Бұлтуралы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» Шымкент қалалық филиалының директоры СәулеДүйсенбаева қалалық ақпараттық-коммуникациялық орталығында ткен брифинг барысында мәлімдеді.
– Қордың басты мақсаты – халықты сапалы әрі қолжетімді медициналық көмекпен қамтамасыз ету. МӘМС жүйесінде сақтандырылмаған әлеуметтік осал топтағы азаматтардың жағдайы ерекше бақылауда. Өздеріңізге белгілі, МӘМС туралы заңға енгізілген өзгерістерге сәйкес, биылдан бастап әлеуметтік әл-ауқат деңгейі бойынша дағдарыстық және шұғыл деңгейдегі (D және E санаттары) азаматтарүшін МӘМС жарналары жергілікті атқарушы органдардың есебінен төленеді. Яғни, бұл азаматтар медициналық көмекке жүгінген жағдайда олардың сақтандыру жарналарын төлеу міндеті жергілікті атқарушы органдарға жүктелген. Сонымен қатар, ресми жұмыссыз ретінде тіркелген азаматтар да жергілікті бюджет есебінен сақтандыру жүйесіне қамтылады, – дедіСәуле Дүйсенбаева.
Брифинг барысында сақтандырылмаған азаматтарды МӘМС жүйесіне тарту бағытында жауапты басқармалар тарапынан жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатқаны айтылды. Атап айтқанда, тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын күшейту, әлеуметтік мәртебесін нақтылау және сақтандыру жүйесіне қатысу мүмкіндіктерін кеңейту бойынша бір қатар шаралар қолға алынған.
Мамандар тұрғындарды өздерінің сақтандыру мәртебесін алдын ала тексеріп, медициналық көмекті толық көлемде алу үшін МӘМС жүйесіне уақытылы қатысуға шақырады.