Жексенбі, 29 Наурыз 2020 11:54

Шымкент: Қоғамдық тамақтану орындарының қызметі сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін шектелді

Шымкент қаласы әкімдігі шаһар тұрғындарына коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу мақсатында 2020 жылдың 28 наурызында түнгі сағат 00:00-ден бастап қосымша шектеу шаралары енгізілгенін ескертті

Осы орайда, барлық мекемелер мен ұйымдардың, қоғамдық тамақтану орындарының қызметі сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін шектелді. Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты, Шымкент қаласындағы қоғамдық тамақтану орындарының кіреберістерінде клиенттердің температурасын бақылауға арналған байланыссыз тонометр болуы тиіс. Бұл қоғамдық орындардың қатарында кафе, мейрамхана, қонақүйлерде орналасқан тамақтану орындары, көше бойындағы фаст-фуд, кофейня, балмұздақ, құйылмалы алькогольдік және алькогольсіз сусындар сату орталықтары және т.б. ғимараттар бар. Егер аталған нысандарда санитарлық нормалардың талаптары орындалмаған жағдайда ҚАТАҢ ШАРА ҚОЛДАНЫЛЫП, ҚЫЗМЕТІНЕ ШЕКТЕУ ҚОЙЫЛАТЫНЫН ХАБАРЛАДЫ. Әрине, мұның барлық халықтың денсаулығына алаңдаушылықтан туындап отырған сақтық қадамдары екені анық.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Оқылды 560 рет