Super User

Super User

Полицейлер үйінде сора өсірген ер адамды анықтады

Полиция қызметкерлері есірткі қылмысымен күресу мақсатында күнделікті жұмыс атқарады. Мәселен, Мақтаарал аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері «Қарасора-2022» жедел-профилактикалық іс-шарасын жүргізу барысында, жергілікті тұрғынның үйінде есірткі затына ұқсас өсімдікті өсіргенін анықтады.

Полицейлер күдіктінің ауласын тінту кезінде 9 түп есірткі затына ұқсас өсімдікті тәркілеп алды. Аталған өсімдікке сараптама тағайындалды. Оның қорытындысына сәйкес «сора» болып шықты. Полиция қызметкерлері аталған жайтты ҚР ҚК-нің 300-бабы «Құрамында есірткі заттар бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз егіп-өсіру» бойынша тіркеді. Қазіргі таңда күдікті ер адамға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға заңсыз есірткі затын өсіру, баптау, тасымалдаумен айналысу заңға қайшы екенін ескертеді.

Полицейлер «Атырау облысына жұмысқа орналастырып беремін» - деп алаяқтық жасаған тұрғынды ұстады

Кентау қалалық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Жәбірленуші ер адамның айтуынша, оның сырттай танысы Атырау қаласында жұмыс істейтінін айтып «Атырау облысына жұмысқа орналастырып беремін» - деп сеніміне кірген. Ол үшін 250 000 теңге ақшасын алып, қайтармай алдап жүргені туралы жазып көрсеткен. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеуге алды.

Осыдан соң тәртіп сақшылары күдіктіні табуға бағытталған іс-шараларды атқарды. Нәтижесінде небәрі тәулік ішінде алаяқтық жайтына қатысы бар күдікті ер адам ұсталды.

Анықталғандай, ол Атырау қаласында жұмыс жасамайтын кентаулық тұрғын болып шықты. Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Жетісай аудандық полиция бөлімінің жаңа бастығы саптық тексеріс өткізді

Полиция қызметкерлері – халықпен тығыз қарым-қатынаста қызмет атқаратын болғандықтан, олардың сыртқы келбеті басты назарда. Жинақылығы мен іс-әрекеті көптің назарында.

Осыған байланысты Жетісай аудандық полиция бөлімінің бастығы Әділбек Сапарбеков саптық алаңда жеке құрам қызметкерлеріне тексеріс жүргізді. Саптық тексеруде полиция қызметкерлерінің сыртқы келбеті, тазалығы мен ұқыпты болуына және нысандық киім кию үлгісінің талапқа сай болуына басты назар аударылып, қызметтік куәліктерінің түгелдігі, жарамдылық мерзімі, лауазымы мен арнайы атағының сай келуі және бейнежетондары мен планшеттердің жұмыс істеп тұруы тексерілді.

Тексеріс жұмыстарынан соң, жол көлік оқиғаларының алдын алу, болдырмау және жол-көлік оқиғалары орын алуы ықтимал жолдарға, яғни Жетісай қаласы мен Асықата кентіне рейдтік профилактикалық шаралар жүргізуге, елеусіз кемшіліктерді жою бойынша тиісті басшыларға тапсырмалар берді. Сонымен қатар жаңадан тағайындалған басшы полиция полковнигі Ә.Сапарбеков жұмыстардың атқарылуын қатаң бақылауға алатындығын жеткізді.

«Мектепке жол» акция аясында полицейлер балаларға сыйлықтар табыстады

2022 жылды мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Балалар жылы» деп жариялады. Балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау - еліміздің басым бағытының бірі. Сондықтан оларды қорғауға, сапалы біліммен қамтуға, мүмкіндігі шектеулі балалардың денсаулығына ерекше назар аударылуда.

Осы тұрғыда жыл сайынғы өткізілетін «Мектепке жол» республикалық акциясын Созақ аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жалғастыруда. Аталған қайырымдылық іс-шараға полицейлер өз үлестерін қосуда. Яғни басты мақсат – аз қамтылған, көпбалалы отбасы, жетім және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде көмек көрсету болғандықтан, сақшылар өз қаржыларына балаларға керекті оқу құралдарын сыйлады.

Балалардың ата-аналарын жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, мектепке қажетті формалар мен де қамтамасыз етті.

Мұндай игі бастамаларда тәртіп сақшылары тарапынан әр жыл сайын ұйымдастырылып келеді. Аталған үрдіс бұдан әрі де жалғасын таппақ.

Осы RSS каналға жазылу