Осы атаулы мереке қарсаңында «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру» қорының Шымкент қаласы бойынша филиалында сала үздіктері марапатталды.
Денсаулық сақтау саласының дамуына және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің тиімді жүзеге асуына қосқан елеулі үлесі үшін бірқатар қызметкерлерге «AMANAT» партиясы атынан «Алғыс хаттар» табысталды.
Салтанатты рәсім барысында Қордың Шымкент қаласы бойынша филиалының директоры Сәуле Дүйсенбаева ұжым мүшелерін кәсіби мерекемен құттықтап, денсаулық сақтау саласы мен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің дамуында әр қызметкердің рөлі ерекше екенін атап өтті.
Іс-шара барысында денсаулық сақтау саласында көп жылдан бері жемісті еңбек етіп келе жатқан, өз міндетін жоғары жауапкершілікпен атқарып жүрген мамандарға марапаттар табысталды.
Жиын соңында Сәуле Дүйсенбаева барлық медицина қызметкерлеріне ізгі тілегін арнап, сала мамандарының қоғамдағы орны мен еңбегінің маңыздылығына тоқталды.
– Денсаулық сақтау саласы – үлкен жауапкершілік пен жанқиярлықты талап ететін маңызды сала. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің тиімділігі мен халыққа көрсетілетін медициналық қызмет сапасының артуы осы салада еңбек етіп жүрген мамандардың кәсібилігі мен жауапкершілігінің нәтижесі. Әрбір медицина қызметкерінің еңбегі құрметке лайық. Баршаңызды кәсіби мерекелеріңізбен құттықтай отырып, зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық және еңбектеріңізге толағай табыс тілеймін, – деді филиал директоры.
Марапат иелері алдағы уақытта да халық денсаулығын нығайту және медициналық сақтандыру жүйесін дамыту жолында нәтижелі еңбек ете бермек.