Қазақстан Республикасының Конституциясы туралы сөз қозғағанда, оны тек заңгерлер мен мемлекеттік қызметшілерге арналған құқықтық құжат ретінде қабылдауға болмайды деп ойлаймын. Конституция – әрбір азаматтың күнделікті өмірімен тікелей байланысты негізгі құжат. Біздің білім алуымыздан бастап, еңбек етуімізге, медициналық көмек алуымызға, өз пікірімізді білдіруімізге және мемлекет өміріне араласуымызға дейінгі көптеген мәселелердің құқықтық негізі Конституцияда бекітілген.
Менің түсінігімде, Конституцияның басты құндылығы – адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғауға бағытталуында. Азамат өз құқығын білген кезде ғана оны талап ете алады, ал өз міндетін түсінген кезде қоғам алдындағы жауапкершілігін сезінеді. Сондықтан Конституцияны білу – тек заң талаптарын білу емес, өзіңнің азаматтық мүмкіндіктерің мен жауапкершілігіңді түсіну.
Белгібай Мария Имансарықызы,
Отырар ауданының ардагер ұстазы.