Дүйсенбі, 08 Қазан 2018 16:06

Түркістан облысы: Сарығаш ауданындағы ауруханаға көлік кілті табыс етілді

Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Сарыағаш ауданына сапары барысында өңірдегі орталық ауруханаға арнайы аялдады. Мекеменің инсульт орталығындағы соңғы заманауи құрылғымен жабдықталған томография кабинетін саланатты түрде ашып берді. 

Ондағы жаңадан орнатылған компьютерлік томографияның жұмысымен танысты. Сондай-ақ облыс басшысы сарыағаштық дәрігерлерге 3 автокөліктің кілтін тапсырды. Бұл игілікті істер Елбасының медицина саласына жасаған қолдауының нәтижесінде болып жатқанын тілге тиек еткен өңір басшысы аурухана ұжымына сәттілік тіледі.

«Мемлекет басшысы қашанда елдің денінің саулығына үлкен көңіл бөліп келеді. Қазір облысымызда модульді пунктер салынып, дәрігерлерге арналған арнайы тұрғын үйлер де бой көтеріп жатыр. Қазіргі таңда тұрғындарға сапалы мамандандырылған қолжетімді медициналық қызмет ұсынып, медициналық мекемелердің материалдық-техникалық базасын нығайтып келеміз. Дей тұрғанмен ауырып ем іздегенше, ауырмау үшін көпшілікті спортпен шұғылдануға шақырамын», - деді Жансейіт Қансейітұлы.

Сарыағаш аудандық ауруханасында ашылған жаңа томографиялық кабинет алдағы уақытта өңір тұрғындарының денсаулығының саулығы үшін қызмет етпек.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Оқылды 1098 рет