Super User

Super User

ШЫМКЕНТТЕГІ ЕҢБЕКШІ АУДАНЫН АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Биыл Еңбекші ауданында “Халық қатысатын бюджет” жобасы аясында І-кезеңмен 52 көпқабатты үйдің 36 ауласын абаттандыру жұмыстары жүргізілуде.

Жоба аясында аумақты көгалдандыру, тротуарларды жайластыру, пандустар қою, арықтар салу және жөндеу, қоқыс тастайтын жерлерді жою, ортақ пайдалану орындарын құру, жөндеу және жарықтандыру, ойын және жаттығу алаңдарын құру, онда жабдықтар орнату секілді жұмыстар жасалады.
Сонымен қатар, ІІ-кезеңмен 21 көпқабатты үйдің 11 ауласы абаттандырылып, 4 ашық спорт алаңша құрылып, 5 спорт алаңша қайта жөндеуден өтеді. Бүгінде мердігер мекемені анықтау бойынша мемлекеттік сатып алу жұмыстары өтуде.

Сонымен қоса, Сайрам шағынауданында да 10 көпқабатты үйдің ауласы абаттандырылады. Еңбекші ауданындағы Сайрам шағынауданының тұрғындары «Халық қатысатын бюджет» жобасына белсенді қатысып өз жобаларын ұсынған болатын. Нәтижесінде биыл 10 үйдің ауласы абаттандырылып, балалар ойын алаңшасы құрылады. Айта кетейік, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдасының аясында «Халық қатысатын бюджет» жобасы іске асыру мақсатында кез-келген қала тұрғыны қала аумағын абаттандыру, дамыту және жақсарту бойынша өз идеясын ұсына алады. 2021 жылы аулаларды абаттандыру және заманауи балалар ойын алаңшаларын құру мақсатында қала бюджетінен 2,5 млрд. теңге қаралды. Қазіргі таңда қаламыздағы көпқабатты 184 үйдің аулаларын абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Оның ішінде «Халық қатысатын бюджет» жобасының аясында тұрғындардың ұсынысымен 101 үйдің аулаларын абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, тұрғындардың игілігіне тапсырылуда. Бүгінге қаланың кез келген тұрғыны «электрондық үкіметтің» веб-порталына кіріп, өз ұсыныстарын қалдырып, кері жауап алу мүмкіндігі бар.

ШЫМКЕНТТЕГІ "ТАЛАНТ" МЕКТЕБІ ОҚУШЫЛАРДЫ ҚАБЫЛДАУҒА ДАЙЫН!

2020 жылдан бастап еліміздегі барлық қалалық мектептер жан басына қаржыландыру жүйесіне көшті. Аталған жүйе Шымкент қаласында өз нәтижесін беруде. Былтыр 21, биыл 20 мектеп жеке инвесторлар есебінен салынуда. Қала әкімі М.Әйтенов әрбір мектептің жаңа оқу жылына дайындығын тексеру мақсатында, білім беру ұйымдарын аралап көруде.Шаһар басшысы атбасын бүрған алғашқы білім ордасы - «№1 TALANT» жалпы білім беру мектебі болды.

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы, Ә.Жангелдин көшесі, №13 ғимаратта орналасқан «№1 TALANT» жалпы білім беру мектебі 1200 орындық, 5 қабаттан тұрады. Жобаға сәйкес 60 оқу бөлмесі, 48 кабинет, асхана, спорт залы, мәжіліс залы, медициналық кабинет бар.

Аталмыш мектеп оқу жылына балаларды қабылдауға толығымен дайын.

Келесі кезекте шаһар басшысы  - Әл-Фараби ауданы Қонаев даңғылында «OSCAR» лингвистикалық элиталы 480 орындық жекеменшік бастауыш мектебіне барды.

Мектеп 3 қабатты, 30 оқу бөлмесінен тұрады. Асхана, спорт залы, мәжіліс залы, медициналық кабинет те қарастырылған. Мектеп жаңа оқу жылына 95 пайыз дайын. Бүгінде мұнда жиһаздар қойылуда. Акт, спорт залға жұмсақ төсеніштер қойылып, асханаға қажетті заттарды да орналастыруда.

Айта кетейік, Шымкентте өткен жылы 11 764 орынға арналған 25 мектеп пайдалануға берілді. Нәтижесінде жаңа оқу жылында апатты мектеп мәселесі толығымен жойылып, үш ауысымды мектептер саны 14-тен 9-ға төмендеді. Биыл жалпы 34 мектептің құрылысы жүргізілуде. Оның ішінде 10 нысанның құрылысы 2021 жылдан өтпелі, ал 24 нысанның құрылысы жаңадан басталған. Жыл соңына дейін 24 мектепті пайдалануға тапсыру жоспарлануда. Нәтижесінде үш ауысымды мектептер саны 9-дан 5-ке төмендейтін болады. Шымкентте үш ауысымда білім беретін мектептер мәселесін 2023 жылы, ал орын тапшылығын 2025 жылға дейін толығымен шешу жоспарланған. Қаламызда жекеменшік мектептердің үлесі артып келеді. Биылғы жылы қолданысқа берілетін 24 мектептің 20-сы жеке инвестор есебінен.

