Шымкентте мыңнан астам мүгедектігі бар азамат жұмыспен қамтылды

Шымкент қаласында мүгедектігі бар азаматтарды жұмыспен қамту мәселесі соңғы жылдары басты назарда. Қалада мүгедектігі бар тұрғындардың еңбек нарығына қатысуын қамтамасыз ету мақсатында бірқатар бағдарлама мен жобалар іске асырылуда.

«Толерантты сананы қалыптастыру мен әлеуметтік шиеленістің алдын алу» тұжырымдамасын іске асыру бойынша ақпараттық-насихаттық топ Сауран ауданына келді

Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің өңір тұрғындары арасындағы кездесулері мен фокус-топтық зерттеу жұмыстары жалғасуда. Бұл кездесулер халық арасында толерантты сананы қалыптастыру мен ұлтаралық татулықты, әлеуметтік шиеленістің алдын алуды талқылауды көздейді. Осындай кезекті кездесу Сауран ауданының Шорнақ және Шаға ауылдарында өтті.

Шымкентте "Жібек жолы айшықтары" сән көрмесі өтуде

Қаламызда өтіп жатқан мәдениет пен өнер саласындағы маңызды шаралардың бірі – Ұлттық киім дизайнерлерінің «Жібек жолы айшықтары» атты байқауы үлкен сән көрмесіне айналды. Шараның мақсаты – ұлттық мұраларымызды заманауи сән үлгілерімен үйлестіру арқылы халқымыздың бай мәдениеті мен рухани құндылықтарын дәріптеу болса, ұлттық киім көрме-байқауында дизайнерлер қазақ халқының мәдениетімен қоса ұлттық құндылықтарын дәріптейтін туындыларын жарыққа шығарды.

Шымкенттік жастармен кездесу өтті

Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «Тәртіпті өзіңнен баста» атты құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша жылдық қорытынды кездесу өтті.

Шымкент: Өңірдің өнеркәсіп және инвестициялық даму көрсекіштері талданды

Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында «Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриялық - инновациялық даму басқармасының 2024 жылғы 10 айдағы жұмысының қорытындылары туралы» тақырыбында  баспасөз конференциясы өтті. Басқарма басшысы 10 айда атқарылған жұмстар мен алдағы жылға қойған жоспарлармен бөлісті. 

Шымкенттегі су арнасын мемлекетке қайтару жұмыстары жүргізілуде

Шымкентте «Су ресурстары Маркетинг» ЖШС-ін мемлекет меншігіне қайтару бойынша тыңдалымдар мен талқылаулар жалғасуда. Бүгін қоғам белсендісі Бақытжан Көпбаевтың мекемені мемлекет меншігіне қайтару туралы жариялаған петициясы бойынша ашық талқылау өтті.