Қазіргі таңда, тәулік бойы жұмыс атқарып жүрген дәрігердің дені медициналық мекемелермен қоса блок-бекеттерде де азаматтарды тексерістен өткізуде. COVID-19 коронавирус инфекциясының кең таралуының алдын-алу мақсатында Түркістан облысы аумағында блок-посттар қойылған. Онда сырттан келген барлық көліктер мен адамдар тиісті мамандардың тексеруінен өтіп, арнайы тізімге алынады. Бұл аурудың алдын-алу мен вирус жұқтырғандар анықталған жағдайда олармен байланыста болған адамдарды анықтап, оқшаулау жұмыстарына өз септігін тигізуде. Блок-пост жұмыстарына жергілікті полиция мен медицина мамандары және әскери қызметкерлер жұмылдырылған.
Осыған орай, Жергілікті тұрғындар мен кәсіпкерлер блок-посттардағы мамандарға алғыс ретінде ыстық тамақ пен азық-түліктер апарып, алғыстарын білдіруде.
"Осындай кезеңде күн-түн демей қызмет жасап, халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп жатқан қызметкерлер қандай құрметке болса да лайық. Біз де өз кезегімізде оларға барынша қолдау білдіріп, алғысымызды айтамыз",-дейді Бәйдібек ауданының белсенді жас маманы Көрікбаев Жамбыл.
Жалпы Түркістан облысының аумағында барлығы 58 блок-пост қойылған. Ондағы мамандар ауысыммен 24/7 режимінде жұмыс жасауда.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.