Отырар аудандық мәслихатының кезекті он тоғызыншы сессиясы өтті
Бүгін Отырар ауданы әкімдігінің мәжіліс залында сегізінші сайланған Отырар аудандық мәслихатының кезекті он тоғызыншы сессиясы өтті. Сессия отырысына аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлы, ауыл округтерінің әкімдері, дербес бөлімдер мен мекеме басшылары және БАҚ өкілдері қатысты. Жиынның күн тәртібінде 11 мәселе қаралды. Жиынды мәслихат төрағасы Уалихан Ұзақов ашып, жүргізіп отырды.
Атап айтқанда, Шәуілдір ауыл округі әкімінің, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі басшысының, аудандық ішкі саясат бөлімі басшысының 2023 жылғы атқарылған жұмыстары туралы есептері, Отырар ауданын басқару схемасын бекіту туралы; Отырар аудандық мәслихатының 2021 жылғы 6 мамырдағы №5/24-VII «Отырар ауданы әкімдігінің жанындағы денсаулық сақтау жөніндегі үйлестіру кеңесінің құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы; Отырар аудандық мәслихатының 12 мамыр 2023 жыл 2/7-VIII «Отырар ауданы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы; Отырар аудандық мәслихатының 12 мамыр 2023 жылғы №2/8-VIII «Отырар ауданы әкімдігінің жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы; Отырар аудандық мәслихатының 2022 жылғы 25 наурыздағы №14/82-VII «Отырар ауданының мәслихатының 2018 жылғы 25 маусымдағы №27/144-VI «Б» корпусы Отырар аудандық мәслихат аппаратының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешімінің күшін жою; Отырар аудандық мәслихатының 12 шілде 2024 жылғы №17/95-VIII «Отырар ауданы әкімдігінің дербес құрамына келісім беру туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы; Отырар аудандық мәслихатының 12 шілде 2024 жылғы №17/98-VIII «Отырар ауданы әкімдігінің жанындағы терроризмге қарсы комиссияның құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы; Отырар аудандық мәслихатының 12 шілде 2024 жылғы №17/97-VIII «Отырар ауданы әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы мәселелер қаралып, дауысқа салынды.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша Шәуілдір ауыл округінің әкімі Ғалым Қыдыр, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Сағынтай Құттыбай мен аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Еркебұлан Жаймұрзаев, аудандық мәслихат аппаратының бас маманы Мақсат Талғатұлы, аудан әкімі аппаратының заңгері Асхат Әмірхан мен аудан әкімі аппаратының персоналды басқару бөлімінің басшысы Нұрлан Момбек хабарлама жасап, депутаттар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.
Сессияның күн тәртібіндегі маңызды мәселелер мәслихаттың тұрақты комиссия отырысында жан-жақты талқыланып, пысықталғандықтан сессияда тиісті шешімдер қабылданды. Сессия жұмысының соңында аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлы депутаттық корпусқа сессия мәселелерін қараудағы жемісті, сапалы жұмысы үшін алғыс айтып, мәслихаттың депутаттық корпусы атқарушы билікпен бірлесіп ауданның әл-ауқатын арттыруға күш-жігерін жұмсайтынын айтып, сенім білдірді.
Сондай-ақ, таяуда аудан әкімі әкімі Қайрат Жолдыбайұлы азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдағанын да айта кетейік. Қабылдауда тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға сәйкес тиісті бөлім мен мекеме басшылары қатысып, жауап беріп отырды. Қабылдауға келген тұрғындардың өтініші мен ұсынысының дені тұрғын үй мәселесі, жер телімі, жұмыссыздық, әлеуметтік жағдайы мен денсаулығы бойынша көмек, көшеге асфальт төсеу секілді бірқатар мәселелер бойынша болды. Қабылдауға келген тұрғындардың сұрақтарын егжей-тегжейлі қарап шыққан аудан басшысы кейбір мәселелерді әкім аппаратының жауапты қызметкерлері мен аудандағы мекеме басшыларының құзырына белгіленген уақыт мерзімінде орындауды тапсырды.
«WWW.AQ-QARA.KZ» - ақпарат