Жұма, 10 Сәуір 2020 20:21

Түркістан: Дертке шалдыққандардың жағдайы тұрақты

Түркістан облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 34 адам бар. Қазіргі таңда науқастар дәрігер бақылауына алынды. Олармен қарым-қатынаста болған азаматтардың барлығы оқшауланды.

Коронавирусты инфекция тіркелгендердің қатарында  2 жағдай Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларынан келгенгендер.  Ал 2 оқиға  Шымкент қаласынан анықталған науқаспен қарым-қатынаста болған. Қалған 30 азамат осы вирус тасмалдаушылармен байланыста болған. Барлық ошақтарда дезинфекциялық залаласыздандыру жұмыстары жүргізілді.  Қазіргі таңда  қарым-қатынаста болған адамдар  оқшаулауға алынып, дәрігерлік бақылауда. Жағдайлары қанағаттанарлық дейді, жауапты мамандар.

 «Бүгінгі күні инфекция жұқтырған аурулардың жалпы жағдайы қанағаттанарлық деп айтуға болады. Қарым қатынаста болғандардың барлығы оқшауланып, тиісті дәрежеде дизинфекциялық шаралар жасалынды. Көптеген обьектілерге шектеу қойылды. Бүгінгі күнде тек азық түлік дүкендеріне ғана рұқсат бар. Азық-түлік базарларға  сағат 5-ке дейін рұқсат етілген.  Жанар-жағармай бекеттері мен дәріхана тоқтаусыз тәулік бойы. Бірақ дезинфекциялау шараларын күшейту жүктелген»,-дейді Түркістан облысы  Тауарлар мен көрсетілетін  қызметтердің сапасы  мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Алдарқұл Ахметов.

Қазіргі таңда өңіріздің  14 елді-мекенінде  33 блокпост жасақталған.  Сақтық шаралары жіті бақылауда. Залалсыздандыру жұмыстары жүріп жатыр. Түркістан қаласы бойынша еліміздегі төтенше жағдайды ескермеген 43 әкімшілік құқық бұзушылық хаттамалар толтырылып, сотқа өткізілді. Оның  39-сіне айыппұл салынып, 4 тұлға қамауға алынды.

 «AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

 

 

Оқылды 539 рет