Бұған дейін хабарлағанымыздай, 8 сәуір сағат 21.15-тегі ресми мәлімет бойынша, Қазақстанда коронавирусты жұқтырудың жаңадан 9 оқиғасы анықталды . Оның ішінде 1 жағдай Түркістан облысында тіркелді. «Науқас бұған дейін вирус жұқтырған адаммен тығыз қарым-қатынаста болуына байланысты карантиндік стационарға жатқызылған болатын. ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына сәйкес одан зертханалық сынамалар алынды. Диагноз нақтыланып, аудандық жұқпалы аурулар бөліміне ауыстырылды. Қазіргі таңда науқастың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде. Бүгінде науқаспен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда. Ауру ошақтарында эпидемиологиялық тексеру, дезинфекциялық жұмыстар жүргізіліп жатыр», - делінген Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы ұсынған мәліметте.
Бүгінге дейін Түркістан облысында COVID-19 коронавирус инфекциясын жұқтырған жалпы 34 адам анықталды: Жетісайда – 14, Ордабасыда – 2, Сайрамда – 2, Мақтааралда – 4, Сарыағашта – 1, Кентауда – 5, Арыста – 6 адам.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.