Super User

Super User

Түркістан полицейлері такси жүргізушісінен 10 келіден астам есірткі тәркіледі

"Қарасора-2022" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Түркістан облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілдері, патрульдік полиция қызметкерлерімен бірге есірткі заттарын тасымалдауы мүмкін деген күдікті жүргізушіні ұстады.

Нақтырақ айтсақ, тәртіп сақшылары жедел-іздестіру шаралары барысында Түлкібас ауданы аумағындағы "Батыс Қытай - Батыс Еуропа" тас жолында "Ауди С4" маркалы автокөлікті тоқтатты. Тінту кезінде автокөлік салонынан, ішінде есірткіге ұқсас заты бар 1 қап пен 1 полиэтилен пакет табылып, тәркіленді. Сараптамаға сәйкес, тәркіленген есірткі жалпы салмағы 10 келіден асатын "кептірілген марихуана" болып шықты. Анықталғандай, күдікті бұрын сотты болған, жеке тасымалмен айналысатын жүргізуші, Жамбыл облысының тұрғыны.

Қазіргі уақытта аталған жайт ҚР ҚК-нің 296-бабының 4-бөлігі "Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу" бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті қамауға алынды. Тергеу оқиғаның толық мән-жайын анықтайтын болады.

Түркістан облысының полицейлері азаматтарға есірткі заттарын заңсыз сақтау, тасымалдау және таратқаны үшін қатаң қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді. Сондықтан азаматтарға зиянды әдеттерден бас тартып, салауатты өмір салтын ұстануға кеңес береді.

