Super User

Super User

Түркістан облысы прокурорының қатысуымен «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдер» картасы бойынша атқарылатын жұмыстар талқыланды

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінде облыс прокуроры Марат Алиханов пен Департамент басшысы Қанат Қожахметовтың қатысуымен «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдер» Картасы аясында атқарылатын жұмыстар талқыланды.

Жиында сөз алған Марат Тлеуқабылұлы Агенттік әзірлеген тәуекелдер картасының қоғам алдындағы маңыздылығына айрықша тоқталып, Департаменттің жеке құрам қызметкерлеріне бұл әдістің жемқорлыққа қарсы күрес жұмысын жетілдіруге және өңірдегі жиі ұшырасатын жемқорлықтың деңгейін төмендетуге тигізер үлесін талқыға салды.

Жиын барысында азаматтардың әл-ауқатын тұрақтандыру мен тұрмыс сапасын қамтамасыз етуге бағытталған аталмыш Картаны Түркістан облысында сапалы жүзеге асыру тетіктері ортаға салынып, ең алдымен білім, медицина, әлеуметтік сала, жер, ауылшаруашылық, құрылыс, тұрғын үй қатынастары салалары бойынша халықтың қажеттіліктері мен талап-тілектерін қанағаттандыруға басымдық беру қажеттілігі баса атап өтілді.

Жиын соңында Агенттік тарапынан жүктелген маңызды міндетті тиімді іске асыруға бағытталған ұсыныс-пікірлер айтылды.

БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДАҒЫ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ СЫРТҚЫ ТАЛДАУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗУ БАСТАЛДЫ Қайта оралу

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Түркістан облысы бойынша Департаменті 2022 жылдың 27 шілде - 7 қыркүйек аралығында Түркістан облысының Адами әлеуетті дамыту басқармасының, оған бағынысты мекемелер және ұйымдар қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жұмыстарын жүргізуді бастады.

Құрметті желі қолданушылары, егер де, Сізде аталған сала қызметіне қатысты қандай да бір нақты мәліметтеріңіз бен арыз-шағымдарыңыз, білдірер ұсыныс-пікірлеріңіз болса, төменде көрсетілген мекен-жайларға жолдауыңызды сұраймыз.

Барлық проблемалық сұрақтар мен құқық бұзушылықтардың нақты фактілері бойынша осы көрсетілген байланыс құралдары арқылы хабарласу қажеттігін жеткіземіз.

Мекен-жайымыз: Түркістан қаласы, Тәуке хан көшесі, №100.

Байланыс: +7701-778-28-57;

Эл.почта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Естеріңізге саламыз, Сіздің ашық ұстанымыңыз бен азаматтық белсенділігіңіз - сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерінде аса маңызды

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің туындауына Бірге тосқауыл болайық!

Түркістан облысында пара алған мектеп директорына үкім шықты

Ағымдағы жылғы 21 шілдеде Түркістан облысы Түлкібас аудандық соты Түлкібас ауданындағы Майлыкент жалпы орта мектебінің директоры Ақмарал Айсадыковаға қатысты айыптау үкімін шығарды.

Сот үкімімен оған 6 млн. теңге айыппұл төлеу жазасы мемлекеттік қызметте қызмет атқаруға өмір бойына тыйым салумен тағайындалды.

А.Айсадыкова ағылшын тілі мұғалімінен жұмысқа орналастыру және жалпы қамқорлығы үшін 200 000 теңге көлемінде пара алғаны үшін кінәлі деп танылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Түркістан облысында тұрғынның ұялы телефонын күштеп тартып алған күдікті ұсталды

Төлеби АПБ-ға жергілікті тұрғын арызданды. Жәбірленушінің айтуынша, оған аудан көшелерінің бірінде белгісіз азамат шабуыл жасап, құны 150 мың теңге тұратын "Самсунг" ұялы телефонын тартып алған. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 191-бабы "Тонау" бойынша тіркелді. Оқиға орнына Төлеби АПБ полицейлері шықты.
Күдіктіні ұстау мақсатында, тәртіп сақшылары куәлардан жауап алып, басқа да қажетті іс-шараларды жүзеге асырды. Жедел шаралардың нәтижесінде тонау қылмысына қатысы бар күдікті «ізі суымай» қолға түсті. Ол жергілікті тұрғын болып шықты. Анықталғандай күдікті сол сәтте мас халде болған.
Қазіргі уақытта аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Айғақты зат ретінде ұялы телефон тәркіленіп, заңды иесіне қайтарылды. Полиция қызметкерлері күдіктінің басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығын тексеруде.
Түркістан облысының полицейлері азаматтарға қырағы болуды және ұялы телефондарды қараусыз қалдырмауды ұсынады. Егер, сіз, тонаудың немесе бөтеннің мүлкін ұрлаудың құрбаны немесе куәсі болсаңыз, 102 телефоны арқылы полицияға хабарласыңыз.
Осы RSS каналға жазылу