Super User

Super User

ШЫМКЕНТ: ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНДАҒЫ 30 КӨШЕ ОРТАША ЖӨНДЕУДЕН ӨТУДЕ

Бұл туралы қала әкімінің аудан тұрғындарымен өткен есепті кездесуінде аудан әкімі Р.Мыңбаев айтты.

Әл-Фараби ауданындағы 279,5 шақырым жолға асфальт-бетон төселген болса, 19,6 шақырымы шағал тас. Өткен жылы 5 көшеге асфальт, 13 көшеге шағал тас төсеу жұмыстары жүргізіліпті.  Бұл жылғы жоспар бойынша 16,9 шақырымды құрайтын 30 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі де, 33 көшеге шағал тас төселеді. 2023-2024 жылдарға 48 көшені асфальттауға ұсыныс берілген.

Осылайша осы жылы сапалы жолдар үлесі 88 пайызға, 2024 жылы 100 пайыздық көрсеткішке жетеді.

Тілге тиек етейік, Шымкент қаласында ұзындығы үш шақырымнан асатын үш көшеге асфальт төселді. Жоспарға сәйкес, жыл сайын орташа жөндеу жұмыстары бойынша қаланың орталық магистралды көшелері ғана емес, аудандық маңызы бар ішкі орамдық көшелері де қамтылады. Еңбекші ауданы Базарқақпа тұрғын алабының Кендала, Жастар, Тельман көшелері орташа жөндеу негізінде асфальт төсеу жұмыстары толығымен аяқталып, қолданысқа берілді. Тұрғын алаптағы жалпы көше ұзындығы 3,80 шақырымды құрайды. Жобалық сметалық құжатына сәйкес, барлық көшелерге қалыңдығы 10 см асфальт төселді. Шымкент қаласында асфальтталған жолдардың жалпы ұзындығы – 2 029,2 шақырым. Қалада 2021 жылдың I тоқсанының қорытындысы бойынша бірқатар нысандарда жұмыстар аяқталды. Жыл басынан бері шұңқырларды жамау (3500 шаршы метр), тегістеу қабатын салу (1000 шаршы метр) жұмыстары орындалды. Ағымдағы жөндеу жұмыстары бірінші кезекте көлік қарқыны жоғары және қала орталығындағы магистралды көшелерде атқарылуда. Атап айтқанда, Жолан батыр, Саттарханов, Қазиев, А-2 автомобиль жолы, Бекболатов, Т.Рысқұлов (Дулати-Сайрам), Елшібек батыр және Тәуке хан көшесінде (Сайрам-Өндірістік аймаққа дейін) жөндеу жұмыстары жүргізілді.

ШЫМКЕНТТЕГІ ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНДА 32 БАЛАЛАР ОЙЫН АЛАҢШАСЫ ОРНАТЫЛАДЫ

Ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында қолға алынған «Халық қатысатын бюджет» жобасының үлесі жыл сайын артып келеді. Мәселен Шымқаладағы Әл-Фараби ауданында 2021 жылмен салыстырғанда 2022 жылы халық қатысатын бюджет үлесі 4 есеге артқан.

Ауданды өткен жылы 14 үйдің ауласы абаттандырылған болса, биыл 59 жобаға қаржы бөлінді. 50 балалар ойын алаңшасы орнатылып, 9 ашық спорт алаңшасы салынбақ. Бұл жұмыстарды тұрғындар дауыс беру арқылы таңдаған болатын.

2023 жылы 32 балалар ойын алаңшасы орнатылып, 7 ашық спорт алаңшасы салынса, 100 пайыздық меже орындалады.

 Айта өту керек, жоба аясында аумақты көгалдандыру, тротуарларды жайластыру, пандустар қою, арықтар салу және жөндеу, қоқыс тастайтын жерлерді жою, ортақ пайдалану орындарын құру, жөндеу және жарықтандыру, ойын және жаттығу алаңдарын құру, онда жабдықтар орнату секілді жұмыстар жасалады.

Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылы аулаларды абаттандыру және заманауи балалар ойын алаңшаларын құру мақсатында қала бюджетінен 2,5 млрд. теңге қаралды.
Айтпақшы,  2023 жылғы жоспарда 23 балалар ойын алаңшасын пайдалануға беру жоспарлануда. 2023 жылы 5 спорт алаңшасын орнату көзделіп отыр. Ауданның ойын алаңшалары мен спорт алаңқайлары салынатын шағынаудандарға  Тәуке хан, Д.Қонаев, Мәделі Қожа, Қазыбек би, М.Дулати, Желтоқсан, І.Іляев, Түркістан, Қабанбай батыр, А.Анаров, Ш.Рашидов көшелері және Қарасу, Ескі қала, Дархан, Шымкент май зауыты (МЖК) кіреді.
Осы тұста айта кетейік, балалар алаңшасы тұрғындардың өтінімі негізінде «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында орнатылады. Бұл жоба Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдасының аясында «Халық қатысатын бюджет» жобасы іске асыру мақсатында кез-келген қала тұрғыны қала аумағын абаттандыру, дамыту және жақсарту бойынша өз идеясын ұсына алады.

ШЫМКЕНТ ӘКІМІ ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Бүгін Шымкент қаласының әкімі М.Әйтенов Әл-Фараби ауданы тұрғындарымен есепті кездесуінде 350 ге жақын тұрғынмен қатар қалалық мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңес мүшелері, азаматтық қоғам өкілдері, құқық қорғау органдары мен басқармалардың басшылары және БАҚ өкілдері қатысты.

