Сейсенбі, 26 Қараша 2019 16:30

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру: Түркістан облысында 74 медицина ұйымымен келісімшарт бекітті

Елімізде келер жылдың 1 қаңтарынан бастап қолға алынатын міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін түсіндіру жұмысы қарқынды. Қазір Түркістан облысынан құрылған ақпараттық топ барлық аудан-қала тұрғындарымен кездесіп, жобынаң жай-жапсарын насихаттау үстінде

Жаңа жүйе ең алдымен халыққа тиімді болмақ. Азаматтарға үлестірілетін тегін дәрі-дәрмектің ауқымы кеңеймек. Сондай-ақел тұрғындары үшін республиканың кез келген өңірінде тегін медициналық қызмет алуға мүмкіндік туады. «Екі жылдан бері түсіндіру жұмыстарын жүргізіп келеміз. Жобаның тиімділігін айттық» - дейді Түркістан облыстық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мұқан Егізбаев.

Мамандардың сөзінше, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап барлық қызметкерлер әлеуметтік медициналық сақтандырудың толыққанды қатысушысы болады. Сөйтіп, сапалы және қолжетімді медициналық көмекпен қамтамасыз етіледі. Ал жұмысқа ресми түрде орналаспаған, жеке кәсіпкер ретінде тіркелмеген азаматтар дербес төлем жасаушылар санатына жатады.

«Медициналық сақтандыру қоры кепілдендірілген көмек түрлерін көрсетуге құлшыныс білдірген 74 медицина ұйымымен келісімшарт бекіткен. Оның ішінде 34-і – жекеменшік клиника. Жұмыс кестеге сай жүріп жатыр. Бөлінген қаражат медицина мекемелерінің операциялық шығындарын өтеуге жеткілікті» - дейді М.Егізбаев.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Оқылды 631 рет