Super User

Super User

«Абайлаңыз, балалар!» іс-шарасы жалғасуда

Аталған іс-шараның негізгі мақсаты - жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол апаттарының алдын алу, жасөспірімдер жарақатын азайту және балалар арасында жол қозғалысы ережесін сақтауды насихаттау.

Осы бағытта түркістандық полицейлер, жасөспірім балалардың жол-көлік оқиғаларына ұшырау деректерінің алдын алу бойынша жұртшылыққа түсіндірме жұмыстарын жүргізуде.

Сонымен қатар, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жаднамалар таратылуда. Мектеп көшелері мен оған жақын жолдарда жол белгілері жаңартылуда.

Жалпы тәртіп сақшыларымен атқарылған жұмыстарды толығырақ төмендегі бейнероликтен көре аласыз.

Түркістан облысының полицейлері баршаңызды Конституция күні мерекесімен құттықтайды

Қазақстан Республикасының - Ата Заңы 1995 жылы 30 тамыз күні жалпыхалықтық Референдумда қабылданып, 5 қыркүйек күні өз күшіне енді. Яғни, бұл құжат - мемлекет пен қоғам үшін ғана емес, әрбір тұрғынның жеке басы мен отбасы үшін де маңызды.

Осынау мерейлі мереке қарсаңында Түркістан облысының өнерлі де талантты полицейлері Түркістан қаласына экскурсияға келді. Тәртіп сақшылары облыс орталығының ең әсем, көрікті жерлерінде серуендеді.

Сонымен қатар мерекеге орай өздерінің ізгі тілегін жеткізіп, барша қазақстандықтарға, көп ұлтты елімізге бірлік, тыныштық, ашық аспан, береке мен қоғамдық тұрақтылық тіледі. Иә, осыдан 27 жыл бұрын, адам құқықтары және бостандықтарын қастерлейтін қуатты мемлекеттің сенімді іргетасына айналған негізгі құжат қабылданды.

Аталған Ата Заңның әрбір жолы қоғамның орнықты дамуына зор үлесін қоса отырып, азаматтық қоғамның қалыптасуын қадағалауға кепілдік береді.

Сондықтан, барлығына ортақ, тең қолданылатын Ата Заңымыздың күні құтты болсын! Еліміз тыныш, жұртымыз аман, көк байрағымыз көгімізде желбірей берсін! Ана тіліміздің мәртебесі көтеріле берсін! Отбасыларыңызға бақыт, қызметте табыс тілейміз!

«Конституция күні» мерекесіне орай үздіктер марапатталды

Түркістан облысы Полиция департаментінің мәжіліс залында марапаттау рәсімі өтті. Іс-шараға департамент бастығы полиция генерал-майоры Мұрат Қабденов арнайы қатысып, барша полицейлерді мерейлі мерекемен құттықтады. Жиын барысында қатысушыларға арнайы дайындалған бейнеролик ұсынылды.

Одан соң, облыстың бас полицейі М.Қабденов өздеріне жүктелген міндетті абыройлы атқарып жүрген үздік тәртіп сақшыларын марапаттады. Тәртіп сақшыларының еңбектеріне табыс, қызметтеріне абырой тіледі!

Полицейлер облыстағы 951 мектепті тексеріп, қажетті жол белгілерін жаңартуда

Оқу жылының басталуы қарсаңында, оқушылардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу, сондай-ақ балалардың көшелер мен жолдарда қауіпсіз жүріп-тұру дағдыларын нығайту мақсатында, Түркістан облысында республикалық «Абайлаңыз, балалар!» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Жалпы Түркістан облысында орналасқан мектептер саны - 951. Оның 142-сі қалалық жерде болса, 809 ауылда орналасқан. Іс-шара барысында барлық мектеп тексерілді. Яғни әрбір мектептің жолы, оған жақын көшелердегі жол белгілері талапқа сай болуы үшін полицейлер жүйелі жұмыс жасап, қажет болса жаңалауға ұсыныс беруде.

Мәселен аталған мектептерде жалпы жаяу жүргінші өткелі 1286 болса, оның ішінде 238-і қайта реттеуді қажет етеді. 2022-2023 оқу жылының басталуына орай Түркістан облысы Полиция департаменті Жол-техникалық инспекциясы бөлімінің қызметкерлерімен 170-ден астам тексеру жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде 126 кемшілік анықталып, 89 жол белгілері жаңартылды. 59 жаяу жүргінші жолағы жаңадан орнатылып, 19 жасанды кедергілер орнатылды. 28 шақырым тратуар жолағы жаңарып, 950 метр мектеп аумақтары жарықтандырылды.

Ал облыс орталығы - Түркістан қаласында жол бойында орналасқан 31 мектеп бар. Сол себепті полиция қызметкерлері тарапынан қала әкімдігіне 31 ұйғарым беріліп, нәтижесінде 5 жасанды кедергі, 31 «Жаяу жүргінші жолақтары», 21 дана «Абайлаңыз балалар» және «Жаяу жүргінші өткелдері» жол белгілер орнатылды.

Түркістандық тәртіп сақшылары, ұстаздар мен ата-аналарға ұл-қыздары жол қозғалысы ережесін сақтап жүруін қадағалауды ескертеді. Жеткіншек, жасөспірімдерге жолдан өтерде кез келген жерді кесіп өтпей, арнайы жаяу жүргіншілерге арналған жерлерден өтуге кеңес береді. Полицейлердің айтуынша, бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.

Осы RSS каналға жазылу