Шымкент әкімі жаңа пилоттық жобамен танысты

Шаһар басшысы қала аралау барысында Қаратау ауданында заманауи қоқыс жәшіктерін орнату бойынша пилоттық жобамен танысты. Үлкен сыйымдылыққа ие бұл жәшіктер аз орын алады және түбіндегі арнайы табан сұйықтықтардың ағуын болдырмайды.

Шымкент: Қоғамдық кеңес жылды қорытындылады

Шымкентте мәслихаттардың 30 жылдығына орайластырылған марапаттау шаралары әлі жалғасып жатыр. Айтулы дата аясында қоғам белсенділерінің де еңбегі жоғары бағаланды. Қоғамдық кеңес отырысы барысында мүшелері марапатталып, олардың қала өміріне қосқан үлестері ерекше айтылды.

Шағын жиын барысында қоғамдық кеңес мүшелеріне алғыс хаттар мен арнайы марапат табысталды. Шараға ардагерлер мен белсенді азаматтар, қатысты. Олар мәслихаттың тарихи маңызын атап өтіп, кеңестік қаланың дамуы үшін атқарып жатқан қызметін жоғары бағалады.

Марапаттау рәсімінен кейін қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Отырыс барысында Шымкенттің экономикалық дамуы, соның ішінде шағын және орта бизнесті дамыту, бюджет мәселесі, қала инфрақұрылымы мен инвестиция тарту мәселесі талқыланды. Кеңес мүшелері қаланың дамуына қатысты нақты ұсыныстарын жеткізіп, тиісті баяндамаларды тыңдады.

Ал қауіпсіздік мәселесіне келсек, Шымкентті бірқатар қылмыстар былтырғымен салыстырғанда едәуір азайған. Зорлық-зомбылық, ұрлық-қарлық пен қарақшылықтың жолы кесілген. Дегенмен, полиция департаментінде мәселе аз емес. Учаскелік инспекторлардың жетіспеушілігі мен тәртіп сақшыларының түнгі клубты күзетуге мәжбүр болуын.

Бұдан бөлек жиын барысында қоғамдық кеңес мүшелерінің нақты ұсыныстары айтылып, мәселелері ортаға тасталды. Бас жоспардағы әлеуметтік нысандардың қаралмауы, кейбір олқылықтар өткір сыналып, нақты шешу жолы ұсынылды. Күн тәртібіндегі өзекті мәселелер айтылып, жылды қорытындылады. Қоғамдық кеңестің қала өміріндегі өзгерістерді енгізуге айрықша рөлі үлкен.

 

Шымкентте ана мен бала өлімі үш есеге азайды

Шымкенттік дәрігер, медицина саласының майталманы Гүлбану Сыздықбекова 35 жыл бойы ана мен бала өмірін сақтап қалуға зор үлес қосып келеді. Оның қажырлы еңбегінің арқасында қаладағы ана мен бала өлімі соңғы жылдары 3 есеге азайды.   

Шымкент полицейлері халықаралық футбол турнирінде жеңіске жетті

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Нидерландының Эйберген қаласында өткен шағын футболдан “World Police Indoor Soccer Tournament” халықаралық турнирінде жеңімпаз атанған ҚР ІІМ құрама командасында өнер көрсеткен Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлерімен жүздесті.

Шымкентте әлеуметтік көмек алушыларға газға жеңілдік қарастырылды

«QazaqGaz Aimaq» АҚ пилоттық жобасы аясында, Шымкент қаласы әкімінің қолдауымен атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) және тұрғын үй көмегін алушылар газға ай сайынғы жеңілдікті «Әлеуметтік әмиян» қызметіндегі eGov Mobile қосымшасы арқылы ваучер түрінде ала алады.

Шымкент әкімі ел турнирінде топ жарған спортшылармен кездесті

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков республикалық «Қазақстан барысы» турнирінің күміс жүлдегері Ерсұлтан Мұзаппаровты және грек-рим күресі бойынша әлем және Азия чемпионы, Азия ойындарының қола жүлдегері, сондай-ақ көптеген отандық турнирлердің жеңімпазы Әлімхан Сыздықовты қабылдады.