Жұма, 27 Наурыз 2020 22:28

Түркістан облысының медицина қызметкерлері күшейтілген тәртіпте жұмыс істеуде

Түркістан облысы Түлкібас ауданындағы «Шақпақ» бекетінде бүгін екі мыңға жуық азамат блок-постта дәрігерлер тексеруінен өтті.

 Кезекшілікте тұрған Ордабасы аудандық орталық аурухананың 5 қызметкері арнайы құрылғылармен азаматтардың дене қызуын көтеріп, дәрігерлік бақылау жүргізді.     

 Денсаулығы сыр берген адам тіркелген жоқ. Медициналық жедел-жәрдем бригадалары да сақадай-сай тұр. Жалпы, Түркістан облысында коровирус індеті тіркелген жоқ. Облыс бойынша коронавирусты инфекцияның алдын алу мақсатында емдеу сауықтыру мекемелерінің дайындығына қатысты және шетелдерден келген адамдарды категориялар бойынша бақылауға алудың күнделікті мониторингтік іс шаралары жүргізілуде.

Бүкіл әлемдік пандемиямен күресте дәрігерлердің еңбегі орасан екендігін атап өту қажет. Медицина қызметкерлері төтенше жағдай кезінде елдің амандығы үшін аянбай еңбек етіп, өз өмірлерін бәске тіккен халық қаһармандары.

   Еске сала кетсек, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев коронавируспен күресіп жатқан медицина қызметкерлеріне көмек көрсету туралы тапсырма берген еді. Осыған орай Үкімет басшысы Асқар Мамин мемлекеттік комиссияның отырысын өткізіп, онда арнайы шешім қабылдады. Аталған шешімге сәйкес медицина қызметкерлері жұмысының қауіптілігіне қарай 3-топқа бөліне отырып, олардың жалақысына үстемеақы қосылады.

Оқылды 488 рет