Super User

Super User

ТҮРКІСТАН: ҚАСИЕТТІ ЖҰМА КҮНІ МЕШІТКЕ ЖИНАЛҒАН ЖАМАҒАТҚА ПАРАҚОРЛЫҚТЫҢ ҮКІМІ БОЙЫНША УАҒЫЗ АЙТЫЛДЫ

 Түркістан облысына қарасты барлық қала/аудан мешіттеріне жиналған жамағатқа парақорлық аясында уағыздар айтылды.

Жұма намазына жиналған өңір тұрғындарына мешіт имамдары асыл дінімізде пара алу мен пара берудің, делдал болу мен пара ұсынудың үкімі ауыр болатынын жеткізіп, адал ризықпен келген ас-тағамның маңыздылығы мен оңай олжаның берекесіздігін ортаға салды.

Рухани жиынға өңір тұрғындарынан бөлек, діни бірлестіктер мен әр түрлі этнос өкілдері де қатысты.

Пара – мансап иесін параға жығу мақсатында берілетін мүліктік құндылық. Ол пара мансап иесін өз тарапына тарту немесе пара беруші өз мақсатына жету үшін беріледі. Алла Тағала мұсылмандарға пара алудан және пара беру арқылы мансап иелерінің разылығын табудан тыйған. Сонымен қатар екі жақтың арасында (пара алушы мен пара берушінің) жүрген дәнекер де ауыр күнә істеген болады. Алла Тағала айтады: «Араларыңдағы малдарыңды бұзық жолмен жемеңдер. Сондай-ақ біле тұра адамдардың малынан бір бөлігін жеу үшін билерге апармаңдар». Имам Бухари және имам Муслим риуаят еткен хадисте Расулалла (солләл-лаһу ъаләйһи уә салләм) былай деген: «Алла Тағала пара берген және параны алғанды лағынеттеді».Зұлымдық ету мақсатында пара беру ауыр қылмыс әрі күнә. Сонымен қатар түрлі істі бітіру мақсатында пара беруге де болмайды. Бірде Расулалла (солләл-лаһу ъаләйһи уә салләм) Абдуллаһ ибн Рабаханы (родиял-лаһу ъанһу) яһудилерге жібереді. Олар құрма бақтың салығын төлеуі тиіс еді. Сонда яһудилер Абдуллаһты (родиял-лаһу ъанһу) параға жыққысы келіп, оған түрлі сыйлық ұсынады. Олардың бұл ісіне ол: «Сендердің параларың заңсыз. Сондықтан біз оны қабыл етпейміз»-деп жауап береді. (имам Малик) Жемқорлыққа алып баратын пара тіленушілік қоғамды бұзады. Пара жүрген жерде әділетсіздік әділ орнына қабылданып, тыйым салынған нәрсеге рұқсат етіледі және әділетсіз шешім шығарылады. Залымдар істі өз пайдасына шешу мүмкіндігіне қол жеткізеді. Пара жүрген жерде жауапкершілік деген болмайды. Ислам параның қандай түріне болмасын тыйым салады. Тіпті сыйлық ретінде берілген параның өзі харам. Сондықтан да, уа қадірменді мұсылман қауым! Күмәнді нәрседен аулақ болыңыздар! Харамнан Алла Тағаланың Өзі сақтасын!  «Уа мүміндер! Алла Тағаладан қорқыңдар. Әркім ертең үшін не жібергеніне қарасын. Алла Тағаладан қорқыңдар. Шәксіз Алла Тағала не істегендеріңді толық біледі. Сондай Алланы ұмытқан, Алла Тағала оларға өздерін ұмыттырған кісілер тәрізді болмаңдар. Міне солар бұзақылар»,-делінген.

Шариғатымыз пара алуға және пара беруге қатаң тыйым салады. Алла Тағала Құранда: «Бір-біріңнің мал-мүліктеріңді харам жолдармен жемеңдер. Сондай-ақ біле тұра ел-жұрттың мал-дүниесінің бір бөлігін күнәлі жолдармен жеу үшін (пара ретінде) басшыларға беруші болмаңдар!» ­– деп бұйырады. Келесі аятта: «Олар – өтірікке құлақ салушы, арам жеушілер» («Мәйда» сүресі, 42-аят), – деген. Осы аяттағы «сухт» сөзін имам Хасан және Саид ибн Жубайр сынды ғалымдар пара деп тәпсірлеген.

Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сухт жолымен пайда тапқан адамның жәннатқа кірмейтінін айтқан кезде қасындағылар: «Уа, Алланың елшісі, сухт деген не?» – деп сұрайды. Сонда Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Үкім шығару үшін пара алу» (Ибн Жарир) деп жауап берген. Сәубаннан (Алла оған разы болсын) жеткен риуаятта: «Алла елшісі пара беруші мен пара алушыны және дәнекерлік еткенді лағынеттеді», – деген (Имам Ахмад). Яғни пара алушы мен пара беруші арасында дәнекерлік жасаушы да ауыр күнә істеген болады.

Ислам ғұламалары пара алудың харам екенін бірауыздан мақұлдаған. Тіпті алдын ала шарт етіп берген сыйлық та пара болып есептеледі.

Парақорлық – қоғамның баяндылығын бұзатын індет. Пара жүрген жерде әділетсіздік орнап, адам мен қоғам құқығына қол сұғылып, заңның күші жойылады.   

Пара ретінде берілген мүлікті не сыйлықты алу харам болғандықтан, оны иесіне қайтарып беру міндет. Егер алынған зат табылмаса, сол заттың құнына тең басқа зат қайтарылады. Пара берген адам дүниеден өткен болса, ол зат оның мұрагерлеріне қайтарылады. Осылайша пара алушы бұл дүниедегі жазадан құтылады. Ал ақыреттік жазасынан құтылуы үшін Аллаға шынайы тәубе етіп, кешірім сұрау керек. Егер мүліктің иесін табу мүмкін болмаса, ол мүлік мұқтаж жандарға үлестіріліп беріледі (Али Хайдар. Дурару әл-Хуккам шарх мәжаллати әл-ахкам, «Дару алам әл-кутуб», 2003 ж., 4/592).

Үкім:

  1. Пара алу мен пара беру және параға дәнекерлік жасау – харам. Парақорлық жолмен табылған табыс та харам болып саналады.
  2. Пара алумен жиған дүние иесіне қайтарылады. Мүліктің (параның) иесі табылмаған жағдайда, мұқтаж жандарға таратылады.Айта кетсек, бұл игі үрдіс бүгін облыс аумағындағы барлық мешіттерді қамтыды.

ТҮРКІСТАН: БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДАҒЫ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ СЫРТҚЫ ТАЛДАУ БАСТАЛДЫ

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Түркістан облысы бойынша Департаменті 2022 жылдың 27 шілде - 7 қыркүйек аралығында Түркістан облысының Адами әлеуетті дамыту басқармасының, оған бағынысты мекемелер және ұйымдар қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жұмыстарын жүргізуді бастады.

Құрметті желі қолданушылары, егер де, Сізде аталған сала қызметіне қатысты қандай да бір нақты мәліметтеріңіз бен арыз-шағымдарыңыз, білдірер ұсыныс-пікірлеріңіз болса, төменде көрсетілген мекен-жайларға жолдауыңызды сұраймыз.

Барлық проблемалық сұрақтар мен құқық бұзушылықтардың нақты фактілері бойынша осы көрсетілген байланыс құралдары арқылы хабарласу қажеттігін жеткіземіз.

Мекен-жайымыз: Түркістан қаласы, Тәуке хан көшесі, №100.

Байланыс: +7701-778-28-57;

Эл.почта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Естеріңізге саламыз, Сіздің ашық ұстанымыңыз бен азаматтық белсенділігіңіз - сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерінде аса маңызды

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің туындауына Бірге тосқауыл болайық!

ТАСАРЫҚ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС ШАРАЛАРЫ АЙТЫЛДЫ

"Түркістан - Адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің жетекшісі Нұржахан Абуова жұмыс сапарымен Төлеби ауданына қарасты Тасарық ауылдық округінде болып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытында жиын өткізді.

