Super User

Super User

КЕЛЕС: БӨТЕННІҢ МҮЛКІНЕ ҚОЛ СҰҚТЫ

Кассадан 720 000 теңге ақша алып, құмар ойынға жұмсаған күдікті анықталды.

Келес аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Әйел адамның айтуынша, оның кассадағы қызметкерімен есептесу кезінде, 720 000 теңге кем болып шыққан. Содан жәбірленуші оқиғаның толық мән-жайын анықтау үшін полиция қызметкерлерінен көмек сұраған.

Тәртіп сақшылары ақпарат келіп түскен бойда бірден іске кірісті. Олар қаражаттың қайда кеткенін анықтау үшін қажетті жұмыстарды атқарды. Полицейлердің жедел іздестіру шараларының нәтижесінде, қылмысқа қатысы бар күдікті анықталды. Ол жергілікті тұрғын болып шықты.

Анықталғандай, сезікті жігіт жанармай құю бекетінде кассир операторы болып жұмыс істеген. Жас жігіт кассадан 340 000 теңгені, арада біраз күн өткен соң тағы да 380 000 теңге ақшаны алған. Күдікті жігіт алған ақшаны құмар ойынына жұмсаған.

Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 189-бабы «Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті емденіп алу немесе талан-таражға салу» бойынша тіркеуге алып, қазіргі таңда жігітке қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Облыс полицейлері тұрғындарға өз мүлкін сақтауда қырағы болуға шақырады. Сонымен қатар, ғимараттар мен дүкендерге, тұрғын үйлерге бейнебақылау камералары мен арнайы дабылқаққыштар орнатуға кеңес береді.

 

ҚАЗЫҒҰРТ: АРДАГЕР ПОЛИЦЕЙ МАРАПАТТАЛДЫ

Ішкі істер саласына еңбегі сіңген ардагер төс белгімен марапатталды.

Қазығұрт аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері орай ішкі істер органдарында 25 жыл абыройлы қызмет атқарған зейнеттегі Мұхтар Қалмұрзаевты полиция бөліміне арнайы шақырып, ел үшін жасаған адал еңбегі мен қызметі үшін алғыс білдірді.

Шара барысында полиция қызметкерлері ардагерге сұрақтарын қойып, оның қызметтегі тәжірибесінен біраз мағлұмат алды. Сонымен қатар зейнеткер, жас қызметкерлерге өзінің өмірлік ақыл-кеңесін айтты. Қызметте адал, абыройлы қызмет жасау керектігі жайлы кеңес берді.

Полиция полковнигі Ерғали Қарсыбаев жиын соңында зейнеткер Мұхтар Қалмұрзаевқа «Қазақстан Республикасы полициясына – 30 жыл» төс белгісін табыстап, сый-сияпат жасады. Айта кетсек, ардагер бұған дейін 1994-1997 жылдар аралығында Шымкент қаласы АПБ-да әртүрлі лауазымда жұмыс жасаған. 1997 жылдан бастап Қазығұрт АПБ-да, оның ішінде 2012-2019 жылдар аралығында аға криминиалист лауазымында полиция майоры болып қызмет атқарып, абыроймен зейнетке шыққан.

Бекет ТҰРҒАРАЕВ: "СОТ ЖҮЙЕСІН ҮЛКЕН ӨЗГЕРІСТЕР КҮТІП ТҰР"

Бүгінгі Жолдаудан кейін сот саласына еңбек сіңірген қайраткер, заң ғылымдарының докторы, профессордың ой-пікірі осындай.

– Еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың кезекті Қазақстан халқына Жолдауын тыңдадық.  Мемлекет басшысының Жолдауын тыңдай отырып елімізде бірқатар салаларда  үлкен өзгерістер болатынын аңғаруға болады. Ең бастысы Әділетті Қазақстанды орнату енді басталатыны айтылды. Мүмкін өткен уақыттағы атқарылған жұмыстар соған дайындық болған деп ойлаймын. Қазіргі таңда елімізде халықтың әл-ауқатын жақсарту ең басты мәселе екені анық. Жолдауда халықтың тұрмыстық әл-ауқатын жақсартуда нақты тапсырмалар берілді. «Мемлекет ең төменгі жалақыны анықтаудың жаңа әдістемесін енгізеді. Бұл өз кезегінде оның көлемін кезең-кезеңмен арттыруға мүмкіндік береді», - деді Мемлекет басшысы. Осы орайда Президент ең төменгі жалақы деңгейін 60 мыңнан 70 мың теңгеге дейін көтеру шешімін қабылдағанын айтты. «Бұл 1,8 млн адамның кірісіне қатысты болады» деді Президент.

