Шымкенттік өнерпаздар Норвегияда ұлттық мәдениетті танытты
2024 жылдың 13-15 қараша күндері Қазақстан Республикасының халық әртісі Майра Мұхамедқызы бастаған шығармашылық топ Норвегияның Осло және Берген қалаларында арнайы мәдени шара ұйымдастырды.
2024 жылдың 13-15 қараша күндері Қазақстан Республикасының халық әртісі Майра Мұхамедқызы бастаған шығармашылық топ Норвегияның Осло және Берген қалаларында арнайы мәдени шара ұйымдастырды.
Шымкент қаласының қоғамдық көлік қызметін дамыту мен тасымалдаушылардың жауапкершілігін арттыру мақсатында маңызды өзгерістер енгізілді. Енді тасымалдаушыларға қойылған талаптарды бұзған жағдайда айыппұл мөлшері 1,5%-дан 3%-ға дейін ұлғайды.
Ауданда ұзындығы 732,91 шақырымды құрайтын 728 көшелер мен өткелдер бар. Жолдардың 535,77 шақырымы (73,1%) асфальт, 158,38 шақырымы (21,6%) тас, 38,76 шақырымы (5,3%) топырақты құрайды.
Еңбекші ауданында сапалы электр жарығымен қамтамасыз ету барысында бірқатар істер атқарылды. Аудандағы 9 айлық көрсеткіш бойынша 29 шағынаудан мен тұрғын алаптарды электр жүйесімен қамту көрсеткіші мемлекеттік 98,6%, жекеменшік жүйе 1,2%, ал, қамтылмаған 0,2% (жаңақұрылыс учаскелері) құрады.
Бүгінде Еңбекші ауданының аумағы 22 800 гектар құрап, халық саны 228 830 болды. 18 тұрғын алап және 11 шағынауданнан тұратын аудан аумағында 728 көше мен өткелдер, 2 саябақ 3 гүлзар, 283 көпқабатты және 37061 жеке тұрғын үйлер орналасқан.
Шымкент қалалық перинаталды орталығының дәрігерлері шала туған нәрестеге бір уақытта күрделі екі ота жасады. Шақалақ 31 апталық мерзімде 2350 грамм салмақпен ауыр халде туылған. Күрделі ота барысында сәбидің іш қуысына шыққан кіндік жарығы жойылып, бауырдағы киста сәтті алынды.
Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен 16-17 қараша күндері ұлдар арасында кіші футболдан «Базар жастар лигасы» турнирі өткізілді.
Өскеменде 2007 жылы туған және одан кіші спортшылар арасында үстел теннисінен Қазақстан чемпионаты өтті. Аталған жарыста еліміздің 17 облысынан 250-ден астам спортшы бақ сынады.
15-18 қарашасы аралығында Ақтөбе қаласындағы «Қоныс» спорт кешенінде өткен дзюдодан Қазақстан Республикасы чемпионатында барлық салмақ дәрежелері бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды.
Қала әкімі бірқатар білім беру мекемелерін аралап, жүргізіліп жатқан жөндеу және абаттандыру жұмыстарын бағалады.