Super User

Super User

ШЫМКЕНТ: ДОСТЫҚ САПАЛЫ ЭЛЕКТРМЕН ҚАМТЫЛАДЫ

Қаратау ауданына қарасты Достық шағын ауданын сапалы электр қуатымен қамту өзекті мәселенің бірі. Бүгінде электр тарату бекетіне керекті жабдықтар орнатылды. Жалғап қосу, қосылу көзіне кабель желісін жалғау және 13 электр трансформаторларын орнату, 7 шақырым 10 кВ кабель желісін тарту жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстарының 83%-ы аяқталды. Қарашада абоненттеу жұмыстары жүргізілмек. Сапалы электр қуатымен қамту үшін 8 нысанда құрылыс жұмыстары қарқын алған. Жыл соңына дейін шымкенттіктердің 99%-ы сапалы электр қуатын тұтынатын болады. Үшінші  мегаполисте қазіргі таңда, электрмен қамту деңгейі 97%-ды құрайды. Қаладағы 81 елді мекеннің 73-і сапалы электрмен қамтылған. Ал қалған 8 елді мекенде электр қуаты сапасыз. Өткен жылы қалада «Бозарық» 220 КВ мен«1-М-1» 110КВ электр тарату станциясы және 7 елді мекенде құрылыс аяқталып, пайдалануға берілген болатын. Нәтижесінде Ақжар, Жалын, Достық, Ынтымақ-2, Айкөл, Игілік және Тәуелсіздікке 20 жыл елді мекендері сапалы электр қуатымен қамтылды. Биылғы жоспар бойынша «Ақжар»110КВ қосалқы іске қосылып, Достық-2, Батыс, Тұран, Жаңаталап, Сәуле (276 орам) және Нұртас шағын ауданының тұрғындары мемлекеттік жүйедегі электр жарығына қол жеткізеді. Ал, 2023 жылы Қайнарбұлақ пен Солтүстік саяжай, Асар-2 (2-кезек) желі құрылысы аяқталып, пайдалануға берледі. Айта кетейік, қаланың даму жоспарына сәйкес, 2021-2025 жылдар аралығында 6 қосалқы станцияны пайдалануға беру жоспарланған. Шаһарда 2023 жылы Қызылсу 220кВ және ВЛ 220 кВ қосалқы станциясының құрылысы басталса, 2024 жылы Оңтүстік 220кВ, Тұран 110кВ, Ипподром 110кВ, Шымсити 110к станциялыраның құрылысы жүргізіледі. Аталған жұмыстар жүзеге асырылғанда 2025 жылы қалада сапалы электрмен қамту көрсеткіші 100 пайызға жетпек.

ҚАЛА ӘКІМІ КҮРДЕЛІ ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРІП ЖАТҚАН МЕКТЕПТЕРДІ АРАЛАДЫ

Жаңа оқу жылының басталуына санаулы күн қалды. Осы орайда, шаһар басшысы күрделі құрылыстан өтіп жатқан, ескі мектептерді аралап шықты.

М.Әйтеновтың атбасын бұрған алғашқы білім ордасы – А.Байтұрсынов атындағы №50 мектеп-гимназиясы болды. Құрылыс жұмыстарын көруге арнайы барған шаһар басшысы жауапты тұлғаларға тапсырылған істің сапалы орындалуын талап етті.

Қазіргі таңда А.Байтұрсынов атындағы №50 мектеп-гимназиясының ішкі бөлмелері сыланып, есік, терезе, электр жүйелері жаңартылуда. Алғашқы әскери дайындық, робототехника, биология, химия, физика кабинеттері де заман талабына сай жабдықталды. Қосымша су жаңа 500-ноутбук, 150 компьютер, 100 планшет сатып алынды.

Ғимаратты аралау барысында шаһар басшысы жұмыстың жүйелі түрде атқарылып жатқанына көз жеткізді. «Құрылысты мерзімінде тапсыруға асығамыз деп, сапаны естен шығармайық»-деген қала әкімі тиісті сала басшыларына құрылыс қарқынын жіті бақылауды тапсырды.

Мұнда күрделі жөндеу жұмыстарының 65%-ы біткен. Ендігі кезекте «отмостка» құю, сыртқы қоршауды салу, көгалдандыру сынды шаруалар атқарылуы тиіс.