Созақ: Жемқорлыққа жол жоқ шарасы өтті

Мемлекет басшысының Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған Тұжырымдамасы және оны іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарының 48-тармағында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуда қоғамдық кеңестің рөлін күшейту тапсырылған. Созақ аудандық сотының ғимаратында, сот төрағасы Ақылбек Дауренбековтың бастамасымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл және алдын алу, болдырмау бағыты бойынша дөңгелек үстел болып өтті.  «AMANAT» партиясы жанынан құрылған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі кеңестің төрағасы ретінде шараға Нұржамал МАЙУСОВА қатысты.. Сондай —ақ, дөңгелек үстелге, аудандық прокуратура, полиция қызметкерлері де қатыстырылды. Аудандық сот төрағасы А. Дауренбеков қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті арттыру бағытында өзара әрекеттесу алгоритмін алға тартып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдер картасын таныстырып және оны талқылап алдағы уақытта тәуекелдерді жоюға бағытталған жұмыстарды бірлесіп жүзеге асыруға шақырды. Қазіргі таңдағы мәселелердің бірі — қоғамдағы сыбайлас жемқорлық. Осы келеңсіз құбылыстың үдеп бара жатқаны ұрпақ тәрбиесіне зиян әкелетіні бәрімізді алаңдатады. Бұл мәселеге тереңірек үңілетін болсақ, сыбайлас жемқорлық ел болашағына, ұлттық қауіпсіздікке үлкен зиянын тигізеді. Яғни, осы келеңсіз құбылыспен күресу барша халықтың алдында тұрған ортақ мәселе екені айқын. Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік – экономикалық даму, нарықтық экономиканы құру инвестициялар тарту процесін баяулататын және демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына кері әсер ететін, елдің даму болашағына айтарлықтай қауіп төндіретін құбылыс. Халық өздерінің құқықтарын, өздеріне қарсы қандай да бір құқыққа қайшы іс-әрекет жасалған жағдайда қандай іс-қимыл қолдану керектігінің нақты жолдарын толық білулері қажет. Конституциялық тәртіпті қорғау, сыбайлас жемқорлықпен күрес аясында тиімді, бірыңғай жалпы мемлекеттік саясат жүргізу, мемлекет пен азаматтардың өмір сүруінің барлық салаларында сыбайлас жемқорлық пен оның көріністері деңгейін төмендету, қоғамның мемлекетке және оның институттарына сенімін нығайту бүгінгі күндегі басты мақсат болып табылады. Сыбайлас жемқорлық – заман ағысымен бірге өсіп-өркендеп, мол қаражат және қоғамдық бәсекелестік пайда болған жерлерге тамырын жайып, бүгінгі күнге дейін жойылмай отырған кеселдің бірі. Бұл кесел дамушы елдердегідей біздің жас мемлекетімізге де орасан зор нұқсан келтіріп отыр. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер әр салада жүзеге асырылуда. Әсіресе, халық парақорлық дертімен жиі бетпе-бет келеді. Сондықтан, кез келген ортада пара беру мен пара алудың жолын кесуде қоғам болып белсенділік танытуымыз қажет.Парақорлық мемлекеттік органдардың тиісті қызмет атқаруына кері әсерін тигізіп, беделіне нұқсан келтіреді, заңды қағидаларды теріске шығарып, азаматтардың конституциялық құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына түрткі болады. Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына сәйкес, сыбайлас жемқорлықпен күресті барлық мемлекеттік органдар мен онда қызмет атқаратын лауазымды тұлғалар жүргізуі тиіс. Мемлекеттік органдардардың ұжымдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының басшылары өз өкілеттігі шегінде кадр, бақылау, заңгерлік және өзге де қызметтерін тарта отырып, заң талаптарының орындалуын қамтамасыз етуге міндетті. Мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлық қылмыстар және осы тұрғыдағы құқық бұзушылықтарға бой алдыруының себебі көп. Кей мемлекеттік қызметшілердің құқық бұзушылыққа немқұрайлылық танытуы, кәсіби әдептілігінің жетіспеуі де, жеке басының қамын ойлауы да парақорлықтың дендеуіне септігін тигізуде. Осы мақсаттағы жұмыстарды жүйелі жүргізуге тағы бір серпін ретінде «Қазақстан Республикасында қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту және құқық қорғау қызметін одан әрі жетілдіру жөніндегі қосымша шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы қолданысқа енгізілген. Бұл Жарлық еліміздегі құқық қорғау органдары қызметтерін жетілдіруге бағыттала отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекеттермен олардың пайда болуының алдын-алуда жүйелі, әрі тұрақты шаралар атқаруды қамтамасыз етеді. Қызмет құзыреті бойынша Тәртіптік кеңесі Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңы мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметкерлерінің Ар-намыс кодексі талаптарының сақталуын қадағалап, аталған заңнама мен Кодекс талаптарының бұзылуына жол берген қызметкерлердің тәртіптік жауапкершілігін қарау белгіленген. Кез-келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Сыбайлас жемқорлық мемлекетті ішінен жоюдың бастамасы мен жетістіктерді жоққа шығаратын, ұлттық қауіпсіздікке қауіп-қатер әкелетіндігі күмәнсіз. Сондықтан да Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі басымдылықтарының бірі болып осы зұлымдықпен күресу болып табылады. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа байланысты қозғалған істер мен іс шаралар еске алынып, болдырмау және алдын алу жоспары бойынша прокуратура, полиция қызметкерлері ойларын ортаға салып, атқарылған шараларды атап өтті.«AMANAT» партиясы жанынан құрылған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл кеңесінің төрағасы ретінде кеңестің жрспарға сәйкес атқарып отырған жұмыстары да айтылды. Жемқорлық —індет, оны болдырмау баршамызға міндет деген жиналған қауым бұл індетпен күресуге жастарды да шақырды.

САЙРАМ: СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛҒАН АБЗАЛ!

ҚА АШМ ВБж ҚК-гі Сайрам аудандық аумақтық инспекциясының басшысы Бекзат ДӘРМЕНБАЕВ осылай дейді.

Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес сыбайлас жемқорлық қылмыстарға негізінен лауазымды қылмыстар жатады. Өмір көрсеткендей, қызмет өкілеттігін теріс пайдалану, билікті не қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану, пара алу, пара беру, парақорлыққа делдал болу, қызметтік жалғандық жасау, көрінеу жалған сөз жеткізу, сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап ету, көрінеу жалған жауап беру, сарапшының жалған қорытыңдысы немесе қате аудару, жалған жауап беруге немесе жауап беруден жалтаруға, жалған қорытынды беруге не қате аударуға сатып алу, лауазымды адамдардың сот үкімін, сот шешімін немесе өзге де сот актісін орындамау, осындай қылмыстардың барлығы жемқорлық сыбайластық байланыстарды пайдалану арқылы жасалады. Сыбайлас жемқорлықпен күрес уақыт өткен сайын күшеюде. Бүгінде аталған қоғамдық індеттің алдын алу, жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру қажеттілігі айрықша күн тәртібіне шығып отыр. Себебі, жемқорлық фактілері қарапайым жағдай емес, ол елдің әлеуметтік-экономикалық әлеуетін әлсірететін, қоғамды әділетсіздікке ұшырататын аса қауіпті індет. Сондықтан, парақорлықпен күрестің жылдар бойы жалғасуы заңды құбылыс. Ел мақсаты мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тиімділігін арттыру, сыбайлас жемқорлықтың кез-келген көрінісіне «мүлдем төзбеушілік» ахуалын қалыптастыру арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа бүкіл қоғамды тарту болып табылады. Қоғамның мемлекеттік билік институттарына сенімін арттыру, халықтың құқықтық мәдениетінің деңгейін көтеру де аталған құжаттың басты міндетіне жатқызылған. Әрине, сыбайлас жемқорлықпен күрес жолында оның алдын алу жұмыстарына көбірек мән берген жөн. Ол үшін жемқорлық көріністерінің белең алуына түрткі болатын факторларды анықтап, мейлінше індеттің алдын алған абзал. Сондықтан сыбайлас жемқорлықпен күресу барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық борышы деп білу керек.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң қабылданғаннан бері он жылдың ішінде, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер дәйектілікпен жүзеге асырылуда. Осы бағыттағы шаралар мен көкейтесті мәселелерді шешуде заңдылықты жетілдіру жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп келеді. Жалпы алғанда, қабылданған кешенді шаралар нәтижесінде сыбайлас жемқорлық көрністерінің азаюы байқалады. Сыбайлас жемқорлықтың жиі бой көрсететін, ең қауіпті түрі-парақорлық. Бірінші кезекте пара берудің себептерін, пара алудың жағдайларын түп-тамырын жою үшін қоғам болып белсенділік танытуымыз қажет. Яғни пара беру де, пара алу да пайдалы болмайтындай, үлкен қылмыс ретінде саналатындай жағдай, қоғамдық сана қалыптасуы қажет. Парақорлық мемлекеттік аппараттың қалыпты қызмет етуіне бөгет болып, билік және басқару органдарының беделіне нұқсан келтіреді, заңдылық қағидаларын жоққа шығарып, азаматтардың конституциялық құқықтары мен заңды мүдделеріне қысымшылық жасайды. Парақорлықтың алдын алу, жолын кесу, ашу және тергеу жұмыстары жоспарлы түрде жүзеге асырылып келеді. Қандай да болмасын «қолы да, жолы да ұзын» адамдар азаматтардың құқығын таптап, заңсыз әрекеттерге баратын болса, әділдікті орнатушы құқық қорғау органдары.

«Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» деп қара қылды қақ жарып, турасын айтып, әділдікке жүгінген қаймана халықтың ұрпағы бүгінгідей өз алдына ел болып, еңсесі биік дамыған мемелекеттердің қатарына жетуді көздеп отырған шақта сол адами қалып-парасат биігінен көрінуге тиіспіз.

Түркістан: «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!»

Қазақстанның мемлекеттік саясатының негізгі басымдықтарының бірі сыбайлас жемқорлықпен күрес болып табылады. Осы орайда облыстық мәдениет және халық шығармашылшығы орталығында «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» тақырыбы бойынша сауалнама өткізді. Жемқорлықтың салдарымен күрес қана емес, оның алғы шарттарын жою үшін сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, құқықтық сауаттылықты арттыру, заң талаптарын түсіндірмелері жайлы кең көлемде айтып өтті.

Сыбайлас жемқорлықты жою мақсатында әлі де талай жұмыстар атқарылу керегін баса айтып, сауалнамадағы сұрақтарды жан – жақты талқылады.

- Пара беру дегеніміз – қандай да бір коммерциялық келісімге келу үшін немесе жеке пайдасы үшін жасалған ынталандыру немесе марапаттау.Біз сыбайлас жемқорлық пен пара беруге немқұрайлықпен қарамаймыз және пара беруді жою мақсатында жасалатын барлық жүйелі әрекеттерді күшейтуге септігін тигізетін қарым-қатынастарды орнатуда әділ және кәсіби түрде әрекет етеміз.-  Біз сыбайлас жемқорлық пен пара беруге қарсы барлық заңдарды қолдаймыз. Дегенмен, біз 2010 жылғы сыбайлас жемқорлық туралы Ұлыбритания заңына бұрынғыша бағынамыз және өз мемлекетімізде де, шетелде де сол заңдарды орындаймыз. Бұл саясаттың мақсаты: (а) сыбайлас жемқорлық пен пара беруге қарсы саясатты қолдаудағы біздің және қол астымызда жұмыс істейтін қызметкерлердің міндеттерін анықтау; (ә) қызметкерлерімізді сыбайлас жемқорлық пен пара беру жағдайларын анықтау және олармен күресу жолдары туралы ақпаратпен қамтамасыз ету. - Сыбайлас жемқорлық пен пара беру қылмысына қатысы бар тұлғалар 10 жыл бас бостандығынан айырылады. Ал егер сыбайлас жемқорлыққа біздің қатысымыз бар екені анықталса, бізге шектеусіз мөлшердегі айыппұл салынып, мемлекеттік келісімшарттар тендеріне қатысу құқығынан айырылып, өз абыройымызға нұқсан келтіруіміз мүмкін. Сондықтан, заңның бізге бекіткен жауапкершіліктеріне мұқият мән береміз.

