Түркістан қаласында көктемгі абаттандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде
Қала аумағында көктемгі абаттандыру және санитарлық тазалық жұмыстарын ұйымдастыру бағытында кешенді шаралар қарқынды түрде жүзеге асырылуда. Аталған жұмыстар аясында туристік нысандар,көшелер мен тұрғын үйлер аулаларында тазалық сақтау, қоқыстарды дер кезінде шығару, жол жиектерін ретке келтіру жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде.