлайн және офлайн режимінде қатысып, ұсыныстары мен сұрақтарын қойды.

Сессия отырысына Қала әкімінің орынбасары Күзембаев Ерлан Бақытжанұлы, Оразбеков Байдулла Жүмадуллаұлы, Қала әкімі аппаратының басшысы Әуелбеков Әділ Арысбайұлы, Түркістан қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі басшысының міндетін атқарушы Сыздыков Бауыржан Арыстанбекович, Қалалық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы – Арысбеков Серғазы Ақтөреұлы және қала әкімдігінің бөлім басшылары шақырылған.

Күн тәртібінде төмендегі мәселелер ұсынылып, қаралды.

1. Түркістан қалалық мәслихатының 2019 жылғы 11 қаңтардағы «Түркістан қалалық аумақтық сайлау комиссиясының мүшелерін сайлау туралы» №42/218-VI шешіміне өзгерістер енгізу;

2. Түркістан қалалық мәслихатының 2019 жылғы 11 қаңтардағы «Түркістан қалалық учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» №42/219-VI шешіміне өзгерістер енгізу;

3. Түркістан қаласы әкімдігінің жанындағы жер комиссиясының құрамын бекіту туралы;

Айтылған мәселелер бойынша баяндама тыңдалып, депутаттар тарапынан біршама сұрақтар қойылып, ол өз деңгейіндегі жауаптармен толықтырылды. Көрсетілген барлық мәселе бойынша ұсыныстар бірауыздан мақұлданып, шешім қабылданды.

Отырар: «ынтымағы жарасқан елде берекелі іс болады»

Бүгін Шәуілдір, Қоғам, Талапты ауыл округтерінде аудан көлеміндегі қоғамдық-саяси ахуалдың тұрақтылығын қамтамасыз ету, отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын-алу, жастар саясатын жүзеге асыру барысы және өзге де қоғамдық мәселелер бойынша кезекті жиын өтті.

Отырар: ауылдардағы өзекті мәселелерді шешудің жолдары сөз болды

Отырар ауданының әкімі Сәкен Сұлтанхановтың тапсырмасына және аудандық ішкі саясат бөлімінің жұмыс жоспарына сәйкес аудан көлемінде қоғамдық-саяси ахуалдың тұрақтылығын қамтамасыз ету, отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын-алу, жастар саясатын жүзеге асыру барысы және өзге де қоғамдық мәселелер бойынша өткен келелі жиын бүгін Қарақоңыр, Темір, Қарғалы, Отырар ауыл округтерінде жалғасын тапты.