Ендігісі, сол саласына енгізілетін өзгерістер. Яғни Қасым-Жомарт Кемелұлы Жоғарғы сот судьяларын да сайлау арқылы таңдау тәсілін енгізген жөн, деді. Жалпы, әділетті мемлекет болу үшін сот жүйесі мықты болу керек. Соттың тәуелсіздігін қамтамасыз ету, судьяның еркіндігі секілді проблемаларды  көптен бері баспасөз беттерінде көтеріп келеміз. Кейде соттарға қысым сырттан емес, сот төрағаларының өзінен де болып жатады.  Жаңа Жолдауда бұл мәселелер шешілетіні сөз болды, яғни судьялар сот төрағаларын өз іштерінен сайлайды. Қаншама уақыттан беру көтеріліп келе жатқан өзекті мәселеге Президент нүктесін қойды. Және тағы бір жүйедегі жаңалық, сот кеңесінің жұмысы күшетілетіні бұл салаға серпін берді.

Сот саласында тың өзгерістер әділетті қоғам құруда аса маңызды қадам болды деп есептеймін.

 

 

 

Шардара: Интернет алаяқтардан сақ болғайсыз!

Құрметті Шардара ауданының тұрғындары, бүгінгі күні ең көп таралған қылмыстардың бірі Интернет желісін пайдаланушыларға қатысты алаяқтық (интернет-алаяқтық) болып табылады. Интернетті және ақпараттық технологияларды қолдана отырып алаяқтық жасаудың көптеген әдістері бар.

Кең таралған тәсілдердің бірі:

1) алаяқтар жәбірленушілерге қоңырау шалып, банктің қауіпсіздік қызметкерлері немесе Құқық қорғау органдарының қызметкерлері ретінде өздерін таныстрады да, оларға несие беруді болдырмау сылтауымен ақшаны қылмыскерлердің өздері ұсынатын резервтік (қауіпсіз) шотқа аударуды ұсынады. Телефонмен сөйлесу кезінде шабуылдаушылар сіздің жеке деректеріңізді білуге тырысады.

Есіңізде болсын, банк қызметкерлері клиенттерге деректерді алу үшін ешқашан қоңырау шалмайды. Барлық қажетті ақпарат Банктерде бар. Мұндай жағдайларда карта нөмірін, картаның әрекет ету мерзімін, СМС-хабарламаға келетін кодтарды, шот нөмірін, шоттағы ақша қаражатының қалдығын атауға болмайды. Сондай-ақ, сөйлесуді тоқтатып, шоттағы ақшаның сақталуын дереу тексеру қажет.

2) алаяқтар тауарды тартымды бағамен сату туралы хабарландырулар жариялады. Сатып алушы алаяқтық сатушымен байланысқаннан кейін сатып алушыны алдаудың бірнеше жолы бар:

- алаяқ-сатушы, сатып алушыдан алдын-ала төлем сұрайды, алдын-ала төлем алады да, абоненттік нөмірін өшіргеннен кейін олардың арасындағы байланыс жоғалады;

- сатушы-алаяқ тауарды жеткізу арқылы жөнелтуге дайын, сатып алушыға деректерді толтыру және сатып алушы тауар үшін төлейтін карта нөмірін көрсету үшін сілтеме бойынша өтуді ұсынады. Бұл уақытта қаскүнем сатып алушының шотынан ақша ұрлайды;

Сол сияқты, алаяқтар тауарларды сатуға орналастырған жәбірленушілерді алдайды. Зиянкес сатып алушы ретінде қоңырау шалып, тауарды жеткізуді ұсынады. Мұндай жағдайларда тексерілмеген сілтемелерді ашпау және банктік деректеріңізді енгізбеу ұсынылады.

3) Әлеуметтік желілерде "Қазақстан Мұнайгаз" инвестициялық жобаларына азаматтардың қаражатын тарту туралы Жарнама таратылады, яғни алаяқтар компания атынан инвестициялық жобаларға ақша салуды ұсынады.

"ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы таратылып жатқан жарнама жалған болып табылатынын және алаяқтық сипатқа ие екенін мәлімдейді. Тұрғындардан қырағы болуды және тек ресми ақпарат көздеріне сенуді сұраймыз.

Осы RSS каналға жазылу