Емхана екі корпустан тұрады, оларды байланыстыратын арнайы галерея жасақталып, пайдалануға берілген. Бұл шешім медициналық жабдықтарды, зертханалық және диагностикалық орталықтардың жұмысын тиімді үйлестіруге жағдай жасайды.
Сонымен қатар, Н.Асылбеков емханадағы 150-ден аса камерадан тұратын бейнебақылау жүйесінің жұмысын көріп шықты. Бұл жүйе шағымдардың алдын алуға, сапалы медициналық көмек көрсетуге және пациенттер мен медицина қызметкерлері арасындағы сенімді нығайтуға бағытталған.
2023-2024 жылдары біріңғай сенім орталықтарына түскен өтініштерді саралау нәтижесінде, емханаға қатысты шағымдар өткен жылмен салыстырғанда 12%-ға азайғаны анықталды.
Денсаулық сақтау басқармасының басшысы емхана жұмысына оң баға беріп, профилактикалық шараларды одан әрі күшейту бойынша нақты тапсырмалар жүктеді.