 № 107 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІ ҚАЙТА ЖАҢҒЫРДЫ

Шаһар басшысы М.Әйтеновтың келесі бағыты - Сайрам тұрғын алабындағы Ю. Сареми атындағы №107 мектеп-лицейі. Аталмыш білім ордасы күрделі жөндеуден өтуде.

2000 орынға арналған мектеп 3 қабаттан тұрады. Бұл білім ошағының жылу жүйесі 11 жыл бұрын ауыстырылса, шатыры мен бірнеше есік-терезесінің қойылғанына 8 жыл болған. Биыл ғимараттың тозығы жеткен тұстары бүтінделіп, шатырының 955 м2 ауысты, электр жүйелері 100%-ға жаңарды. Информатика, физика, химия, биология, логопед кабинеттері заман талабына сай жаңғырып, 2 интерактивті тақта, 350 ноутбук, 130 компьютер, 200 планшет, 8 панель сатып алынды.

Ғимарат құрылысын тексеру барысында қала әкімі бірнеше кемшіліктерді байқап, ескертулер жасады.

«Тексеруші топпен істің 100% сапалы орындалуын келіп, қайта көретін боламыз»,-деді әкім жауапты сала мамандарына.

Жалпы білім ошағы жаңа оқу жылына 90%-ға дайын. Қазіргі таңда аяқ жолдар төселіп, асфальттау жұмыстары жүруде.

 №11 МЕКТЕПТІҢ ҒИМАРАТЫ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУДЕН ӨТУДЕ

Шымкент қаласының әкімі  А.Навои атындағы №11 жалпы орта мектебіне де барды.

Аталмыш білім ошағы осы кезге дейін күрделі жөндеу көрмеген. Биыл шатырынан бастап, есік, терезе, еденіне дейін толық жаңартылды. Жылу жүйелері 100%-ға ауыстырылып, жаңа қоршау салынды. Сонымен қатар, химия, физика, биология, информатика т.б. зерттеу-лабороториялық кабинеттері қосылды.

250 ноутбук, 100 компьютер, 10 панель сатып алынды.

-Мұның барлығы үлкен жұмыс және жауапкершілік. Жаңа оқу жылы қарсаңында оқушылар жаңа ғимаратқа көшкендей әсерде болады деп ойлаймын. Қандай да ақау шықса, жауапты мердігер мекеме жіберген қателіктерін 5 жыл ішінде қайта түзеп беруі тиіс. Осы жағын дұрыстап қадағалаңыздар,-деді әкім.

Әзірге жұмыстың 85% орындалған. Күрделі жөндеу қыркүйекке дейін толық аяқталмақ.

 

 

 

ШЫМКЕНТТЕ АШЫҚ ДИАЛОГ НӘТИЖЕ БЕРУДЕ

М.Әйтенов Абай ауданы тұрғындарымен кездесулері мен азаматтарды жеке қабылдауы барысында ауданға қатысты 110 хаттамалық тапсырма берген-ді. Бүгінде оның 57-сі орындалып, 53-і жұмыс барысында. Соның ішінде Ынтымақ шағын ауданына қатысты бірқатар мәселе шешілген.

Бүгін қала әкімі аудан тұрғындарымен кездесіп, атқарылған жұмыстарды қоғамдық бақылау кеңесінің мүшелерімен бірге талқылады.

Шешімін тапқан мәселелердің бірқатарына тоқталар болсақ ;

Ынтымақ-2 шағын ауданын сапалы табиғи газбен қамту мақсатында ЖСҚ әзірленуде. Құрылыс жұмыстары келер жылға жоспарланған.

Есенов көшесінің жарықтандырылмаған 1,2 км бөлігінде құрылыс жұмыстары жүргізілуде, қыркүйек айында аяқталады

Есенов көшесіндегі тозығы жеткен 300 метр аяқ жол салуға қаржы қаралды. Бүгінде мердігер мекеме тарапынан құрылыс жұмыстары жүргізілуде, қыркүйек айында аяқталады.

Ынтымақ-2 шағын ауданындағы 5 топырақ жолға шағал тас төселеді. Мердігер мекеме тарапынан жұмыстар жүргізілуде. Қыркүйек айына дейін пайдалануға беріледі.

