Аса жауапкершілікпен сақтық шараларын мұқият сақтау керектігі де қайта-қайта ескертіліп, барлық жерлерде түсіндіру жұмыстары жүргізілуд Аталған індеттің таралуына тосқауыл қою мақсатында Түркістан облысы, Бәйдібек ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен алдын алу шаралары атқарылуда,-деп хабарлайды Бәйдібек ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Атап айтсақ, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы аудандағы атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасылар мен төмен отбасыларға 5000 дана, халыққа қызмет етіп жатқан мекемелер мен індетке қарсы жұмыс жасап жатқан ұйым қызметкерлеріне және тұрғындарға барлығы он мыңға жуық бетперделер тегін таратылды.
Айта кетейік, өткен аптада аудандағы бірқатар кәсіпкерлердің ұйымдастыруымен аудандағы көп халық шоғырланған орындар мен көшеде жүрген азаматтарға және әлеуметтік аз қамтамасыз етілген отбасыларға Жастар орталығы мен еріктілер 2500 дана тегін маска таратқан болатын. Бұл жұмыс алдағы уақытта да жүзеге асатын болады.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.