Super User

Super User

Шеберханадан ұялы телефон ұрлаған азамат анықталды

Сарыағаш АПБ-ға арызданған жергілікті тұрғын ұялы телефонының ұрланғанын жеткізді. Жәбірленуші ер адамның айтуынша, аудан орталығындағы велосипед жөндейтін шеберхана ішінен оның "OPPO 5" маркалы ұялы телефонын белігісіз біреулер алып кеткен. Жәбірленушіге 100 мың теңге шығын келген. Полиция қызметкерлері аталған жайтты ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеді.

Полицейлер ұрлық қылмысын ашу мақсатында жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізді. Ақпарат көздеріне сүйене отырып, орта жастағы күдікті ер адамды анықтады. Ол жұмыссыз жергілікті тұрғын болып шықты. Күдікті ұялы телефонды өзі қолдану мақсатында ұрлағаны белгілі болды. Бүгінде полицейлер айғақты зат ретінде қолды болған ұялы телефонды тәркілеп, заңды иесіне қайтарды.

Жәбірленуші ұялы телефонын тауып берген полиция қызметкерлеріне үлкен алғысын білдірді. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты тергеу амалдары жүргізілуде.

Түркістан облысының полицейлері азаматтарға қырағы болуды және ұялы телефондарды қараусыз қалдырмауды ұсынады. Егер, сіз, тонаудың немесе бөтеннің мүлкін ұрлаудың құрбаны, куәсі болсаңыз, онда дереу 102 телефонына хабарласыңыз.

 

Түркістан: Полиция туралы соңғы жаңалықтарды жылдам жариялайтын «Телеграм арна» іске қосылды!

 

Құрметті желі қолданушылары, облыс тұрғындары және достар!

ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың полицияның халықпен тығыз байланыс жасап, ашық, кері байланыста болатын және заманға сай сапалы қызмет етуіне мән беруіне байланысты, ҚР ІІМ М.Ахметжанов цифрландыру мен маңызды әрі соңғы жаңалықтарды жұртшылыққа жеткізіп отыруды, апатты жағдайлардың алдын алу мен ақпараттарды дер кезінде тарату қажеттілігі мақсатында тапсырамалар беруде.

Соның аясында тікелей эфирдегі брифингтер (онда тұрғындар желі арқылы сан түрлі сұрағын қойып, сол мезетте жауап алуда), ашық сұқбаттар, телеарналарға жедел ақпарат беру, орын алған қылмыстар туралы дер кезінде жұртшылыққа хабарлау сынды т.б. жұмыстар атқарылып жатыр.

Ал енді аталған жұмыстарды одан әрі де күшейту мақсатында халықты дер кезінде болып жатқан оқыс оқиғалар, апаттан сақтандыру, заңға енгізілген өзгерістер мен нақты уақыт режимінде полиция қандай жұмыстарды атқаруда, қоғам арасында талқыға түсіп жатқан қай оқиға, себеп-салдарымен күресу секілді сан түрлі жаңалықты бірінші болып жеткізу үшін, арнайы телеграм арнасын іске қосты.

Ондағы ақпарат қысқа да нұсқа, әрі ресми дерек көзінен, шынайы оқиға болған аумақтан беріледі.

Ендеше соңғы жаңалықты біліп отырғыңыз келсе сіз де дереу телеграм арнаға тіркеліңіз!

 

ТҮРКІСТАН: СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖӘНЕ ӘДЕПТІЛІК НОРМАЛАРЫНЫҢ САҚТАЛУЫ БОЙЫНША ЖИНАЛЫС ӨТТІ

Бүгін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі аппарат басшысының Әдеп жөніндегі уәкілдерің қызметін одан әрі жетілдіру бойынша 2022 жылға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес, сыбайлас жемқорлықтың алдын-алуды, болдырмауды және мемлекттік қызметшілердің тарапынан әдептілік нормларының сақталуын және еңбек тәртібін сақтауды түсіндіру мақсатында Департамент басшының міндетін атқарушы Балжан Алипбектің төрайымдылығымен жиналыс өткізілді.

Аталған шараға Түркістан облысының Әділет департаменті құрылымды бөлімдерінің басшылары мен қызметкерлері, ауданаралық сот актілерін орындау жөніндегі аумақтық бөлімдерінің басшылары қатысты.

Департамент қызметкерлері тарапынан сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу, болырмауды және мемлекттік қызметшілердің тарапынан әдептілік нормаларының сақталуы және еңбек тәртібін сақтау туралы баяндамалар оқылып, тақырыпқа сәйкес түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Түркістан: Қарақшылық шабуыл жасағандар ұсталды

 Полицейлер қарақшылық шабуыл жасап, қару қолданған туыс жас жігіттерді ұстады.

Түркістан облысы ПД бастығының орынбасары полиция полковнигі Құрманбек Сахов, Келес ауданында түнгі уақытта өзгенің тұрғын үйіне кіріп, қарақшылық шабуыл жасаған туыс жігіттердің ұсталғанын жеткізді. Оқиғаны толығырақ айтар болсақ, Келес аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын хабарласып, қарақшылық шабуылдың құрбаны болғаны жөнінде хабарлама түсірген. Анықталғандай, қарақшылар жәбірленушілерді қарумен қорқытып, оқиға орнынан бой тасалаған.

Тексеру кезінде жәбірленушінің айтуынша, үйіне белгісіз екі ер адам кіргені белгілі болды. Осы сәтте диван үстінде ұйықтап жатқан үй иесі оянып кетіп, сезіктілерден кім екенін сұрай бастайды. Алайда күдіктінің бірі оның, аузын жауып, дауыс шығармауына әрекет етеді. Осы сәтте үй иесінің әйелі оянып кетіп, ол күйеуіне төніп тұрған күдіктіге жармасады. Осындай арпалыс кезінде күдіктілердің бірі қолындағы пневматикалық қарумен оқ атып, үйден қашып кетеді. Нәтижесінде үй иесі жарақат алды.

Түнгі сағат 02:00 шамасында шырт ұйқыда жатқан отбасының тыныштығын бұзып, қарумен қылмыс жасаған күдіктілерді ұстауға тез арада Криминалдық полиция басқармасы мен Келес ауданының тәжірибелі полиция қызметкерлерінен жедел-тергеу тобы құрылды.

Олар күдіктілерді анықтауға бағытталған іздестіру іс-шаралар кешенін жүргізді. Аулаларды аралап, бейнебақылау камераларын мұқият қарап шықты. Көрген-білгендерден сұрастырды. Нәтижесінде жедел уәкілдер күдікті екі ер адамның жеке басын анықтады. Жинақталған ақпарат көздері арқылы одан әрі іздестіру жұмыстарын жүргізген тәртіп сақшылары, күдіктілерді тұрғылықты мекенжайынан ұстады. Аталған келестік тұрғындар бір-біріне туыс, жұмыссыз жас жігіттер болып шықты. Олар полиция бөліміне жеткізілді. Тінту кезінде сезіктілерден айғақты зат ретінде пневматикалық қару тәркіленді.

Қазіргі уақытта аталған жайт ҚР ҚК 192-бабы 3-бөлігі "Қарақшылық" бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктілер қамауға алынды. Тергеу барысында орын алған оқиғаның барлық мән-жайы анықталатын болады.

Түркістан облысының полицейлері азаматтарға қырағы болу және өз мүлкін сақтау шараларын қабылдау қажеттігі туралы ескертеді. Сондай-ақ мүмкіндігінше үйлерде бейнебақылау камералары мен күзет дабылын орнатуға кеңес береді.

Осы RSS каналға жазылу