«Біздің салып жатқан нысанымыз диагностикалық орталық саналады. Алдағы уақытта тұрғындарға консультативтік және емдеу-диагностикалық қызмет көрсету түрлерінің кең спектрін ұсынатын боламыз. Орталық замануи жоғары технологиялық медициналық жабдықтармен жабдықталады. Пациенттерге жоғары санатты дәрігерлер кеңес береді. Бұған дейін Шымкент, Түркістан қалаларына барып, тексеріліп жүрген аудан тұрғындары енді біздің орталықтан тексерістен өтуіне бар мүмкіндік жасалмақ», – дейді Сардар Шавкеев.
Шавкеевтер әулеті осыдан 3 жыл бұрын Жаңаауыл елдімекенінен өз қаражаттарына 150 орындық заманауи балабақша ашып берген болатын. Бүгінде ауыл тұрғындары балабақшаның игілігін көріп отыр. Қазірдің өзінде мұнда 150 бала тәрбиеленіп жатса, тағы 60 бала кезекте тұр. Осыны ескерген Сардар Бахтиярұлы сәуір айында балабақша жанынан 150 орындық мектепке дейінгі даярлық орталығының құрылысын бастап жіберіпті. Қазіргі таңда ғимараттың 2-қабаты қалануда. Аталған ғимараттың құрылысы алдағы желтоқсан айында аяқталады деп күтіліп отыр.
«AQ-QARA.kz»-ақпарат.