Жүйеқұраушы кәсіпорындардың жұмысшылары МӘМС жүйесінде
Шымкент қаласында бүгінгі таңда 70-тен астам жүйеқұраушы кәсіпорын тіркелген. Ірі кәсіпорындардың жұмысшылары міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде қамтылған. Дегенмен жыл басынан бері 2000-ға жуық жұмыскердің түрлі себептермен медициналық сақтандыру мәртебесін жоғалтқаны мәлім болды.