Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға Алматы–Ташкент бағытындағы жолда болған. Ауыр жүк көлігін жөндеу жұмыстары кезінде көліктің баллоны жарылып, салдарынан жас азамат ауыр жарақат алған. Жарақаттың ауырлығына байланысты науқасқа алғашқы сағаттардан бастап жедел әрі кешенді медициналық көмек көрсетілді.
Жансақтау бөлімінің мамандары науқастың өмірлік маңызды көрсеткіштерін тұрақты бақылауға алып, қарқынды ем жүргізді. Дәрігерлердің үйлесімді жұмысының және уақытылы қабылданған медициналық шаралардың нәтижесінде науқастың жағдайы біртіндеп жақсарып, есін жиды.
Науқастың жағдайы тұрақтанғаннан кейін ол жедел нейрохирургия бөлімшесіне ауыстырылды. Мұнда мамандар консервативті ем жүргізіп, науқастың денсаулық жағдайын тәулік бойы бақылауда ұстады. Емдеу барысында оң динамика байқалып, қазіргі таңда науқастың жалпы жағдайы тұрақты.
Бұл жағдай №1 қалалық клиникалық аурухананың күрделі жарақат алған науқастарға шұғыл медициналық көмек көрсету бағытындағы мүмкіндіктерін тағы бір мәрте көрсетті. Аурухана мамандары жарақат алған науқастарды қабылдау, жансақтау, қарқынды терапия және нейрохирургиялық бақылау кезеңдерін өзара сабақтастықпен ұйымдастырып, медициналық көмекті бір орталықта жүргізуге мүмкіндік беріп отыр.
Аурухананың басты жетістіктерінің бірі – ауыр жағдайда түскен пациенттерге жедел медициналық көмек көрсетіп, олардың жағдайын тұрақтандыруға бағытталған көпсалалы мамандардың бірлескен жұмысы. Мұндай күрделі жағдайларда реаниматологтар, нейрохирургтер, травматологтар және басқа да бейінді мамандардың өзара үйлесімді әрекеті ерекше маңызға ие.
Медициналық ұйым ұжымы үшін әрбір науқастың өмірі мен денсаулығын сақтау – басты міндет. Осы оқиғада да дәрігерлер кәсіби біліктілігі мен тәжірибесін көрсете отырып, ауыр жарақат алған шетел азаматына қажетті медициналық көмектің толық көлемін ұйымдастырды.
Қазіргі уақытта 25 жастағы науқас дәрігерлердің тұрақты бақылауында. Емдеу шаралары жалғасып жатыр. Медицина мамандары оның денсаулығын қалпына келтіруге бағытталған қажетті емді әрі қарай жүргізуде.
№1 қалалық клиникалық аурухана ұжымы үшін мұндай нәтижелер – дәрігерлердің күнделікті еңбегі мен кәсіби жауапкершілігінің маңызды көрсеткіші. Ауыр жарақатпен түскен пациенттің өмірін сақтап қалу – медициналық көмектің уақытылы көрсетілуі мен мамандардың жоғары кәсібилігінің нақты нәтижесі.