Жұма, 12 Маусым 2026 11:39

Шымкентте 800-ге жуық адам үшін МӘМС жарналарын мемлекет төлейді

Мемлекет жеңілдік санатына кіретін азаматтар үшін МӘМС жарналарын төлейді.

Бүгінгі таңда Шымкентте  1 290 180 адам бар.  Қала халқының 86 пайызға жуығы, яғни 800-ге жуық адам жеңілдік санатына кіреді. Яғни олар мемлекет белгілеген 16 категорияның біріне жатады. 

Атап айтқанда:

1. Балалар;

2. Жұмыс істемейтін жүкті әйелдер (соңғы екі айда олар үшін зейнетақы және әлеуметтік аударымдар төленбеген кезде);

3. Үш жасқа дейінгі баласының заңды өкілдерінің бірі – жұмыс істемейтін ата-ана;

4. Жүктілік және босану, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алу, бала (балалар) үш жасқа толғанға дейін оған (оларға) күтім жасау бойынша демалыста жүрген тұлғалар;

5. Мүгедектігі бар балаға күтім жасайтын жұмыс істемейтін тұлғалар;

6. Бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға күтім жасайтын жұмыс істемейтін тұлғалар;

7. Қазақстанның БЖЗҚ-нан зейнетақы төлемдерін алушылар, оның ішінде ҰОС ардагерлері;

8. Сот үкімі бойынша ҚАЖ мекемелерінде жазасын өтеп жатқан адамдар (ең төменгі қауіпсіздік мекемелерін қоспағанда);

9. Тергеу изоляторларында отырғандар, сондай-ақ қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылған жұмыс істемейтін тұлғалар;

10. Жұмыс істемейтін қандастар;

11. «Алтын алқа», «Күміс алқа» марапаттарын алған көп балалы аналар, бұрын «Батыр ана» атағын алғандар, сондай-ақ «Ана даңқы» І және ІІ дәрежелі ордендерімен наградталғандар;

12. Мүгедектігі бар адамдар;

13. Орта, техникалық және кәсіби, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі бөлімде оқитын адамдар (күндізгі бөлім студенттері);

14. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алатын жұмыс істемейтін тұлғалар.

15. Ресми түрде тіркелген жұмыссыздар (МӘМС туралы заңға енгізілген өзгерістерге сәйкес 2026 жылдан бастап олардың жарнасын әкімдіктер төлейді);

16. 2026 жылы МӘМС жүйесі жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен дағдарысты және шұғыл әл-ауқат деңгейі (Д және Е санаттары) бар және ресми түрде тіркелген жұмыссыздар жергілікті әкімдіктер есебінен сақтандырылатын болады. Республика бойынша 1 миллионға жуық адам қосымша қамтылмақ.

 

Жалпы  

Оқылды 55 рет