Темірлан тас жолынан кіретін Ирисмат ата көшесі №55 қоғамдық көліктің бағытын кеңейту жұмыстары тамыз айының соңына дейін атқарылатын болады. Сонымен қатар, аяқ жол салу жұмыстары жолды кеңейту жұмыстары атқарылған соң жүргізіледі.

«Жаңаталап» тұрғын алабындағы Айбар көшесінің жалғасы (0,5 км) ағымдағы жөндеу жұмыстары есебінен асфальтталады. Жұмыстар 2022 жылдың қазан айында аяқталады.

«Самал-3» ш.а. кәріз жүйелерінің құрылыс жұмыстары 75 пайызға аяқталды. Жыл соңында 4300-ге жуық үйге кәріз қосылады.

Қала әкімі Абай ауданы белсенді тұрғындарымен кездесуде қала аумағына енген елдімекендердің инфрақұрылымдық жағдайы күн тәртібінен түспейтінін, мәселенің орындалуы тұрақты бақылауда екенін жеткізді.

ҚАЛАНЫҢ ИНФРАҚҰЛЫЛЫМЫ БАСТЫ НАЗАРДА!

Қала әкіміне энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы Б.Булатбеков 6 айдағы индикаторлардың орындалуы бойынша есеп берді.

Оның берген есебіне сенсек, Шымшаһар тұрғындары сапалы ауыз суға да, электр энергиясына да жақын күндері қол жеткізеді.

ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫ 100% САПАЛЫ АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛАДЫ

Шымкент қаласындағы 81 елдімекеннің 78-і сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілсе, Құрсай, Сайрам, Қайнарбұлақ елдімекендері ауыз суды кестемен тұтынады. Қала тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамту көрсеткішін арттыру мақсатында биыл 7 нысанда құрылыс жұмысы қарқынды жүріп жатыр. Олар: Құрсай 1,2 – кезек, Асар-2 екінші кезек, Нұртас ВС, Текесу е/м, Еңбекші ауданы жаңа құрылыс аумақтары және Қайнарбұлақ е/м. Ал, Сайрам елдімекенінде құрылыс жұмысын жүргізу үшін мемлекеттік сатып алу конкурсы жүргізіліп жатыр.

Бүгінгі таңда Құрсай елдімекенінде екі кезеңнен тұратын жобаның 80 пайыздан астам құрылыс жұмыстары аяқталып, 270 шақырым су құбыры орнатылды. Қайнарбұлақ тұрғын алабына ауыз су құбырын тарту құрылысы 2023 жылға өтпелі.

Осы жылдың қорытындысымен Құрсай, Асар-2, Текесу елдімекендері мен Нұртас су жинақтағыш ғимаратының құрылыс жұмыстары аяқталады. Нәтижесінде қала тұрғындарының сапалы ауыз сумен қамтылу көрсеткіші 99%-ға жетеді. Жоспарға сәйкес, Шымкент қаласының тұрғындары 2023 жылы 100 пайыз сапалы ауыз сумен қамтылады.

 43 МЫҢҒА ЖУЫҚ ТҰРҒЫН САПАЛЫ ЭЛЕКТРМЕН ҚАМТЫЛАДЫ

Шымкент қаласын электр қуатымен қамту көрсеткішін биыл 98 пайызға жеткізу жоспарға қойылған. Бұл мақсатта 5 елдімекен – Жаңаталап, Достық, Тұран, Нұртас, Сәуле шағын ауданында және Бозарықта 1 қосалқы станция, «Ақжар» 110 кВ қосалқы станцияларында құрылыс жұмыстары аяқталып, пайдалануға беріледі. Ал, Ынтымақтағы қосалқы станция, Нұрсат, Қайнарбұлақ, Батыс, Солтүстік саяжай шағын аудандарында құрылыс жүруде, келер жылы аяқталады. Нәтижесінде 2023 жылы қаланың электр қуатымен қамтылу деңгейі 100 пайыздық көрсеткішке жетеді.

Алғашқы жарты жылдықтағы жұмыстар нәтижесінде - Ақжардағы қосалқы станциясы жұмысы 97 %, Сәуле 97 %, Cолтүстік саяжай 88 %, Достық 80 %, Жаңаталап 67 %, Тұран 2-3 64%, Батыс 56 %, Нұртас 50%, Қайнарбұлақ 45 %, Бозарық 45 %, Нұрсат 33% орындалған.

 

Осы RSS каналға жазылу