Super User

Super User

Полицейлер қаруға қатысты 31 істі сотқа жолдады

ҚР ІІМ нұсқауына сәйкес Түркістан облысы аумағында жыл басынан бері криминогендік ахуалды жақсарту, атыс қаруы мен оқ-дәрілерінің заңсыз айналымына қарсы бірқатар профилактикалық іс-шара өткізіліп келеді.

Мәселен жыл басынан бері Түркістан облысының полицейлері ҚР ҚК-нің 287-бабымен, яғни «Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру» дерегі бойынша 51 деректі тіркеп, қылмыстық іс қозғаған. Оның 31 ісіне қатысты жинақталған құжаттар айыптау актісімен сотқа жолданған.

Атап өтсек, жоғарыдағы қару мен оқ-дәрілерді заңсыз сақтаудың 51 дерегінің ішінде: 16 калибрлі тегіс ұңғылы шолақ мылтықты сақтаудың 14 жайты, 16 калибрлі тегіс ұңғылы мылтықты сақтаудың 8 жайты, травматикалық қару бойынша 8 жайт, оқ-дәрілерді сақтауға қатысты 6 жайт, суық қаруды сақтаумен 4 жайт, аңшылық мылтық бойынша 3 жайт, 1 жайт автомат қаруына қатысты іс болып табылады.

Сонымен қатар облыс аумағында тәртіп сақшыларымен атыс қаруын пайдалана отырып жасалатын қылмыстардың алдын алуға және жолын кесуге, заңсыз сақталған, тіркелмеген қаруды анықтауға бағытталған «Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасы кезең-кезеңімен өткізіліп отырады.

Мәселен 2022 жылдың 15 қаңтары мен 25 сәуір күндері аталмыш республикалық іс-шара өткізіліп, заңсыз азаматтық айналымнан 54 қару тәркіленіп алынған. Ал 25 сәуірден бүгінгі күнге дейін тұрғындардағы тіркелмеген қаруды сатып алу республикалық акциясы аясында, түркістандық тұрғындар полицияға өз еріктерімен 167 қару тапсырған. Тамыз айының 15-19, 25-28 күндері аралығында Түркістан облысы ПД Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлерінің бастамасы арқылы қала, аудандық полиция бөліністерімен бірге «Қару» шарасы өтті. Іс-шара кезінде 14 дерек анықталып отыр. Оған қоса полицейлердің күн тәртібінен заңсыз қару айналымымен айналысатын адамдар мен қылмыстық топтарды ұстау, қару иелерінің оны сақтаудағы ережелерді дұрыс атқарып жатқандығын тексеру жұмыстары түскен емес.

Нақтырақ айтсақ, Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында тәртіп сақшылары облыстағы қаруы бар тұрғындарды тексеріп, 650-ден астам әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады. Оның ішінде, ҚР ӘҚБтК-нің 482-бабы «Жеке және заңды тұлғалардың қаруды заңсыз иеленуі, беруі, өткізуі, сақтауы, алып жүруі, тасымалдауы» бойынша 67 әкімшілік хаттама толтырылды. ҚР ӘҚБтК-нің 484-бабымен «Азаматтық, қызметтік, марапаттық, коллекциялық қаруды, оның патрондарын сатып алу, беру, есепке алу, сақтау, пайдалану, тасымалдау, Қазақстан Республикасының аумағына әкелу, Қазақстан Республикасының аумағынан әкету және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитпен өткізу тәртібін бұзу» 400 жайт пен ҚР ӘҚБтК-нің 486-бабы бойынша «Азаматтық, қызметтік, коллекциялық қаруды тіркеу (қайта тіркеу) не оны есепке қою тәртібін бұзу» 190 тәртіп бұзушыны жауапқа тартты.

ТҮРКІСТАН: 1400000 ТЕҢГЕ ШЫҒЫН КЕЛТІРГЕН...

Түркістан облысының полицейлері ақша мен бағалы заттарды ұрлаған күдіктіні анықтады.

Түркістан қалалық ПБ-ның кезекші бөліміне қала тұрғындарының бірі шағымданды. Оның айтуынша кешкі уақытта белгісіз тұлғалар үйіне кіріп, ақша, алтын бұйымдар мен басқа да бағалы заттарын ұрлап кеткен. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 188-бабы "Ұрлық" бойынша тіркеді. Жәбірленушіге 1 400 000 теңге шығын келген.

