Бейсенбі, 11 Маусым 2026 23:17

Сәулелік терапия кабинеттеріндегі радиациялық қауіпсіздік – ерекше бақылауда

Шымкент қаласы Еңбекші ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы сәулелік диагностика және терапия кабинеттерінде радиациялық қауіпсіздік талаптарын сақтау пациенттердің, медицина қызметкерлерінің және халықтың денсаулығын қорғаудың басты шарттарының бірі екенін ескертеді.

Радиациялық қауіпсіздік өндірістік радиациялық бақылауды ұйымдастыру, санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау, арнайы қорғаныш құралдарын қолдану және сәулелену деңгейін тұрақты бақылау арқылы қамтамасыз етіледі.

Сәулелік терапия және рентгенодиагностика кабинеттерін орналастыру мен пайдалану Қазақстан Республикасының санитариялық қағидаларымен реттеледі. Кабинеттер арнайы комиссияның тексеруінен өтіп, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау органдарының келісімінен кейін ғана пайдалануға беріледі.

Рентген жабдықтарын дұрыс орналастыруға, қорғалған есіктер мен терезелердің болуына, жеке қорғаныш құралдарын пайдалануға және қызметкерлердің дозиметриялық бақылауына ерекше назар аударылады. Медицина қызметкерлері жеке дозиметрлерді қолдануға міндетті, ал пациенттердің сәулелену дозалары міндетті түрде тіркелуі тиіс.

Санитариялық талаптарға сәйкес рентген кабинеттерін тұрғын үйлерде, балабақшаларда, мектептерде, сондай-ақ адамдар тұрақты болатын бөлмелермен жапсарлас орналастыруға тыйым салынады.

Шымкент қаласы Еңбекші ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы медициналық ұйымдар басшыларын радиациялық қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға және сәулелік зерттеулер мен терапия жүргізу кезінде қауіпсіз жағдайларды қамтамасыз етуге шақырады.

 

Шымкент қаласы Еңбекші ауданының  санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы 

Оқылды 60 рет