Түркістанның туристік әлеуеті мен мүмкіндіктері, көрсеткіштері таныстырылды

Түркістанда Әлемнің халықаралық қолөнер қалалары ұйымы (WCC International) президентіСаад Каддуми бастаған әлемге танымал қолөнер өкілдері мен қолөнер сарапшылары бас қосты. Оған 19 мемлекеттен, атап айтар болсақ Австралия, Америка, Иран, Қытай, Малазия, Шри-Ланка, Бангладеш, Өзбекстан, Қырғызстан, Тайланд т.б. 30-ға жуық қолөнерші келді. Бұл келелі жиынның мақсаты – киелі шаһарға Халықаралық қолөнершілер қаласы мәртебесін беру.

Шымкент: Аппараттық мәжілісте маңызды мәселелер қаралды

Бүгін қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің төрағалығымен өткен  аппараттық мәжілісте дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы, индустриалдық аймақтардың экологиялық ақуалын бақылауда атқарылған шаралар мен мемлекеттік тіркеуден өтпеген, теңгерімге берілмеген нысандарға қатысты талдарулар жасалды. Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша департамент басшысының м.а. П.Бердалиев тақырып аясында баяндама жасап, осы бағытағы өзекті мәселелерді баяндады.

Шымкент: "Тұран" ауданында "Таза Қазақстан" акциясы өтуде

Бүгін Тұран ауданында «Таза Қазақстан» акциясы аясында кезекті сенбілік өтті. Іс-шараға мемлекеттік мекеме қызметкерлері, жастар ұйымдары, белсенді тұрғындар мен еріктілер қатысты. Қатысушылар бірлесе отырып, аудандағы көшелер, арықтарды, саябақтар, аулалар мен қоғамдық орындарды тазалап, қоқыстарды жинады. Сонымен қатар ауданда жер-жерде тазалық жұмыстары атқарылуда.

Шымкентте Кемел Тоқаев атындағы байқаудың қорытындысы өтті

«Заң» Медиа-корпорациясы» ЖШС мұрындық болып, өткізіп жүрген Кемел Тоқаев атындағы детектив шығармалар байқауы бүгін өз мәресіне жетті. Биыл жетінші рет ұйымдастырылып отырған додаға Шымкент қаласының әкімдігі қолдау көрсетіп, жеңімпаздарды марапаттау жиынына қала әкімі Ғабит Сыздықбеков өзі қатысты. Сонымен қатар, Президент кеңесшісі, байқаудың әділ-қазылар алқасының төрағасы Берік Уали, Түркістан облысының әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев, Парламент сенатының депутаты Айгүл Қаппарова қатысып, жеңімпаздардың мерейін көтерді.

Шымкентте ақын Ханбибі Есенқарақызының мерей тойы өтті

Кімде-кім ұлтының болашағы, туған халқының игілігі жолында жан аямай еңбек етсе, оның есімі туған халқымен бірге мәңгі жасайды. Бүкіл саналы ғұмырын қазақ әдебиетіне, ұлт руханиятын сақтау жолына арнаған Ханбибі Есенқарақызы —сондай есімі елімен бірге мәңгі жасайтын көрнекті тұлғалардың бірі.

Шымкентте ҚР мәслихаттарының 30 жылдығы атап өтілді

Қаладағы “Көрме” орталығында «Қазақстан Республикасы мəслихаттарының 30 жылдығына» арналған мерекелік іс-шара өтті. Мерекелік жиынға Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков, ҚР Парламент Сенаты және Мәжілісінің депутаттары, мәслихат депутаттары, мәслихат ардагерлері, қоғам қайраткерлері, еңбек ардагерлері қатысты.