Жұма, 16 Тамыз 2024 16:37

Шымкент: Адам папиллома вирусына қарсы вакциналау басталады

Қазақстанда жыл сайын жатыр мойыны обырынан - 1900-ге жуық жаңа жағдайлар тіркеледі, оның ішінде - 600-ден астам әйел бір жылда осы дерттен көз жұмады. Елімізде жатыр мойны обыры барлық жастағы әйелдер арасында сүт безінің обырынан кейінгі кең таралған обырдың екінші түрі болып табылады.

 

Қалалық онкологиялық орталықтың емдеу ісі бойынша директордың орынбасары Самат Исмаиловтың айтуынша, жатыр мойны рагы Қазақстанда 25 пен 44 жас аралығындағы әйелдерде жиі кездесетін қатерлі ісік. Елімізде жыл сайын жатыр мойны обырының 1900-ден астам жаңа жағдайы анықталады екен. Бұл дегенеміз, жыл өткен сайын қатерлі ауру дендеп келеді. Ал, жыл сайын 600-ге жуық әйел осы дерттен қайтыс болады. Шымкент қаласы бойынша 2023 жылы жатыр мойны рагы түрлі қатерлі дерттермен салыстырғанда бес орынды тұр.  Жалпы онкологиялық аурулардың 6,5 пайызын құрайды. 2024 жылдың 7 айының қорытындысы өткен жылмен жылмен салыстырғанда еселенген.

– Былтыр 98 адам дәл осы жатыр мойнының обыры дертіне шалдықса, 2024 жылдың 7 айлық есебі бойынша «Д» есепте 765 науқас тіркелген.  Өмірінде алғаш рет осы дертке шалдыққан 51 науқас есепке алынған. 0-I сатысында 15 науқас, бұл 29,4 пайыз. II сатысында 34 науқас, бұл 66,7 пайыз.  III  сатысында 2 науқас, бұл 3,9 пайызы. IV- сатысында – 0 жоқ.  2024 жылдың 7 айындағы  жатыр мойны рагімен 38 111 әйел кісілер скринингтік  тексеруден өту керек болса,  7  айда 29 577 әйел кісі өткен. Бұл  77,6 пайызды құрады. Жалпы  анықталған ісік алды патологиялар 755 жағдайда (2,6  пайызында), оның ASC-H-  97, HSIL -180, AGC – 8, HSIL (CIS) – 20, 20 рак табылған,-дейді Самат Исмаилов. 

15 жылдан астам (АПВ) қарсы вакцина Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстанды қоса алғанда, дүниежүзінің 135 мемлекеттерінде жасалады.

Вирус анадан сәбиге оның босану жолдарымен өту кезінде беріледі. Сүйелдер көбіне нәрестелерде өмірінің алғашқы жылдарында ауызда немесе теріде пайда болады.

• 2024 жылғы күзден бастап Қазақстанда 11 жасар қыз балаларға АПВ-ға қарсы вакцинация жүргізілетін болады.

• АПВ-ға қарсы вакцина мектептерде немесе тіркелген мекенжайы  бойынша  емханаларда екпе кабинеттері арқылы тегін негізде қолжетімді.

• Вакцинация ата-аналар немесе қамқоршысының ақпараттандырылған жазбаша келісімімен  жүргізіледі.

• Вакцинация қарсы көрсетілімдер болмаса, дәрігердің қарап тексеруінен кейін 6 ай аралықпен екі рет жүргізіледі.

Вакцина - адам жұқтырғанға дейін енгізілсе, ең тиімді болып табылады. АПВ 25 жасқа толмаған адамдар арасында жиі кездеседі. Сонымен қатар, осы жастағы вакцинация ең күшті иммундық реакцияны қамтамасыз етеді.

Айта кету керек, биыл қыркүйек айында  елімізде 11 жастағы қыздарға адам папиллома вирусына қарсы вакцина салу жоспарланған.  Адам папиллома вирусына қарсы вакцинация үшін адам папиллома вирусының ең онкогенді түрлерінен қорғайтын АҚШ-тың 4 валентті "Гардасил" вакцинасы қолданылады. Адам папиллома вирусына қарсы вакцинация онкологиялық аурулардың, соның ішінде жатыр мойны обырының ауыртпалығын азайтады және жалпы халықтың денсаулық көрсеткіштерін жақсартуға, онкологиялық аурулардан болатын сырқаттанушылық пен өлім-жітімді төмендетуге ықпал етеді.

 

Оқылды 462 рет