Super User

Super User

10 қап шекер алып, жалған түбіртек көрсеткен ер адам анықталды

Ордабасы аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Әйел адамның айтуынша, оның азық-түлік дүкенінен танысы 10 қап шекер сатып алып, жалған түбіртек көрсеткен. Жәбірленушіге келген шығын көлемі 186 000 теңге. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеуге алды.

Тәртіп сақшылары хабарлама келіп түскен бойда, дереу іске кірісті. Олар қылмысты ашу үшін қажетті шараларды жүзеге асырды. Полицейлердің жедел іздестіру шараларының нәтижесінде, күдікті жас жігіт анықталды. Ол жергілікті тұрғын болып шықты.

Анықталғандай, күдікті жігіт оңай олжалы болуды көздеген. Ол алдын ала көлігіне 10 қап шекерді апарып салып алып, соңғы қапты алғанда кассаға жалған түбіртек көрсеткен. Ал қаптағы шекерді сатып, ақшасын жаратып жіберген. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Облыс полицейлері тұрғындарға алаяқтықтың алдын алу үшін сақ болуды ескертеді. Тұтынушылардың түбіртек көрсеткенінде, оның жалған емес екендігіне толық көз жеткізуді сұрайды.

Полицейлер жүргізуші куәлігінің мерзімі өтіп кеткен ер адамды анықтады

Республика көлемінде 19 шілде мен 18 тамыз аралығында «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық шарасы жүйелі түрде жүргізілуде. Осы тұрғыда Мақтаарал аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері рейдтік шара ұйымдастырды. Нәтижесінде, сағат 02:00 шамасында Мырзакент-Атакент тас жолы бойында қауіпсіздік белдігін тақпай келе жатқан «Mersedes Benz» маркалы автокөлікті тоқтатты. Жүргізушінің құжаттарын тексеру кезінде, оның жүргізуші куәлігінің мерзімі өтіп кеткені белгілі болды. Сонымен қатар, оның мас күйіне күдіктенген полицейлер, бірден медициналық сараптама тағайындады. Сараптама қорытындысына сәйкес, ер адамның алкоголдьді мас халде екендігі расталды.

Тәртіп сақшылары аталған көлік жүргізушісіне ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабы 2-бөлігі «Жол жүрiсi қағидаларында көзделген жолаушыларды және жүктердi тасымалдау, қауiпсiздiк белдіктерiн немесе мотошлемдердi пайдалану жөніндегі талаптарды сақтамау» және ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабы 2-бөлігі «Құжаттары жоқ және басқару құқығы жоқ адамның көлiк құралын басқаруы» бойынша хаттама толтырды. Сондай-ақ алкогольдік ішімдік ішіп, көлік басқарғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы 6-бөлігі «Көлік құралын басқаруға құқығы жоқ адамның масаң халде көлік құралын басқаруы» бойынша іс-құжаттар жинақталып, Мақтааарал аудандық сотына жолданды.

Облыс полицейлері тұрғындарға көлік жүргізуден алдын, құжаттарыңыздың толық болуын қадағалауды сұрайды. Және де мас халде көлік басқармауға кеңес береді.

Түркістандық полицейлер алтын бұйым ұрлаған күдікті әйелді қолға түсірді

Түркістан ҚПБ-ға алтын бұйымдарды сатумен айналысатын сатушы әйел арызданды. Жәбірленушінің айтуынша, белгісіз біреу оның сатылымда тұрған алтын білезігін жымқырып кеткен. Келтірілген шығын 250 000 теңгеге жуық. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 188-бабы “Ұрлық" бойынша тіркелді.

Қылмысты дер кезінде ашу мақсатында Түркістан ҚПБ-ның қызметкерлерінен арнайы жедел-тергеу тобы құрылды. Полицейлер шұғыл іздестіру жұмыстарын жүргізді. Куәлардан жауаптар алынып, ғимараттағы барлық бейнекамералар жіті қаралды. Нәтижесінде түркістандық тәртіп сақшылары күдіктінің ізіне түсті. Бір күн ішінде оның түр-тұлғасын анықтап, полиция басқармасына жеткізді.

Анықталғандай, күдікті жас әйел жергілікті тұрғын болып шықты. Ол оңай жолмен ақша табу мақсатында, сатушының байқамай тұрған сәтін пайдаланып, алтын бұйымды жымқырған. Бүгінде полицейлер айғақты зат ретінде күдіктіден ұрланған алтын әшекейлерді тауып, заңды иесіне қайтарды.

Түркістан облысы полиция қызметкерлері тұрғындарға ескертеді: үй-жайларыңызға, жеке ғимараттарыңыз бен нысандарға мықты құлып орнатып, бейнекамералармен жабдықтаңыздар. Сондай-ақ аулаларыңызды жарықтандырып, есік-терезелеріңізге темір тор жасатыңыздар. Егер де, сіз, осы секілді ұрлық жайтының құрбаны немесе куәсі болсаңыз, тез арада «102» нөміріне хабарлаңыз.

Велосипед ұрлаған Шымкент қаласының тұрғыны анықталды

Мақтаарал аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Әйел адамның айтуынша, сағат 23:00 шамасында өзінің тұрғын үйінің ауласына белгісіз тұлға кіріп, «KIDSDIK» және «Барыс» деген жазуы бар велосипедін жасырын жымқырып кеткен. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеуге алды.

Хабарлама келіп түскен бойда тәртіп сақшылары оқиға орнына бірден келіп жетті. Күдіктіні анықтау үшін қажетті шараларды жүзеге асырды. Көрген-білгендерден сұрастыру жұмыстарын жүргізіп, жақын аумақтарды түгел қарап шықты. Нәтижесінде, бұрын сотты болған ер адам ұсталды. Ол Шымкент қаласының тұрғыны екені анықталды.

Белгілі болғандай, сезікті түнгі уақытта тұрғындардың ұйқыда жатқан сәтін пайдаланып, арам ойын жүзеге асырған. Ол бөтеннің мүлкін ұрлап, оқиға орнынан бой тасалаған. Велосипедті сатып, ақшасын жаратып жіберген. Қазіргі таңда күдікті қамауға алынып, оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға ұрлықтың алдын алу үшін, тұрғын үйлер мен ғимараттарға бейнебақылау камераларын орнатуға кеңес береді. Сонымен қатар, есік-терезелерді мықтап жауып жатуды ұсынады.

 

Осы RSS каналға жазылу