Шаһар басшысы Мұрат Әйтенов 2022 жылдың I жарты жылдығында тұрғын алаптар мен шағын аудандарды аралап, 84 кездесу өткізді. Осы аралықта тұрғындардан 874 ұсыныс-пікір түсіп, оның 374-і орындалды, 316-ы жыл соңына дейін орындалуы жоспарда. Ал, 184 мәселе ұзақ-мерзімді қажет ететіндіктен 2023-2025 жылдардың жоспарына енгізілген.

Сонымен қатар, әрбір ауданнан қоғамдық бақылау кеңестері құрылып, әр сенбі сайын тапсырмалардың орындалуы талқыланып келді. Олар бекітілген аумақта қандай жұмыстардың, қашан атқарылатыны туралы тұрғындарды ақпараттандыруда.

Әл-Фараби ауданындағы 279,5 шақырым жолға асфальт-бетон төселген болса, 19,6 шақырымы шағал тас. Өткен жылы 5 көшеге асфальт, 13 көшеге шағал тас төсеу жұмыстары жүргізілді. Бұл жылғы жоспар бойынша 16,9 шақырымды құрайтын 30 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі де, 33 көшеге шағал тас төселеді. 2023-2024 жылдарға 48 көшені асфальттауға ұсыныс берілген. Осылайша осы жылы сапалы жолдар үлесі 88 пайызға, 2024 жылы 100 пайыздық көрсеткішке жетеді. Есепті кездесуде аудан әкімі санитарлық тазалық және көгалдандыру жұмыстарының барысы туралы баяндады. Тазалық жұмыстарын жүргізу үшін аудан 7 секторға бөлінген. Мұнда ішкі орамдық көшелер аптасына 2 рет, 172 қоқыс жәшігі күніне 3 рет, 425 қоқыс жәшігі күніне 2 рет, көп қабатты тұрғын үй аулалары аптасына 4 рет қоқыстан тазартылады. Көгалдандыру және жасыл желектерді күтіп ұстау мақсатында биыл 6 ай көлемінде: 1750 дана ағаш қырқылған, 11 420 ағаш әктелген, 100 413 дана гүл және 3300 ағаш отырғызылған. Жыл соңына дейін 180 мың түп гүл, 8 мың ағаш отырғызу жоспарланған.

Айта кетейік, шаһар басшысы жиын соңында тұрғындарды толғандырған өзекті сауалдарға жауап берді.

ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА СПОРТ МЕКТЕБІ БОЙ КӨТЕРМЕК

Шымкент қаласы Бозарық-3 шағынауданындағы Шымкент қаласының ауыр атлетикадан олимпиадалық резервін дайындайтын балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған спорт мектебінің жанынан қосымша тағы спорт мектебі салынуда. Қала әкімі М.Әйтенов бүгін аталмыш ғимараттың құрылыс алаңында болды.

Аумағы - 0,3200 га. Жобаға сәйкес - нысанда бір ауысымда 10-нан 23 жас аралығындағы 100 оқушы жаттыға алады. Бірінші қабатта - ауыр атлетика залы (олимпиадалық штанга 190кг. 180 кг., тренажерлер), киім ауыстыру бөлмелері, жуынатын бөлмелер (ерлер - 64 орын, әйелдер - 36 орын), тренерлер бөлмесі, 16 орынға арналған асхана, медпункт, жұмысшылар мен қызметшілер бөлмелері болады. Ал, екінші қабатта - әмбебап спортзал (күрес, греко-рим күресі кілемдері, дзюдо татамиі, бокс рингі), жұмысшылар мен қызметшілер бөлмелері, жуыну және киім ауыстыру бөлмелері қарастырылған.

Құрылыс жұмыстары 2023 жылы ақталады.

Айта кетейік, Шымкент қаласының құрылыс басқармасы 2022 жылы бюджет есебінен бөлінген 56,8 млрд. теңгеге 90 нысанның құрылысын жүргізуде. Оның ішінде, 31 кредиттік тұрғын үй және 20 арендалық тұрғын үй салынуда. Сонымен қатар, Инженерлік инфрақұрылым бойынша Тұран шағын ауданында 5 жоба, Бозарық шағын ауданында 6 жоба, ӘІО 2 жоба және Жанаталап тұрғын алабында 2 жоба жыл соңына дейін пайдалануға беріледі. Әлеуметтік нысандардың құрылысы бойынша 13 нысанның (4 спорт нысаны, 3 мәдениет нысаны, 2 саябақ, 2 өрт сөндіру нысаны, 1 биотермиялық шұңқырдың және 1 денсаулық сақтау құрылысы) құрылысы жүргізіледі. Оның ішінде, 1 саябақ, 2 спорт нысаны, 1 өрт сөндіру нысаны және 1 биотермиялық шұңқырдың құрылысын биылғы жылы аяқтау жоспарлануда. Сондай-ақ, 8 мектеп құрылысы, 1 колледж, 1 оқушылар сарайы және 1 балалар шығармашылық орталығының құрылысы жүргізілуде. Жылдың аяғына дейін 5 мектеп, 1 колледж және 1 балалар шығармашылық орталығын пайдалануға беру жоспарлануда.

 

Осы RSS каналға жазылу