Жиынға ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің бас маманы Гүлмира Төлегенқызы, ауылдық округ әкімдігінің қызметкерлері және өңір тұрғындары қатысты.

Сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстанның бүгінгі күнгі күрделі мәселелерінің бірі болып отыр. Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын ол саяси даму тұрғысынан да бір-біріне ұқсамайтын әлемдегі барлық елдердің қай-қайсысын болмасын қатты алаңдататыны анық. Мемлекеттің дамуына бармақ басты, бұрынғы өткен ата-бабаларымыз да дөп басып «тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» деген.

Олардың әділдік пен турашылдықты ту еткендігін ғасыр қайраткерлері Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би және тағы да басқа біртуар билер мен шешендердің өмірі дәлел болатындығын біз тарихтан жақсы білеміз. Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес, сыбайлас жемқорлық қылмыстарға негізінен лауазымды қылмыстар жатады.

Өмір көрсеткендей, қызмет өкілеттігін теріс пайдалану, билікті не қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану, пара алу, пара беру, парақорлыққа делдал болу, қызметтік жалғандық жасау, сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап ету, көрінеу жалған жауап беру, сарапшының жалған қорытыңдысы немесе қате аудару, жалған жауап беруге немесе жауап беруден жалтаруға, жалған қорытынды беруге не қате аударуға сатып алу, лауазымды адамдардың сот үкімін, сот шешімін немесе өзге де сот актісін орындамау, осындай қылмыстардың барлығы жемқорлық сыбайластық байланыстарды пайдалану арқылы жасалады.

Қазіргі таңдағы мәселелердің бірі — қоғамдағы сыбайлас жемқорлық. Осы келеңсіз құбылыстың үдеп бара жатқаны ұрпақ тәрбиесіне зиян әкелетіні бәрімізді алаңдатады. Бұл мәселеге тереңірек үңілетін болсақ, сыбайлас жемқорлық ел болашағына, ұлттық қауіпсіздікке үлкен зиянын тигізеді. Яғни, осы келеңсіз құбылыспен күресу барша халықтың алдында тұрған ортақ мәселе екені айқын. Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік – экономикалық даму, нарықтық экономиканы құру инвестициялар тарту процесін баяулататын және демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына кері әсер ететін, елдің даму болашағына айтарлықтай қауіп төндіретін құбылыс.

Халық өздерінің құқықтарын, өздеріне қарсы қандай да бір құқыққа қайшы іс-әрекет жасалған жағдайда қандай іс-қимыл қолдану керектігінің нақты жолдарын толық білулері қажет. Конституциялық тәртіпті қорғау, сыбайлас жемқорлықпен күрес аясында тиімді, бірыңғай жалпы мемлекеттік саясат жүргізу, мемлекет пен азаматтардың өмір сүруінің барлық салаларында сыбайлас жемқорлық пен оның көріністері деңгейін төмендету, қоғамның мемлекетке және оның институттарына сенімін нығайту бүгінгі күндегі басты мақсат болып табылады.

Сыбайлас жемқорлық – заман ағысымен бірге өсіп-өркендеп, мол қаражат және қоғамдық бәсекелестік пайда болған жерлерге тамырын жайып, бүгінгі күнге дейін жойылмай отырған кеселдің бірі. Бұл кесел дамушы елдердегідей біздің жас мемлекетімізге де орасан зор нұқсан келтіріп отыр.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер әр салада жүзеге асырылуда. Әсіресе, халық парақорлық дертімен жиі бетпе-бет келеді. Сондықтан, кез келген ортада пара беру мен пара алудың жолын кесуде қоғам болып белсенділік танытуымыз қажет.Парақорлық мемлекеттік органдардың тиісті қызмет атқаруына кері әсерін тигізіп, беделіне нұқсан келтіреді, заңды қағидаларды теріске шығарып, азаматтардың конституциялық құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына түрткі болады.

Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына сәйкес, сыбайлас жемқорлықпен күресті барлық мемлекеттік органдар мен онда қызмет атқаратын лауазымды тұлғалар жүргізуі тиіс. Мемлекеттік органдардардың ұжымдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының басшылары өз өкілеттігі шегінде кадр, бақылау, заңгерлік және өзге де қызметтерін тарта отырып, заң талаптарының орындалуын қамтамасыз етуге міндетті. Мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлық қылмыстар және осы тұрғыдағы құқық бұзушылықтарға бой алдыруының себебі көп. Кей мемлекеттік қызметшілердің құқық бұзушылыққа немқұрайлылық танытуы, кәсіби әдептілігінің жетіспеуі де, жеке басының қамын ойлауы да парақорлықтың дендеуіне септігін тигізуде.

Осы мақсаттағы жұмыстарды жүйелі жүргізуге тағы бір серпін ретінде «Қазақстан Республикасында қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту және құқық қорғау қызметін одан әрі жетілдіру жөніндегі қосымша шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы қолданысқа енгізілген. Бұл Жарлық еліміздегі құқық қорғау органдары қызметтерін жетілдіруге бағыттала отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекеттермен олардың пайда болуының алдын-алуда жүйелі, әрі тұрақты шаралар атқаруды қамтамасыз етеді. Қызмет құзыреті бойынша Тәртіптік кеңесі Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңы мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметкерлерінің Ар-намыс кодексі талаптарының сақталуын қадағалап, аталған заңнама мен Кодекс талаптарының бұзылуына жол берген қызметкерлердің тәртіптік жауапкершілігін қарау белгіленген. Кез-келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Сыбайлас жемқорлық мемлекетті ішінен жоюдың бастамасы мен жетістіктерді жоққа шығаратын, ұлттық қауіпсіздікке қауіп-қатер әкелетіндігі күмәнсіз. Сондықтан да Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі басымдылықтарының бірі болып осы зұлымдықпен күресу болып табылады.

Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ. Қоғамның барлық күш-жігерін біріктіріп, осы дерттің одан әрі ушықпауы үшін оны тоқтатудың барлық амалдарын қолдану арқылы ғана бұл құбылысқа тиімді түрде қарсы тұруға болады. Өткенімізге көз салсақ, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың көреген саясатының арқасында мемлекетіміздің тамыры тереңге тартып, нығая түсуіне бағытталған құқықтық заңнамалар мен іс-шаралар қабылданып, ел экономикасы мен әлеуметтік жағдайы түзеліп, әлем мемлекеттерінің ортасынан өз орынын айқындады.

Бүкіл әлемге өзінің біртұтастығымен, ажырамас бірлігімен танылды. Қоғам дамуының жаңа жолын таңдап, уақыттан туындаған әртүрлі кеселдерден айығуды міндет етіп қойды. Ол жол – Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлының бастауымен алға қойылған сыбайлас жемқорлықпен күрес жолы. Сондықтан сыбайлас жемқорлықпен күресу барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық борышы деп білу керек.

ТҮРКІСТАН: «АДАЛ ҰРПАҚ» ЕРІКТІЛЕР КЛУБЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУ

«Түркістан - Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Біркөлік шатқалында болып, "Адал ұрпақ" еріктілер клубының 100-ден аса мүшесімен кездесті.

