Super User

Super User

Шымкент: «Шаңырақ» күніне орай жаңа туған аналарға құрмет көрсетілді

Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасының ұйымдастыруымен «Шаңырақ» күні аясында қаладағы жаңа босанған аналарға құрмет көрсетілді.  Мерекелік іс-шара қаладағы төрт перзентханада бір уақытта өткізілді. Бұл шара аналар мен сәбилерге деген құрмет пен мейірімнің айрықша көрінісі болып отыр.

Түркістанда 500-ден астам жас домбырашы бір мезетте күй тартты

Жалпыұлттық Наурызнама онкүндігі аясында Түркістан облысында «Күй күмбірі» атты ауқымды мерекелік іс-шара өтті. Игі бастама Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің бастамасымен және Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен жүзеге асырылды.

Түркістанда көкпардан әлем чемпионаты басталды

17 наурызда Түркістан қаласындағы жаңадан салынған атшабарда көкпардан әлем чемпионаты жалауын көтерді. Дүбірлі додаға әлемнің 9 елінен командалар қатысуда. Атап айтқанда, Ауғанстан, Қытай, Мажарстан, Моңғолия, Ресей Федерациясы, Тәжікстан, Өзбекстан, Түркия және Қазақстан құрамалары жүлде жолында бақ сынайды.

Отырарда «Ұлттық құндылық – ел қазынасы» атты рухани кеш өтті

16 наурыз – Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күніне орай Отырар аудандық мәдениет үйінде «Ұлттық құндылық – ел қазынасы» атты тағылымды кездесу кеші ұйымдастырылды. Шара аясында белгілі суретші, ақын, Отырар ауданының Құрметті азаматы Мәлік Әділхан Табылханұлымен кездесу өтті.

Осы RSS каналға жазылу