Super User

Super User

ЖЕТІСАЙДА КӨЛІК ІШІНЕН ТЕЛЕФОН ҰРЛАНДЫ

Автокөлік ішінен ұялы телефон ұрлаған күдікті анықталды

Жетісай аудандық полиция бөліміне Шымкент қаласының тұрғыны шағымданды. Ер адамның айтуынша, сағат 07:30 шамасында оның «Опель вектра» маркалы автокөлігінен «Айфон 11» ұялы телефонын белгісіз біреу жасырын ұрлап кеткен. Жәбірленушіге келген шығын көлемі 350 000 теңге. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеуге алды.

Тәжірибелі тәртіп сақшылары хабар келіп түскен бойда оқиға орнына бірден келіп жетті. Олар қылмысты ашуға бағытталған қажетті шараларды жүзеге асырды. Жақын аумақтарды түгел қарап, көрген-білгендерден сұрастыру жұмыстарын жүргізді. Бейнебақылау камераларын көрді. Нәтижесінде, осы қылмысты жасаған күдікті анықталды. Ол Түлкібас ауданының тұрғыны болып шықты.

Белгілі болғандай, жәбірленуші Жетісайға жеке жұмыстарымен барған. Ол автокөлігін демалып алу үшін тоқтатып, ұйықтап кеткен сәтінде, күдікті бөтеннің мүлкін жасырын жымқырып, оқиға орнынан бой тасалайды. Ол телефонды сатып, ақшасын жаратып жіберген. Қазіргі таңда оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Түркістан облысының полицейлері ұрлық қылмысының алдын алу үшін жеке мүліктеріңізге сақ болуды ескертеді. Тұрғын үйлер мен авкөліктің есіктерін құлыптап жабуды ұсынады. Егер, сіз, ұрлыққа тап болсаңыз немесе куәсі болсаңыз, полицияға хабарласыңыз.

 

ТӨЛЕБИЛІК ТҰРҒЫН МАС КҮЙДЕ КӨЛІК БАСҚАРДЫ

Жүргізуші өмір бойы көлік басқару құқығынан және 1 жылға бас бостандығынан айырылды

Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу және жол қозғалысы қауіпсіздігін қадағалау кезінде, Төлеби ауданының полицейлері жарық шамын жақпай келе жатқан "Ваз-21074" маркалы автокөлікті тоқтатты. Құжаттарды тексеру кезінде полицейлер автокөлік иесінің мас күйде көлік жүргізгенін анықтады. Мұны сараптама қорытындысы растады.

Сонымен қатар 2021 жылдың желтоқсан айында сот шешімімен жүргізушінің 7 жыл мерзімге автокөлікті басқару құқығынан айырылғаны белгілі болды. Алайда, жүргізуші жол ережесін қайталап бұзып, мас күйде көлік тізгіндеген.

Жүргізушіге қатысты ҚК-нің 346-бабы, яғни "Көлік құралдарын жүргізу құқығынан айырылған және алкогольден, есірткіден және (немесе) уытқұмарлықтан масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын басқаруды осындай адамға беру немесе осындай адамның көлік құралын басқаруға жіберілуі" бойынша іс құжаттар жинақталып, Төлеби аудандық сотына жолданды. Сот жүргізушіні кінәлі деп танып, көлік басқару құқығынан өмір бойына және 1 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды.

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері автокөлік иелеріне жол жүру ережелерін қатаң сақтауға және мас күйінде көлік басқармауға кеңес береді.

Түркістан: Жер алып беремін деп алаяқтық жасады...

Түркістан ҚПБ-ға жергілікті тұрғын арызданып, алаяққа алданып қалғанын жеткізді. Яғни жәбірленушінің айтуынша, өзіне таныс ер адам 12 соттық жер телімін алып беремін деп сан соқтырып кеткен. Осылайша күдікті алдау жолымен 2022 жылдың наурыз айында оның 4 миллион теңге ақшасын алған. Алайда осы күнге дейін не жер алып бермеген не ақшасын қайтармаған. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеуге алды.

Жедел-тергеу тобы арызданушы жауабына сәйкес шұғыл іздестіру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде тәртіп сақшылары күдіктінің жеке басын анықтап, оны ҚПБ-ға жеткізді. Ол жұмыссыз жергілікті тұрғын болып шықты.

Белгілі болғандай, күдікті заңсыз әрекет жасау үшін әртүрлі өтірік сөздерін айтып жәбірленушіден ақша алған. Ал сезікті алған ақшаны өз қажеттілігіне жаратып жіберген. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға күмәнді қызмет ұсынған кез келген адамға сенбеңіздер деп ескертеді. Мәселеңізді тез арада шешемін деп, алаяқтарға алданып қалмаңыз. Барлық әрекеттерді дұрыс жасап, заң аясында ғана атқаруға дағдыланыңыз.

Мақтааралдық полицейлер велосипед ұрлаған күдіктіні анықтады

Мақтаарал аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Ер адамның айтуынша, сағат 16:30 шамасында аудандағы саябақта тұрған «STELS» маркалы велосипедін белгісіз біреу жымқырып кеткен. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеуге алды.

Полиция қызметкерлері хабар келіп түскен бойда оқиға орнына бірден келіп жетті. Олар қылмысты ашу үшін қажетті шараларды жүзеге асырды. Полицейлердің жүргізген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде, қылмысқа күдікті ретінде бұрын сотты болған ер адам анықталды. Ол жергілікті тұрғын болып шықты.

Белгілі болғандай, күдікті ешкімнің байқамай тұрғанын пайдаланып, оның велосипедін ұрлап, оқиға орнынан бой тасалаған. Бөтеннің мүлкін сатып, ақшасын жаратып жіберген. Тәртіп сақшылары велосипедті айғақты зат ретінде алып, заңды иесіне қайтарды. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға ұрлық қылмысының алдын алу үшін сақтық шараларын жасауды ұсынады. Дүкендерге, тұрғын үйлерге, ғимараттарға бейнебақылау камералары мен арнайы дабылқаққыштар орнатуға кеңес береді.

Осы RSS каналға жазылу