Жас буынның сыбайлас жемқорлыққа қарсы мүлдем төзбеушілік мәдениетін қалыптастыруға негізделген шарада Нұржахан Абуова - Қожа Ахмет Ясауи бабамыздың "Әділ сөйлеп, адал жүр" деген даналық ойларын балаларға жеткізіп, оларды әділ болуға, парасатты болуға дәріптеді. Балалар қай кезде де әділдіктен айнымаған жөн. Әділдік – қоғам дамуының маңызды шарты. Әділеттілік –  әсіресе, ел-жұрттың тағдырын шешу үшін аса қажет қасиет» және «Бізге керегі – адалдық, ұқыптылық, тиянақтылық. Біз сонда ғана бәсекеге қабілетті мемлекет, зияткер ұлт қалыптастыра аламыз» дей келе, әділдік пен адалдық сынды құны биік қасиеттердің қазіргі қазақ  қоғамында  аса қажет,-деді Н.Абуова.  Адамдық болмыстың озық үлгісі болуға шақыратын Ясауидың даналық ойларынан дән іздеп қана қоймай, олар жаһандану дәуіріне аяқ басқан жас ұрпақтың санасына сілкініс жасауға және сол арқылы парасатты қоғамды қалыптастыруға ықылас танытып отыр. Жалпы Түркістандық ғұламаның еңбектеріне терең бойлай түссек, “Арыңды сақта,  болсаң да малға кедей” деген тіркесті сөздерінен  дүниеде жиған-тергенің  аз болса да,   ар өлшемің биік болуы тиіс екендігін шебер жеткізген.  Және “Жалтақтардан жөн сұрама, жолдан қалған,  Жаны АДАЛДЫ әр уақытта қолдайды Аллам”, – деген шумақтарынан теріс мінезділердің жолымен емес, адал ризықпен күн кешіп жүргендердің ізімен жүру қажеттігін және сол арқылы  мол сауапқа кенелуге болатынын атап өткен. Сондай-ақ, Қожа Ахмет Ясауи бабамыз: “… Ақылды алсаң, жараңдарға қызмет қылғын, АДАЛ жолды тұтқандарға ізет қылғын”,- деген өлең жолдары арқылы  замандастарын парасатты болуға үндеп,  бұқара халыққа таза ниетпен, адал еңбекпен қызмет қылу қажеттігін ерекше атап көрсетсе, “Пара алған әкімдер – арамдықпен жүргендер, Өз бармағын өзі шайнап өкінішпен қалады”,- деген Ахмет Ясауи қоғамның күрделі мәселесін ашық көрсетіп, пара алған би-болыс пен  шенді-шекпендінің және әкім-қараның ертеңгі күні өкінішпен өтетінін жеткізеді. Сондықтан да, ол “Диуани хикмет” еңбегінде  оқырман қауымды  қара бастың қамын ойлауға емес, халықтың  алғысына кенелуді мақсат етуге шақырады. Бұдан бөлек, әділдікті сүйген Ясауи бабамыз өзінің 60-хикметінде: “Арың таза болса, әр кез жеңіс сенде” деп өнегелі өсиет сөз қалдырған. Бұдан біздер, жеңіс жалауы – тек ары биік азаматтардың ғана қолында желбірейтінін және 102-хикметінде: “Қазы болған ғалымнан ПАРА істеп жегендер, Ондай ғалым жайын мен тар азаптан көрдім мен”, –    деп көлеңкелі қылмыс түріне жақын болған  азаматтардың болашағы тас түнек қараңғы болатынын ашық баяндаған.   Түп-тамырымыз бен ұлттық тарихымызға терең үңілсек, қазақ халқымыз сонау ықылым замандардан-ақ,  Қ.А.Ясауи сынды дана ойшыл бабаларымыздың асыл мұрасымен жіті танысып, қай дәуірде болмасын адалдық деген асыл қасиетпен азықтанып келгендігін  анық байқаймыз.   Ата-бабаларымыздан бері келе жатқан ар тазалығының биік өлшемін әрі қарай да  сақтап қалу үшін, біз  тәрбиеге тұнық туындыларымызды бүгінгі күні  қайта жаңғыртуға айрықша басымдық берудеміз. Сол себепті, біздер жаңа оқу жылында өскелең жас ұрпақты қазыналы еңбектері түркі мәдениетінің төрінде сақталған Қожа Ахмет Ясауидың  өнегеге толы өсиет сөздерімен танысу арқылы қоғамның парасатты тұлғасы болып қалыптасуға шақырамыз!  Жаңа оқу маусымында бабамыздың даналық ойларымен кемелденген ел жастары –  білім бәсекесінде адал білімді арқау ететініне сеніміміз мол! ,-деп қорытындылады ойын Н.Абуова. Шара соңында балалар адалдық аясында өзара пікір алмасып, Отанды құрметтеудің маңыздылығын ортаға салды.

Осы RSS каналға жазылу