Парақорлық әділдікті жойып, зұлымдықтың жайылуына әкелетін ең негізгі себептердің бірі. Мысалы, мемлекеттік қандай да бір құжаттарға жауапты адамның пара алу арқылы біреудің құжатын алға шығарып, кезегі келген адамның ақысын аяқ асты етуі, дәрігерлердің пара алу арқылы сау адамға анықтама жазып беруі, құрылысқа жауапты адамның заңсыз ғимараттарға рұқсат беруі немесе рұқсат етілмеген құрылысқа пара алуы арқылы көз жұмуы сияқты істердің барлығы әділетсіздік деп танылады.

Айтарлықтай мөлшерде жасалған дәл сол іс-әрекет – мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, параның отыз еселенгеннен қырық еселенгенге дейінгі сомасы мөлшерінде айыппұл салуға не үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 
3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген іс-әрекеттер, егер олар: 
1) адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен; 
2) ірі мөлшерде; 
3) бірнеше рет жасалса, – мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, параның қырық еселенгеннен елу еселенгенге дейінгі сомасы мөлшерінде айыппұл салуға не жеті жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 
4. Осы баптың бірінші, екінші немесе үшінші бөліктерінде көзделген іс-әрекеттер, егер олар аса ірі мөлшерде жасалса немесе оларды қылмыстық топ жасаса, – мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, параның елу еселенгеннен алпыс еселенгенге дейінгі сомасы мөлшерінде айыппұл салуға не он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 
Парақорлыққа делдал болу (368-бап).Бұл қылмыс үшін жауапкершілік Қылмыстық кодекстің 368-бабында көрсетілген.Осы қылмыстың обьективті жағы парақорлыққа делдал болу, яғни пара алушыға және пара берушіге пара алу мен беру туралы олардың арасындағы келісімге қол жеткізуге немесе іске асыруға жәрдемдесу болып табылады. Парақорлықтың делдалы ретінде кінәлы боп табылу үшін пара берушіден немесе алушыдан сыйақы алғанына қарамастан танылады.

Делдалдық пара беру мен алуды жалғастыратын ерекше түрі — жеке қылмыс құрамына белінген. Бұл пара беру мен алудың келісім немесе нақты әрекеттермен жетістікке жету арқылы, делдал өзінің бастамасымен емес, пара беруші мен алушының сұрауы немесе тапсырмасы арқылы тікелей пара береді. Делдалдықтың ерекшеліп бұл субъектінің екі қылмыс жасалуына, яғни пара беру мен алуға жәрдемдеседі. Делдал — екі негізгі субъектілердің байланыстырушы бөлігі және өзінің ниетімен емес, пара беруші мен алушының ниеттерімен келісімге жетуге және іске асыруға көмектеседі. Пара алу және пара беру — субъектілерінің екі жағымен де 
байланысы бар болса, субъектіні парақорлықтың делдалы ретінде қарастыру керек. Пара беруге не алуға басқадай көмектесулер парақорлыққа делдал болып қарастырылмайды.
Парақорлыққа делдал болу қылмысының құрамы формальды және пара нақты берілген көзден бастап аяқталған қылмыс болып табылады.

1. Парақорлыққа делдал болу, яғни пара алушыға және пара берушiге олардың арасындағы пара алу және беру туралы келісімге қол жеткiзуге немесе оны iске асыруға ықпал ету – мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, параның он еселенгеннен жиырма еселенгенге дейінгі сомасы мөлшерінде айыппұл салуға не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 
2. Бірнеше рет жасалған не қылмыстық топ немесе адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып жасаған дәл сол іс-әрекет – мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, параның жиырма еселенгеннен отыз еселенгенге дейінгі сомасы мөлшерінде айыппұл салуға не алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 

Осы RSS каналға жазылу