Super User

Super User

Түркістан: ішкі істер органына жұмысқа тұрғызып беремін деп алдаған

Қазіргі таңда облысымызда қылмыстың өршіген түрі ол - алаяқтық қылмысы. Сондықтан да облыс полицейлері қылмыстың алдын алу мен болдырмау жұмыстарын жүйелі түрде жүргізуде. Атап айтсақ, Сарыағаш ауданында кезекті алаяқтық жайты орын алды. Яғни Сарыағаш АПБ-ға жергілікті тұрғын алаяқтың құрбаны болғанын айтып арызданған.

Оның айтуынша, танысы ішкі істер органына жұмысқа тұрғызып беретінін айтқан. Және ол үшін жұмыс ақысына 1 500 000 теңге қаражат алған. Алайда жәбірленуші күдіктіден бүгінгі күнге дейін уәде етілген жұмысты да, не өз ақшасын да ала алмаған. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркелді.

Түркістан полицейлері жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізіп, күдікті деп танылған жергілікті тұрғынды анықтап полиция бөліміне жеткізді. Орта жастағы күдікті азамат жәбірленушіні алдап, ақшаны өзіне алғаны белгілі болды. Сондай-ақ полицейлер сезіктінің ешқандай жерде жұмыс жасамайтынын анықтады. Қазіргі таңда тәртіп сақшылары оқиғаның толық мән-жайын тексеруде.

Түркістан облысы полицейлері азаматтарға сақ болуды, жақын таныс емес азаматтарға сенбеуді, яғни жұмысқа орналастырып беремін, несие болмаса басқа да әлеуметтік және материалдық көмектер алуға көмектесемін деушілерге сенбеңіздер деп кеңес береді.

Мақтаарал: Жыл басынан бері 1630 құқық бұзушылық анықталды

Мақтаарал аудандық полиция бөлімінің полицейлері ҚР-ның Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің ерекше бөліміндегі тәртіпсіздікке «нөлдік төзімділік» қағидатын жүзеге асыруға, азаматтардың құқықтық сана-сезімін қалыптастыруға және қоғамдық тәртіпті нығайтуға тікелей әсер ететін Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігімен белгіленген баптары бойынша, 2022 жылдың 7 айында жалпы нөлдік төзімділік қағидаты бойынша 1630 құқық бұзушылықты анықтады.

Атап айтқанда, ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабы «Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер» - 103, ҚР ӘҚБтК-нің 132-бабы «Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде болуына жол беру» - 5, ҚР ӘҚБтК-нің 423-бабы «Он сегіз жасқа толмаған адамдарға темекіні және темекі бұйымдарын сату және олардың сатуы» - 3, ҚР ӘҚБтК-нің 200-бабы «Қазақстан Республикасы заңнамасының алкоголь өнімін өткізу жөніндегі талаптарын бұзуы» - 1, ҚР ӘҚБтК-нің 204-бабы «Белгіленбеген орындарда сауда жасау» - 41 құқық бұзушылық тіркелді.

Сонымен қатар ҚР ӘҚБтК-нің 408-бабы «Ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын бұзу» - 489, ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы «Ұсақ бұзақылық» - 440, ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабы «Тыныштықты бұзу» - 24, ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы «Алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу» - 206 құқық бузушылық, ҚР ӘҚБтК-нің 441-бабы «Жекелеген қоғамдық орындарда темекі шегуге тыйым салуды бұзу» - 7, ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабы «Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде болуы» - 7, ҚР ӘҚБтК-нің 442-бап 2- бөлігі «Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғынжайдан тыс жерде болуы» - 227, ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабы «Қоғамдық орындарда тиісу» - 74 құқық бұзушылық анықталды.

Мәселен, полиция қызметкерлері қоғамдық орындарды тексеру кезінде адамның қадір-қасиетіне нұқсан келтіретіндей дәрежеде мас халде жүрген 206 тұлғаны анықтап, олардың әрқайсысына айыппұл салған.

Түркістан: Ауруханада ұялы телефон ұрлаған ер азамат ұсталды

Төлеби ауданы ПБ кезекші бөліміне жергілікті тұрғын ер азамат арызданды. Онда ол ауруханаға екпе салдыруға келген кезінде белгісіз біреулер үстел үстінде тұрған «Самсунг А11» маркалы ұялы телефонын ұрлап кеткенін көрсеткен. Келтірілген жалпы шығын көлемі 100 000 теңгеге жуық. Аталған дерек ҚК 188-бабы, яғни «Ұрлық» қылмыстық құқық бұзушылығы бойынша тіркелді.

Орын алған ұрлық қылмысын ашып, күдіктіні ұстау мақсатында полицейлерден жедел-тергеу тобы құрылды. Тәртіп сақшылары көрген-білгендерден жауап алып, бейнебақылау камераларын тексерді. Нәтижесінде тәртіп сақшыларының атқарған жан-жақты тексеру жұмыстарының арқасында, аз уақыт ішінде күдікті ер азамат ұсталды.

Белгілі болғандай күдікті азамат жергілікті тұрғын болып шықты. Бүгінде қолды болған ұялы телефон заңды иесіне қайтарылды. Қазіргі таңда аталған жайтқа байланысты тергеу амалдары жүргізілуде.

Түркістан облысы полицейлері ұрлықтың алдын алу мақсатында өздеріңізге тиесілі ғимараттар мен аулаларға бейнебақылау камераларын орнату керектігін ескертеді.

Сондай-ақ,  мүліктеріңізге сақ болып, қараусыз қалдырмаңыздар. Адам көп шоғырланған аймақтарда құнды заттарыңызға берік болып, сақтық шараларын жасаңыздар. Егер, сіз, ұрлық қылмысының құрбаны немесе куәгері болсаңыз, тез арада “102” нөміріне хабарласыңыз.

Жалпы, айта кетейік, облыста телефон ұрлығына қатысты деректер көп тіркеледі.

ТҮРКІСТАН ПОЛИЦИЯСЫНА МАМАН ҚАЖЕТ!

Түркістан облысы Полиция департаментінің бос лауазымдарға конкурстық негізде орналасуға қабылдау  туралы хабарлайды.

Жиналған құжаттарды Түркістан облысы Полиция департаментіне тапсыруы қажет. Мына мекен-жай бойынша: Түркістан облысы, Түркістан қаласы, Ерубаев көшесі, № 197Е.

Анықтама телефондары: 8-725-33-5-98-36, 5-85-88, Факс: 5-85-72

Осы RSS каналға жазылу