Ұрлық қылмысын ашу мақсатында түркістандық тәжірибелі қызметкерлер қатарынан жедел-тергеу тобы құрылды. Жедел уәкілдер қылмыс болған жерді мұқият тексерді. Куәлармен сұхбаттасып, бейнебақылау камераларын қарап шықты. Жақын маңдағы барлық көшелер мен аулаларды аралады.

Екі тәуліктен кейін жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде криминалдық полиция қызметкерлері ұрының ізіне түсіп, күдіктіні ұстады. Ол бұрын сотты болған жергілікті тұрғын болып шықты.

Белгілі болғандай күдікті үй иелерінің жоқтығын пайдаланып, жәбірленушінің үйіне терезе арқылы кіріп, сол жерден құнды заттар мен ақшаны ұрлап кеткен. Содан кейін күдікті алтын бұйымдарды сатып, ақшаны өз қажеттілігіне жұмсамақшы болған. Қазіргі уақытта күдікті ер адам қамауға алынып, оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Тәртіп сақшылары оның басқа да қылмыстарға қатыстылығын анықтау үстінде. Полицейлер азаматтарға қырағы болуға және үйлерін қараусыз қалдырмауға кеңес береді.

ОТЫРАР: «АБАЙЛАҢЫЗ БАЛАЛАР» ІС ШАРАСЫ ӨТУДЕ

"Абайлаңыз балалар" жедел профилактикалық шарасы Отырар ауданында жалғасын тапты.

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев 2022 жылды "Балалар жылы" деп жариялады. Осы орайда Отырар аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері ағымдағы жылдың 22 тамыз бен 12 қыркүйек күндері аралығында «Абайлаңыз балалар» атты кең ауқымды республикалық жедел профилактикалық іс-шарасын өткізуде.

Аталған шараның мақсаты - балалардың қатысуымен болған жол-көлік оқиғаларының алдын алу мен мектепке баратын, мектептен қайтатын, балалар жиі баратын орындарда қауіпсіз қозғалыс бағыттарын әзірлей отырып балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Іс-шара барысында полиция бөлімінің қызметкерлері жол ережелерін сақтау және жолда қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесі бойынша тұрғындарға түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, ата-аналар мен көлік жүргізушілерінен сауалнама алынды.

Сонымен қатар мектеп окушыларына түсіндірме жұмыстар жасалып, арнайы жол-көлік оқиғасына арналған жаднамалар тарқатылды. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын табады.

 

Түркістан полицейлері жоғалған жасөспірімді тәулік ішінде тапты

Төлеби АПБ-ға кешкі сағат 18:00 шамасында Леңгір қаласының тұрғыны 102 сымтетігі арқылы хабарласты. Оның айтуынша, денсаулығында кінәраты бар 10 жасар баласы белгісіз бағытқа шығып, қайта оралмаған. Анасы ұлын бірнеше сағат бойы іздеген. Нәтиже шықпаған соң, полицейлердің көмегіне жүгінген.

Полицейлер хабарлама түсе салысымен тез арада әрекет етіп, оқиға орнына жетті. Жоғалған баланы табу мақсатында қажетті деп танылған барлық жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізді. Аудан көшелерін тексеріп, көрген-білген тұрғындардан сұрастырды, аудандағы барлық ювеналды және учаскелік полицейлерге хабарлама берілді. Нәтижесінде полицейлер тәулік ішінде баланы келесі бір ауылдың ішінде жалғыз өзі ойнап жүрген жерінен табылды.

Қазіргі таңда жоғалып кеткен бала үйіне аман есен қайтарылды. Ұлымен қауышқан анасы, іздестіруде шапшаңдықпен әрекет еткен полиция қызметкерлеріне ізгі ықыласын білдіріп, рақметін айтты:

«Балам із-түзсіз жоғалып кетті. Ал полицейлер ұлымды дер кезінде тауып берді. Полиция қызметкерлеріне үлкен рақметімді айтамын!»,-деді анасы.

Өз кезегінде Түркістан облысы полицейлері азаматтарға балаларыңызға абай болыңыздар, сыртқа шыққанда қараусыз қалдырмаңыздар деп ескертеді.

Осы RSS каналға жазылу