Алдымен науқастың бауыры жыртылуынан ішінен қан кетуін тоқтататын ота жасалды. Бауыр қызметі жақсарғаннан кейін ортопедиялық ота жасалып, аяқ сүйегінің сынғанына байланысты фиксация қойылды.
Сондай-ақ, тексеру барысында науқаста тромб анықталған. Тромбтың қауіптілігі операцияға қарсы көрсеткіш болғандықтан, тромбты тоқтату үшін науқастың тамырына кава фильтр орнатылды. Жергілікті дәрігерлер операцияларды сәтті жасап шықты. Көмек көрсетілген азаматтың қазіргі жағдайы жақсы.
«WWW.AQ-QARA.KZ» – ақпарат