ШЫМКЕНТ ӘКІМІ ЫНТЫМАҚ-2 ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Инженерлік-инфрақұрылым, жол, жерді заңдастыру. Абай ауданы тұрғындарымен өткен 6 айлық есепті кездесуінде Ынтымақ-2 шағын ауданының тұрғындары Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновке осы  мәселелерді айтқан болатын. Бүгін шаһар басшысы аталған шағын ауданға барып, тұрғындармен кездесіп, олардың мәселелерін өз көзімен көрді.

Шағын аудан өткен жылы электр жарығы және ауыз сумен қамтылды. Табиғи газ бойынша ЖСҚ әзірленуде, құрылыс жұмыстары келер жылға жоспарланған. Интернетпен қамтуда базалық станция орнатылуда, жыл соңында пайдалануға берілмек. 10 көшенің екеуі жарықтандырылған. Осы жылы 1 көше, келесі жылы 2 көшені жарықтандыру жоспарға енген.

Биыл емханаға баратын ұзындығы 1 шақырым жолға асфальтбетон төселді. Кешенді жоспарға сәйкес 2023 жылы жалпы ұзындығы 6,4 шақырымды құрайтын Қайыңды, Дарабоз, Қапланбек, Таң нұры, Кеңістік және Имантау көшелеріне орташа жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады.

Шағын ауданға №55, №19, №138, №66, №146 автобустары қатынауда. Барлық қоғамдық көліктер шағын ауданды толық қамтып, орталық көшелерінде кестеге сәйкес қызмет көрсетуде.

Тұрғындар сауалдарына жауап берген қала әкімі, негізгі мәселелердің шешімі мен мерзімін жеке-жеке түсіндіріп, тиісті сала басшыларына тапсырмалар берді. Жерді заңдастыру бойынша арнайы комиссия құрылып, әрбіріне жеке тоқталатыны түсіндірілді.

Айта кетейік, биылғы жылдан бастап Президент Жарлығына сәйкес әкімдердің халықпен кездесуі жаңа форматқа көшті. Осыған сәйкес қала әкімі тоқсан сайын тұрақты кездесулер өткізуде. Осы ретте Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов 2022 жылдың I жарты жылдығында тұрғын алаптар мен шағын аудандарды аралап, 84 кездесу өткізді. Тұрғындардан 874 ұсыныс-пікір түсіп, оның 374-і орындалды, 316-ы жыл соңына дейін орындалуы жоспарда. Ал, 184 мәселе ұзақ-мерзімді қажет ететіндіктен 2023-2025 жылдардың жоспарына енгізілген. Сонымен қатар, әрбір ауданнан қоғамдық бақылау кеңестері құрылып, әр сенбі сайын тапсырмалардың орындалуы талқыланып келді.

ШЫМКЕНТ: ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНЫҢ МЕКТЕП ТҮЛЕКТЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Ішкі саясат және жастар істері басқармасы жастармен жұмыс жүргізу және отбасы құндылықтарын насихаттау бөлімінің басшысы Талғат Сәлінұлы ауданға қарасты мектеп түлектерімен кездесті.

Кездесу барысында Еңбекші ауданындағы жастар саясатын жүзеге асыру барысы баяндалды.

Сонымен қатар Талғат Сәлінұлы түлектердің таңдаған мамандықтары бойынша оқуларын бітірген соң, мемлекеттік бағдарламар арқылы жұмысқа орналасуға болатындығын айтты. Жастарға өз тәжірибесімен бөлісіп, сұрақтарына жауап берді.

Кездесу соңында, Талғат Сәлінұлы түлектерге жаңа оқу жылында сәттілік тіледі.

Айта кетейік, бұған дейін еңбекші ауданының жастарымен қала басшысы кездескен болатын. Кездесу барысында Еңбекші ауданындағы жастар саясатын жүзеге асыру барысы туралы баяндалды. Қала әкімі жастар арасында қозғалып жүрген өзекті мәселелер мен ұсыныстарды тыңдады. Жұмыссыздық деңгейін төмендетіп, жоғары оқу орындарының, колледждердің түлектерін мемлекттік бағдарламалар арқылы тұрақты жұмысқа орналастыру; «Ерікті жастардың біліктіліктерін арттыруға арналған жобалардың санын көбейту.Жас режиссерларды қолдауға арналған фестивальдармен іс-шаралардың санын арттыру сыңды ұсыныстар ұсынылды. Мегаполис жастары бүгінгі күн мен болашаққа нық сеніммен қарауы жəне жан-жақты жарасымды жетілуіне,  қаламызды дамуына, көркейуіне жастардың ерекше қолдауы және жауакершілігі жоғары екендігін айтып, жастардаң барлық оң бастамаларын қолдайтынын жеткізді.

М.Әйтенов мегаполистің дамуында жастардың үлесі, жауапкершілігі мен белсенділігінің аса маңыздылығын алға тартты. Олардың болашаққа нық сеніммен қарауы жəне жан-жақты жарасымды жетілуіне, талантты жастарға жағдай жасап, барлық оң бастамаларды қолдауға дайын екендігін жеткізген болатын.

Айта кетейік, Шымшаһарда 240 мыңнан астам жас бар. Жоғарғы және арнаулы оқу орындарында 10 мың студент білім алуда. Кәсіпкерлікті дамыту аясында 18 мың жасты жұмыспен қамту көзделуде.

Осы RSS каналға жазылу