Super User

Super User

САЙРАМДЫҚ ТӘРТІП САҚШЫЛАР ДА АБАЙ КҮНІН АТАП ӨТТІ

Үкімет қаулысымен 10 тамыз - Абай күні болып бекітілді.

Бұл күн мемлекеттік мерекелер күнтізбесіне енгізіліп, жыл сайын халықтық мейрам ретінде аталып өтіледі.

Осы орайда барлық өңірдің өнерпаз полицейлері ұлы Абайға құрмет көрсету мақсатында жатқа оқуды жалғастырып жатыр.

Назарларыңызға Сайрам аудандық Полиция басқармасының полицейі Молдияр Қалыбектің Абай Құнанбайұлының 31-ші қара сөзін мәнерлеп айтқанын назарларыңызға ұсынамыз.

ТӨЛЕБИЛІК ПОЛИЦЕЙ АБАЙДЫҢ ӘНІН ДОМБЫРАМЕН АЙТТЫ

Полицей Қуаныш Абайдың әнін домбырамен шырқады.

Ұлы ақын Абайдың өлең жолдарын көпшілікке дәріптеу мақсатында Төлеби АПБ-нің Көші-қон қызметі тобының инспекторы полиция капитаны Куаныш Түймебеков, қазақтың қара домбырасымен баршамызға танымал "Желсіз түнде жарық ай" әнін шырқады.

Ол осылайша Хакім Абайдың шығармашылығына құрмет көрсетті.

ТҮРКІСТАНДЫҚ ПОЛИЦЕЙЛЕР АБАЙДЫҢ ӨЛЕҢДЕРІН АЙТТЫ

«Абай күні» қарсаңында түркістандық полицейлер Абайдың әнін жанды дауыста орындады

Әр жыл сайын 10 тамыз - қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың құрметіне "Абай күні" болып аталып өтіледі. Демек, бұл күн - ақиық ақынның шығармашылығын, құнды жазбаларын кейінгі ұрпаққа дәстүрлі түрде жеткізуге керемет мүмкіндік бермек. Осынау айрықша сәтте Түркістан облысының полицейлері ақынның көпшілікке кеңінен танымал "Көзімнің қарасы" әнін шырқады. Олар Абайға деген сағынышты сезіне отырып, әнді жүрекпен орындады.

Бұдан бөлек облыстық полицейлер Абай күніне тарту ретінде оның қара сөздері мен шығармашылығынан үзінділер оқып, көпшілікке ұсынуда. Формадағы сақшылардың ұлы кемеңгерге деген құрметі ерекше! Ендеше полицейлер шырқаған әнді қабыл алыңыздар.

М.ӘЙТЕНОВ: ЖАСТАРДЫ КӘСІПКЕ БАУЛУ КЕРЕК

Бүгін қала әкіміне Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының 6 айда атқарған жұмыстары туралы басқарма басшысы М.Шотанов есеп берді.

Шымкентте 245 мыңнан аса жас болса, оларға қолдау көрсету мақсатында 4 ауданнан жастар ресурстық орталықтары ашылып, жыл басынан бері 21 мың жасқа қызмет көрсеткен. Одан бөлек, 9 ірі сауда орталығында жастар ұйымдары құрылған. Олар кәсіпкерлікті дамыту және заңдастыру, спорттық шараларға тарту сынды бағытта жұмыс жасайды. «Профновигация» жобасы аясында мектеп оқушыларына кәсіптік бағдар жұмыстары бойынша 56 кездесу мен семинар-тренингтер, кәсіпорындарға экскурсиялар ұйымдастырылды.

Жастарды жұмыспен қамту мақсатында: NEET санатындағы жастар туралы тұжырымдама әзірленіп, бекітілді. Жыл басынан 27 рет бос жұмыс орындар жәрмеңкесі ұйымдастырылып, 4 100 жас жұмыспен қамтылды. «Мобильді топ» 48 шалғай елдімекенді аралап 15 000 астам жасқа ақпараттық түсіндірме жұмыстарын жүргізді. 6 828 жас мемлекеттік бағдарлама аясында жұмыспен қамтылды. Оның ішінде 162 жас алғашқы жұмыс орындары, 123 жас әлеуметтік жұмыс орындар, 3 623 жас тұрақты жұмыспен, 996 жастар практикасымен, 1 924 жас қоғамдық жұмыс орындарына жолданған. Қала әкімі – «Жастарды кәсіпкерлік іске баулу, жұмысқа орналастыру, оларға заманауи технологияны меңгерту күн тәртібінен түспей отырған өткір мәселелердің бірі. Әлеуметтік мәселесін шешу үшін, алдымен жұмыс мәселесін шешу қажет. Жұмыс істеймін деген жасқа мүмкіндік көп. Соны түсіндіру, жан-жақты қолдау көрсету – міндетіміз. Жастар орталықтарында осы бағыттағы жұмыстар күшейтілсін, - деп тапсырды.

Тілге тиек етейік, Шымкентте осы жылдың басынан 1500-ден астам жас мамандықтары бойынша «Жастар практикасымен жұмысқа жолданған. Жыл соңына дейін жоспардағы 2650 жасқа жолдама беру көзделіп отыр. Өткен жылы аталған бағдарламаға 2500 жас қатысса, олардың 1000-нан астамы тұрақты жұмысқа орналасқан. Жалпы, «Жастар практикасы» уақытша жұмыс орны болып есептелінеді. Бағдарламаға 29 жастан аспаған «жұмыссыз» мәртебесі бар және соңғы үш жыл ішінде (2020,2021,2022ж) жоғарғы оқу орындары мен колледждердің техникалық және кәсіби білім түлектері қатыса алады. Бүгінгі таңда бағдарлама жалақысы 30 АЕК көтеріліп 91 890 теңгені құрап отыр. Қатысу мерзімі 12 айға дейін ұзартылған.

Осы RSS каналға жазылу